Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Кезбе рыцарьлық деп аталатын құрылымның қаншалықты ізгілікті екенін және оның мүддесіне хал-қадарынша қызмет етіп жүргендердің мейлінше қысқа мерзімде, тіпті кез-келген минутта, көпшіліктің сый-құрметіне бөлене алатынын ұғынуың үшін, Санчо, сені мына ақпейіл адамдармен бірге өз қасыма отырғызғым келіп тұр, — мен, өзіңнің қожайының әрі туа-бітті сеньорың және сен, атқосшым, — екеуіміз бір ыдыстан ас жеп, бір құтыдан сусын ішетін боламыз, өйткені, әдетте сүйіспеншілік жайында айтылатын: жалғанда ол теңгермейтін ештеңе жоқ, дейтін сөзді кезбе рыцарьлыққа да бағыштауға болады.

— Мың да бір рақмет, — деді Санчо, — алайда, тақсыр, сізге мынадай жайды айтуға тәуекел етіп тұрмын: егер де жейтін бірдеңем болса, оны түрегеп тұрып-ақ және өзіммен өзім жападан-жалғыз тұрып-ақ, бейне императормен бір дастарқанда отырып тамақ жегендей, тіпті одан да зор сүйсініспен жеген болар ем. Ал енді күлбілтені қойып ашығын айтсам, мен, әрине, қонақта отырып күркетауық етін жегенше, — ол жерде тамақты асықпай шайнауың керек, әлсін-әлі аузыңды сүртіп қоюың керек, шарапты қорғалақтай ішуің керек, түшкірмеуге, жөтелмеуге, яғни, еркіндік пен оңашалық ерік беретін басқа да бірдеңелерді істемеуге тиіссің, — сөйтіп күркетауық етін жегенше дейім-ау, тәлімсімей-ақ, қысылып-қымтырылмай-ақ үйде отырып пияз бен нанды соғып алғанды жөн көрген болар ем. Сондықтан, мархабатты мырзам, кезбе рыцарьлыққа азды-көпті қатысы бар және оған қызмет көрсетіп жүрген адам ретінде, оған қоса, тақсыр, өз атқосшыңыз ретінде маған көрсетпекке ниет қылған сый-құрметіңізді әлденендей бір кіріс кіретін әрі пайдалы нәрсемен айырбастағаныңыз жақсы болар еді. Ал, енді сый-құрметіңіз үшін сізге әбден ризамын, бірақ одан мәңгі бақиға бас тартамын.

— Қалай болған күнде де, саған отыруға тура келеді, өйткені өзін-өзі қор еткенді, құдай зор етеді деген ғой.

Дон Кихот Санчоны қолынан тартып, қасына отырғызды.

Бақташылар кезбе рыцарь дегеннен де, оның атқосшысы дегеннен де хабары жоқ жандар еді, — бұның бәрі олар үшін балдыр-батпақ сөз болатын, — сондықтан олар үнсіз ғана тамақтарын ішіп, ешкі етінің жұдырықтай-жұдырықтай кесектерін кереметтей шабытпен әрі сүйсіне қылғытып жатқан қонақтарына көз тастап қойып отырды. Ет желініп болғаннан кейін лашық иелері бөстекке тау-төбе ғып шошқа жаңғақ төгіп, әк тастан жасалғандай қатты дөңгелек сүтсірненің жарты бөлігін әкеп қойды. Ал бұл кезде құты да сапарын жалғастырып жатқан болатын: су шығаратын машинаның шелегіне ұқсап біресе толы, біресе бос күйінде жиі-жиі шеңбер аралап жүргендіктен бақташылар шығарған екі торсықтың бірін қиналмай-ақ түгесіп тастаған. Тамаққа жақсылап тойған Дон Кихот бір уыс жаңғақ алып, соған зер сала қарап біраз отырғаннан кейін былай деп сөйлеп кетті:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий