Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Оның жарымес екені сол арада жұрттың бәріне аян болды, бірақ ақылы неден ауысқанына көзін әбден жеткізу үшін Вивальдо оған тағы бір сауал тастап, кезбе рыцарь дегендердің кім екенін сұрады.

— Мархабатты мырзалар ағылшын тарихының шежіресімен таныс емес пе еді? — деп Дон Кихот қарсы сұрақ қойды. — Бұл шежіреде өзіміз кастильдік тілімізде Артус деп атап жүрген король Артурдың айтулы ерліктері жөнінде баяндалады ғой және ол жайында бүкіл Британ корольдігінде кең тараған ежелгі аңыз-әңгіме де бар. Сол аңызда: әлгі король өлмеген көрінеді, арбаушылық амал-айламен оны қарғаға айналдырып жіберіпті, сондықтан кезі келгенде ол қайтадан король кейпіне еніп, тәжі мен аса таяғына қайта ие болады екен, делінеді; осы себепті сол уақыттан бастап әлі күнге шейін бір де бір ағылшын қарға өлтірмеген көрінеді. Міне, тап осы ізгі ниетті корольдің тұсында атышулы Дөңгелек Үстел Рыцарьларының ордені құрылған болатын, ал Көл Рыцары Ланцелот, әлгі аңыздың айтуына қарағанда, дәл осы мезгілде королева Джиневраға өлердей ғашық боп қапты, ол екеуінің арасында жеңгетай әрі делдал болып сарай ханымы, қадірменді Кинтаньона жүріпті, — күні бүгінге шейін күллі Испания айтып жүрген баршаға мәлім романс та осыдан төркіндеп жатыр:

Өзінің туған жерінен

Келіп жеткен Ланцелотты,

Сүйкімді сұлу арулар

Құшақ жайып қарсы алды.

Одан әрі оның ғашықтық қызық-шыжықтары мен көзсіз ерліктері мейлінше нәзік те биязы бояулармен бейнеленеді. Сөйтіп, сол заманнан бастап осынау рыцарьлық орден аз-аздан кеңейе беріп, кеңейе беріп, ақыры неше алуан мемлекетті қамтыды және осы орденнің аясында көптеген рыцарь ерекше ерліктеріне орай даңқ пен құрметке бөленді; олардың қатарында ержүрек Амадис Галльский, оның балалары мен бесінші буынға дейінгі немере, шөбере, шөпшектері, айбынды Фелисмарт Гирканский, лайықты бағаланбаған Ақ Тирант және, сондай-ақ, жеңілуді білмейтін жау жүрек, өзіміз күні кеше ғана жүздесіп, даусын естіп, таяуда ғана өзімен тілдескендей көрінетін рыцарь дон Бельянис Греческий бар. Кезбе рыцарь дегеніміз және әлгінде хабардар болғандарыңыздай, өзім де қатарына жататын, жаңағы аталған рыцарьлар берген сертті, күнәкар пенде, өзім де берген рыцарьлық орден дегеніміз, міне, осындай, сеньорлар. Тағдыр өзіме тап қылар ең ауыр да қиын сынақты қаһармандықпен әрі мейлінше шыдамдылықпен бастан өткеруді, қаріп-қасерлер мен нашарларды қорғауды ниет етіп, шытырман оқиға іздеу мақсатымен осынау қу медиен түкпірге аяқ басқан жайым бар.

Дон Кихоттың ақылы ауған адам екеніне және оны ақылдан адасудың дәл қандай түрі меңдегеніне серіктерінің енді еш шүбәсі қалмады, сондықтан онымен ертерек танысқандардың да, алғаш кездесіп тұрғандардың да бұның бәріне таңырқамас шамасы болмады. Хризостомды қоятын жерге, бақташылардың айтуынша, онша көп қалмаған, осы себепті қалған жолды көңілдірек өткізу үшін сайқымазақ әрі қалжыңбас Вивальдо рыцарымызды одан бетер өрекпітуге оқталды. Сол үшін оған былай деп тіл қатты:

— Менің түсінігімше, сеньор кезбе рыцарь, өзіңізге өзіңіз өте бір қатал серт берген секілдісіз, — тіпті картезиандық монахтардың серті де онымен салыстырғанда маған онша қатаң көрінбейді, — дегенді айтты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий