Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Кімнің басына қандай тақсірет түспесін, одан шығар жолды тағдырдың өзі тауып береді, — деп ескертті Дон Кихот. — Мұны айтып тұрғаным, сенің жануарың бұл жолы маған Росинанттың орнына әдетке жарап, жарақатымды емдеп жазуға көмек беретін әлдебір қамал-сарайға алып бара алады. Ал, мұндай мініс көлігіне отыру маған қорлық саналмайды, өйткені, бір жерден оқығаным есімде, әрдайым көңілді әзіл-оспақ құдайының тәрбиешісі әрі ұстазы боп табылатын мейірімді Силен қария жүз қақпалы қалаға бір керемет есекке мініп кірген болатын және одан дәнеңесі кетпей, өзін өте жақсы сезінген-ді.

— Иә, иә, өзіңіз айтқандай, тақсыр, ол әйтеуір мініп кірген ғой, — деді наразы Санчо. — Ерде отыру бір басқа да, қапшық толы жаңқа құсап ерде көлденең жату бір басқа ғой.

Бұған Дон Кихот былай деп жауап қатты:

— Айқаста алған жарақат абыройды төкпейді, керісінше абыройды асырады. Сондықтан, достым Санчо, менімен босқа айтыспа, тағы да қайталап айтам, күшіңді жи да орныңнан тұр, сосын мені есекке патша көңілің қалай қаласа солай орналастыр, — қараңғы түсіп кетіп, мына құла түзде қалып қоймай тұрғанда қозғалуымыз керек.

— Ана жолы айтқаныңыз қайда, мейірімді мырзам, — деп қарсылық білдірді Панса, — адам мекен етпейтін қу медиен далада жыл бойы дерлік түнеу — кезбе рыцарьлардың үйреншікті әдеті және мұны олар өздеріне үлкен олжа санайды деп.

— Бұл басқа істейтін амалдары қалмаған кезде немесе өздері біреуге ғашық болған кезде ғана ұшырасатын жағдай, — деп жауап қатты Дон Кихот. — Шынында да, сондай бір рыцарь өткен, ыстыққа да, салқынға да, дауылға да қарамай, жартас басында тұрған да қойған, ал жүрегінің әміршісі бұдан мүлдем бейхабар болған. Әлгі атышулы Амадис те, өзінің атын Қапалы Сері деп өзгертіп, сегіз жыл ма әлде сегіз ай ма, дәл есімде жоқ, Жұпыны Жартасқа барып жападан-жалғыз жатып алады, — қысқасы, ол жүрегінің әміршісі Ориананың алдында әлденеге айыпты боп қалады да, өзін өзі епитимьяға22 мәжбүрлейді. Жә, жетер бұл жайындағы әңгімені осымен доғарайық, Санчо, жолға шығатын кез болды, әйтпесе, кім біледі, есекке де Росинанттың басына түскендей тақсірет тап боп жүрер.

— Ол да ғажап емес! — деп үн қатты Санчо.

Отыз рет ойбайлап, алпыс рет ауыр күрсініп, жүз жиырма рет осы қырсыққа ұрындырған жанды сыпырта сыбап және оның басына осынша мәрте қарғыс жолдап, ол ақыры орнынан көтерілді, бірақ бойын енді түзей бергенде қадалған шаншу оны түрік пиязы сияқтандырып бүкшитті де салды, содан көпке дейін оңала алмады. Осындай ақиретті бастан кеше жүріп ол әйтеуір әзер дегенде есегіне, — ол да бұл күннің бөлекше оқиғаларынан азды-кем есеңгіреп қалған-ды, — жүген тақты, сосын Росинантты орнынан тұрғызды, — егер арыз айтарлық мүмкіндігі болса, бұл өнерден ол Санчо Пансаны да, қожайынын да далада қалдырған болар еді. Ақыр аяғында Санчо амалын тауып Дон Кихотты есекке орналастырды, Росинантты есектің арт жағына тіркеді, сосын есегін сулығынан ұстап, өз есебінше, күре жол өтуге тиіс жаққа қарай бағыт ұстады. Сөйтіп, бір мильге жетер-жетпес қана жүрген оны, барлық ісін де оңынан келтіруге ыңғай беріп жүрген тағдыр күре жолға алып шықты; сол бойда-ақ таяу маңда жолаушылар бекеті тұрғанын көзі шалды, бірақ Санчоның пікірін аяқ асты етіп, өз көңілін өзі көтеруге асыққан Дон Кихот бұны қамал-сарай деп тапты. Санчо бұны бекет деп бой бермеді, ал қожайыны — бұл бекет емес, қамал-сарай деп өңештеді; осылай бір-біріне дес бермей ұзақ айтысқандары сонша, айтыстарын аяқтай алмаған қалыптарында бекетке келіп жетті де, мұның шын мәнінде не екенін сұрауды қаперіне де алмаған Санчо керуенін бастап ішке қарай өтіп кетті.

ХҮІ тарау

Өзі әлдебір қамал-сарай деп жобалаған бекетте айлакер идальгоның қандай кепке душар болғаны жайында

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий