Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Заңсыз жолмен, некесіз.

Мақсатым менің ардақты.

Ендеше, жібек тұзаққа

Түсірсін шіркеу біздерді,

Қаймығып, тек сен бұлқынба,

Бауынан өзім тартайын.

Көнбесең егер, Олалья,

Ант етем, әулиелер атымен,

Монахтыққа кетемін,

Тәрік қып мына түкпірді.

Осымен бақташы әнін айтып та біткен-ді, сол арада Дон Кихот одан тағы бір ән айтуын сұраған, бірақ ән тыңдағаннан гөрі ұйқы соққанды қош көрген Санчо Панса қарсы шықты.

— Тақсыр, қоналқалық орын сайлайтын мезгіліңіз де боп қалды емес пе. Бұлар күні бойы әбден сілесі қатқан жандар ғой, түнде ән салу қайда оларға! — деді ол қожайынына.

— Сенің жағдайыңды түсініп отырмын, Санчо, — деді Дон Кихот оған. — Торсыққа қарай әрлі-берлі жортуылдың өтемі музыка емес, ұйқы екені әбден ұғынықты.

— Құдай-ай, әр кәллада бір қиял деген-ау! — деп дауыстап қалды Санчо.

— Солай екені рас, — деді Дон Кихот. — Сонымен, сен өзің қош көрген жеріңе жайғасып жата бер, ал енді маған, таңдап алған кәсібімнің ерекшелігін еске алғанда, ұйқтағаннан гөрі сергек болған көбірек жарасатын секілді. Солай бола тұрғанымен, Санчо, құлағымдағы таңғышты тағы бір жаңартып бергеніңнің саған еш жамандығы болмас еді, себебі ауруы шыдатпай барады.

Санчо таңғышты ауыстыруға ыңғайланған кезде бақташылардың бірі жарақатты қарап шығып, атқосшыға әуреленбей-ақ қойса да болатынын, себебі өзінде оны жедел жазып шығаратын дәрі барын айтты. Айнала-маңда розмарин қаулап өсіп тұрған-ды, бақташы содан екі-үш жапырақ жұлып ап, шайнап жұмсартты да, тұзға былғап алғаннан соң құлаққа әкеп жапсырды. Сосын, жараны асқан ептілікпен таңып берген соң, бұған енді басқа ем керек емес деп мәлім етті, айтса айтқанындай, кейін солай болып шықты да.

ХІІ тарау

Әлдебір бақташының Дон Кихоттың жанындағыларға айтып бергендері жайында

Осы арада деревнядан азық-түлік таситындардың бірі қайтып оралып:

— Достар! Деревняда нендей оқиға болғанын білесіңдер ме? — деп сұрады.

— Оны қайдан білейік! — деп үн қатты бақташылардың бірі.

— Білмесеңдер біліп қойыңдар, — деді анау сөзін жалғап, — бүгін таңертең Хризостом есімді баршаға мәлім бақташы-студент қайтыс болды, жұрттың айтуынша, Гильермо байдың қызына, әлгі ана бақташы боп киініп, тау-тасты кезіп қаңғып жүретін Марсела деген сепелекке ғашықтықтан баз кешкен көрінеді.

— Марселаға деймісің? — деп қайталап сұрады біреу.

— Иә, Марселаға, — деді бақташы нықтап. — Бірақ, бәрінен ғажабы, ол өзін, құдды бір маврға ұқсатып, жартастың етегіндегі ашық далаға, әлгі тұма жанындағы емен өсіп тұрған маңайға жерлеуге өсиет етіпті, өйткені, жұрттың айтуынша, тіпті мұны өз аузынан естігендер де бар деседі, ол қызды тұңғыш рет сол жерден жолықтырған көрінеді. Ол бұдан басқа да бір нәрселерді өсиет етіпті, бірақ жергілікті дін басылары марқұмның тілегін орындауға болмайды, тіпті оны орындаудың да еш қисыны жоқ — бұдан мәжусилік нышаны сезіледі, депті. Ал, марқұмның айрылмас досы, онымен бірге бақташы боп киініп жүретін студент Амбросьо болса Хризостомның өсиеті сол қалпында бұлжытпай орындалуы керек дегенді айтыпты, осыған байланысты деревня у-шу болып жатыр. Дегенмен, егер қауесетке сенер болсақ, Амбросьо мен оның бақташы достары айтқан сөздерінде тұрып, ертең айрықша салтанатпен Хризостомды жерлеуге далаға алып шығатын тәрізді. Менің ойымша, мұны барып көрген жөн секілді — егер ертең тағы да азық-түлікке аттануыма тура келмесе, өз басым, әйтеуір, соған қалайда баруға тиіспін.

— Өй, жерлеуге біз де барамыз, — деп іліп әкетті бақташылар, — тек әуелі ешкіні кім күзетерін білу үшін жеребе тасталық.

— Мынауың жөн сөз, Педро, — деп мақұлдады бақташылардың бірі. — Ал, енді сендер босқа әбігер болмай-ақ қойыңдар — сендер үшін отарды мен-ақ күзетейін. Бірақ мені ақпейіл немесе ештеңеге қызықпайтын біреу екен деп ойлап қалмаңдар, оның себебі бар — жуықта аяғыма тікенек кіргізіп алғам, содан аяғымды баса алмай жүрмін.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий