Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ешкі бағушылармен және Хризостомның жерлеуіне қатысқан басқа да адамдармен қоштасқан бойда-ақ Дон Кихот атқосшысымен бірге бақташы қыз Марсела бой тасалаған орманға қарай бет алды, деп әңгімелейді данагөй Сид Ахмет Бен-Инхали. Екі сағаттан астам уақыт іздегендерімен қызды таба алмаған олар орманды әрлі-берлі шарлап ештеңе өндірмеген соң, ақыр аяғында мөлдіреген қайнары дыбыссыз бұлаңдай ағып жатқан көк орайлы жазыққа шықты, бұл ара жолаушыларды қоңыр салқын лебімен баурап, түс кезі болғандықтан кереметтей ысып кеткен күннің бойды талмаусыратқан аңызақты шағын осы арада өткізуге шақырып тұрғандай еді. Дон Кихот пен Санчо көліктерінен түсіп, Росинант пен есекті шалғында еркін жайылуға қоя бергеннен кейін, қоржындарын ортаға алды, одан соң қожайыны мен малайы, мардымсымай, тып-тыныш қана отырып қолда бар азықтарымен жүрек жалғауға кірісті.

Росинантты шідерлеу Санчоның ойына да келмеген — одан ешқандай қитұрқылық күтпейтін және онысы дұрыс та еді: осы кезге шейін бұл желігу дегеннің жұқанасын да сездірмеген өте жуас мақұлық болатын, тіпті Кордово жайылымдарындағы барлық бие жиналып келсе де селт етпейтіндей көрінген. Алайда тағдыр мен әр кез бірдей қалғып-мүлгіп отыра бермейтін шайтан екеуінің тізе қосып айдауының нәтижесінде янгуастық жылқышылар дәл сол алқапқа калисиялық бие табынын қуалап жетіп те қалған-ды, ал бұлар түскі астарын шөбі шүйгін, суы мол жерде отырып ішуге әдеттенгендіктен, Дон Кихот орналасқан маңай оларға өте бір оңтайлы көрінген. Міне, тап осы арада, күтпеген жерден, Росинанттың бикеш биелерге қырындауға ынтығы оянып кеткенін көрмеймісің; әлгілердің иісін сезгені сол-ақ, қожайынынан кеңшілік сұрауды да ұмытып, әдеттегі мінезі мен дағдысына да пысқырып қарамай, қажетін өтеуге құлшынып ойнақтай басып жорта жөнелді; бірақ биелердің, шамасы, одан гөрі шүйгін шөпке ықыласы басымырақ болса керек, бұны қос аяқтап теуіп, тістеп, маңайына жуытпады; оңдырмай тепкендері сонша, ә дегенше айылын үзіп жіберді де, ері жерге сыпырылып түсіп, арқасы жалаңаш қалды. Биелеріне ашықтан-ашық зорлық жасалып жатқанын байқаған жылқышылар сойылдарын алып жетіп келді де, мынау мүлдем суқаны сүймейтін істі бастап, оңдырмай соққылап, ақырында бұл бейбақ шала-жансар күйде жерге тырайып түсті.

Осы сәт Росинантты соққыға жығып жатқандарын көрген Дон Кихот пен Санчо да оған қарай жан ұшыра жүгірді.

— Бұлардың рыцарь емес, құл-құтан, қара көбейтіп жүрген міскіндер екені мәлім болды, достым Санчо, — деді Дон Кихот. — Мұны айтып тұрған себебім, маған қол ұшын беруіңе, сөйтіп Росинантқа көз алдымызда жәбір көрсетуден тайынбаған зұлымдықтары үшін олардан заңды түрде кек қайтару жолында қайрат жұмсауыңа толық қақың бар.

— Қайдағы кекті айтып тұрсыз, тақсыр! — деп айқайлап жіберді Санчо Панса. — Олардың қарамы жиырмадан астам, ал біз бар-жоғы екі адамбыз, дәлірек айтқанда — бір жарым ғанамыз!

— Менің бір өзім жүз адамға татимын, — деді Дон Кихот келіспей.

Соны айтып, көп ойланып тұрмастан семсерін суырып алды да янгуастықтарға тап берді, оның бұл әрекеті еліктіріп-желіктірген Санчо Панса да сөйтті; Дон Кихот сол алғашқы ұмтылыста-ақ бір жылқышының теріден тігілген шолақ кафтанын иығының едәуір бөлегімен қоса шауып түсірді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий