Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Олармен сыпайы сәлемдескеннен кейін Дон Кихот пен серіктері зембілге қарай жақындап, Хризостомға көз тікті: үстіне бақташылар киімін киген ол гүлге оранып жатыр еді, түріне қарап оны отызда деп шамалауға болатын; жансыз өлік болса да әліге дейін келбеттілік пен биязылық нышанын сақтап жатыр екен, шамасы, көзі тірісінде осындай қасиетке ие болғаны ғой. Бірнеше кітап және көптеген қолжазба, кейбірі шиыршықталған қалыпта, кейбірі тарқатылып жазылған күйінде оның жан-жағына зембілге жайылып қойыпты. Марқұмға көз тігіп қалғандар да, қабір қазып жатқандар да, жалпы осы араға жиналғандардың бәрі қастерлі үнсіздік сақтап тұрған-ды, бір мезгілде марқұмды осы жерге алып келгендердің бірі екіншісіне қарап:

— Ақыры Хризостомның барлық өсиетін бұлжытпай орындауға ниет қылған екенсіздер, ендеше, Амбросьо, дұрыстап қараңызшы, оның айтқан жері шынымен осы ара ма? — деді.

— Осы ара, — деп жауап қатты Амбросьо. — Бақытсыз достым бастан кешіп жүрген машақаттары жайында осы арада менімен жиі сыр бөлісетін. Айтуынша, Марселаны тұңғыш рет ол осы жерден кезіктірген, адамзат баласының осынау қас жауына осы жерде алғаш рет пәк те ыстық ынтызарлығын паш еткен және тап осы арада соңғы рет Марсела оған жеркеніш білдіруі арқылы көңілін жер қылып, бұның ақыры оны өкініш толы өмірінің трагедиясын тәмамдауға итермеледі ғой. Сөйтіп, осынау қайғы-қасіретке естелік болсын деп, қара жердің қойнына өзін тап осы жерде тапсыруымызды қалады.

Соны айтып Амбросьо Дон Кихот пен оның серіктеріне қарай жүзін бұрды:

— Өздеріңіз осынша аяушылықпен көз тігіп тұрған бұл дене, сеньорлар, сансыз көп ізгі қасиет дарыған жанның отауы болып еді, — деп сөзін сабақтады ол. — Бұл — Хризостомның денесі, ол ерен ақыл-ой иесі еді, әдептілік жағынан оған ешкім теңдесе алмайтын, шамадан тыс кеңпейіл, шектен тыс кішіпейіл, достыққа әрдайым адал, тәкаппар болғанымен менмендігі жоқ, қай істе де, жақсы мағынада айтқанда, өнегелі, — қысқасы, рақымды жандардың ішіндегі ең рақымдысы және бақытсыздығы жағынан алдына жан салмаған адам болатын. Иә, ол ынтық болды, бірақ ықылас таппады, ол жақсы көрді, сол үшін жеркенішке ұшырады. Ол жабайы аңнан жанашырлық іздеді, сезімнен жұрдай мәрмәрді жұмсартпаққа талпынды. Ол желдің соңынан жүгірді, шөл далада шыңғырды, қайырымсыздыққа қызмет қылды, сөйтіп осының бәрінің өтемі үшін бақташы қыздың қырсығынан қыршын жаста ажалға азық болды; бұл қыздың есімін жұрттың жадында мәңгіге қалдыруға талпынған еді ол, оған куә мына қолжазбалар, бірақ маған бұларды өзін жерлеп болған соң отқа жағуға әмір етіп кетті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий