Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Құтырған желдің гуілін, арыстанның

Ақырғанын, жарғанаттың шиқылын,

Жесір қалған көгершіннің гүркілін,

Байғыз үнін үрейлі, һәм ысқырған

Жын-шайтанның зәрені алар зіркілін —

Бәрін соның бір үнге сыйыстырам.

Айтпай келген тәмам жұрттан жасырып

Қайғы-зарым сонда сөйлеп береді,

Қатыбастығыңды елге жария етуге

Осындай ғана амал шығар, керегі.

Зәрезеп болып тіксін де құлақ,

Тірі сөздерге өлі ауыздан шыққан:

Жайылмайтын қайраңға құмақ,

Суы мол Тахо, баяу ғана ыққан,

Зәйтүн ормандағы ежелгі Бетис,

Теңіз жағасы, дауыл ойнақтаған,

Тұман басқан шыңдары таудың,

Шатқалдар, сәуле бойлатпаған,

Жан баспаған жынысты орман,

Улы жыландар жүрген қаңғырып,

Ливияның ыстық шөл даласы.

Үзілген үмітім жайында жаңғырық

Табиғатқа тілсіз паш етсін бәрін,

Зарыма әлем құлағын салсын,

Жабайы хайуанаттар да қайғыма менің

Аяушылық білдіріп, аһ ұрып қалсын.

Жек көру жетер түбімізге; ажырау

Ауыр қасірет келгендей бізді қорқытар;

Мазаны алып сенімсіздік шектен тыс,

Қызғаныш жүрек сорғытар;

Шығарып естен, біржола бәрін ұмыту

Үміт шырағын өшірері анық мәңгілік.

Бәрі осының — өлімнің айқын нышаны,

Өлім, бірақ, жырақ жүр мені таң қылып.

Жек көру мен сенімсіздік, қызғаныш,

Қол үзу мен ұмыту да маған таң емес,

Күйіп барам махаббаттың отына,

Көп болғанмен азабы, бірақ, құр елес

Үміттен де арылу қиын біржола, —

Үзіліп күдер, өкініп бармақ тістеймін,

Өршуі үшін өкініш-күйік іштегі,

Көрмеске оны өзімді-өзім күштеймін.

Жөн бола ма бой алдырған бір демде

Үрей менен үмітке? Жүректегі жарадан

Аспандағы күннен де айқын һәм анық

Опасыздықты көріп тұрсаң, не шараң

Қалар сенің торықпасқа, қамығып?

Сүймейтінін білсең анық қанығып,

Билемесін үрейдің бекер бойыңды

Сезсең егер, өміріңде мән қалмай,

Тірі өлікке айналсаң құр сандалбай,

Ұят емес пе, қорлыққа батып күн сайын

Өтірікпенен алдарқату ойыңды?

Беу, қызғаныш пен жек көру, екі тажал,

Зұлымдығын бұлардың тия алмаймын!

Арқан не қанжар бер деп жалынамын,

Тағдырдың тәлкегіне бағынамын,

Өксікке тап болғаннан артық ажал.

Маған қиын өлу де, өмір де өте көңілсіз.

Мәлім және бас ілгенім құрыққа,

Жалтаруға одан, бірақ, құлқым жоқ.

Жиегінде қабірдің енді тұрып та,

Білемін, бақыт сыйлағанын махаббат:

Іңкәрлік қана, салса да ауыр азапқа,

Жер бетіндегі жалғыз жаннат біз үшін.

Ымыраға келмесең де, мазақтап,

Сүйкімді қыз жоқ екенін әлемде,

Әділ қазы Амурдың жөн екенін жобасы,

Енді білдім — кінәлімін өзім бәріне.

Сенімді осы серік қып, ертелетіп дөң асып,

Кете барам, жек көруің жетелеп,

Өлімге бастап алып барар жолымен.

Қызықтардан жердегі, дәмесі жоқ руқым

Бұл жалғаннан жоғалады сонымен.

Жосықсыз тірлігіме жөнсіз үкім

Шығарғаным дұрыс болған шығар, бәлкім,

Әділетсіздігің соны көрсетті ғой ақыр;

Бірақ бұл үшін саған айып тақпайды,

Осы арадан мәйіті табылар пақыр:

Бақыт кешіп өлді ол, бақытсыз өмір сүрсе де.

Алдыңда сенің жансыз денем жатыр,

Көзіңнен мөлдір төге көрме жас.

Жылама жалған өкінішпенен, сүйіктім, —

Көп нәрсені жолыңа құрбан еткенім рас,

Керегі жоқ, бірақ, кеш келген сыйлықтың.

Жоқ, сен езу тарт, дәлелде маған,

Ұнамды екенін өлімімнің саған.

Бұған жұрт, сірә, таңғалмас тіптен:

Біледі ғой тілегіңді баяғыдан олар,

Өмірмен тез қош айтысқанымды күткен.

Иксион да, шеңберіне керілген,

Сизиф те, тасын өрге қарай итерген,

Күнәлары үшін пайдасыз іске жегілген

Данаидтар да, Тантал да, жылап егілген

Шөлі қанбай, ортасында судың тұрса да,

Титий де, қарынын темір тұмсықпен

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий