Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— О не дегеніңіз, соны да білмейсіз бе? — деп дауыстап жіберді Санчо Панса. — Кезбе рыцарь деген ол, ой, қарындасым-ай, анау-мынау емес! Осы қазір біреуден ит қорлығын көріп таяқ жесе, көзіңді ашып-жұмғанша-ақ ертең император боп шыға келеді. Осы қазір жер бетінде одан артық мүттайым, одан асқан мүсәпір жан болмаса, ертең ол атқосшысының таңдауына екі жә болмаса үш король тәжін ұсынады.

— Онда неге осынша қайырымды мырза сізге ең болмаса бір графтық алып бермей жүр? — деп үй иесі әйел сөзге араласты.

— Тез арада қайдан бола қойсын, — деп жауап қатты Санчо. — Біздің шытырман оқиға іздеп шыққанымызға бар-жоғы бір ай ғана болды, әлі күнге шейін осы қалай дейтін бірде-бір шытырман оқиға жолыққан жоқ. Кейде тәуірлеуін табам ба деп талпынғаныңмен, татымсыздауына тап боласың. Бірақ, егер қожайыным Дон Кихот жарақатынан, яғни, ауыртып алған жерінен айықса, өзім де ғұмырбақилық жарымжан боп қалмасам, онда сіздерге берген сертім болсын, испанның ең дөкей шонжарына да сәлем бермейтін болам.

Дон Кихот бұл әңгімені зейін қоя тыңдап жатты, сосын шамасы келгенше орнына тіктеліп отырып, үй иесі әйелді қолынан ұстап, былай деп үн қатты:

— Оллаһи, сүйкімді сеньора, мен секілді адамға қамал-сарайыңыздан баспана бергеніңізге өзіңізді бақытты санауға тиіссіз, өйткені өзімді өзім мақтамай отырғанымның себебі өзіңді-өзің дәріптеу қадіріңді кетіреді, дейді ғой, бірақ мен жайында сізге атқосшым айтып бере алады. Өз тарапымнан қосарым, қолғабыс-көмегіңіз қаперімнен өмірбақи өшпейтін болады, ақырғы тынысым біткенше өзіңізге ырза боп өтем. Бір өкініштісі, құдіреті күшті иелеріміздің ықтиярымен махаббат қағидалары сана-сезімімді осыншама еркімнен тыс түрде баурап алмаған болса және есімін дәл қазір өзім ойша атап тұрған қайырымсыз сұлудың жанары өз дегеніне біржола көндірмеген болса, онда бас еркімді мына бір сүйкімді қыздың жанары біржола жаулап алған болар еді.

Үй иесі әйел, оның қызы және мейірбан Мариторнес үшеуі кезбе рыцарьды құдды бір ол грек тілінде сөйлеп тұрғандай үрпиісе тыңдады; олар тек оның өздерін ағыл-тегіл мақтап, ырзашылығын айтып жатқанын ғана аңдады, әйтсе де, мынандай топан сөзге құлағы үйренбегендіктен оған аң-таң боп қарап қалды: мұны олар мүлде басқа әлемнен келген жандай көрген-ді. Ақыр соңында, жылы сөзі үшін рыцарымызға өзінің трактирлік тілінде алғысын айтқан үй иесі әйел қызын ертіп кетіп қалды да, астуриялық бикеш Мариторнес Санчоға ем-дом жасауға кірісті, ол да бұндай емге қожайынынан кем ділгерлік көріп отырмаған-ды.

Малшы мен Мариторнес бұл түнді қызықты өткізуге алдын-ала уағдаласып қойған болатын, сөйтіп бикеш меймандар тыныш тауып, қожайындар ұйқыға басқан шақта осында өзі келмекке, құшырын қандырып, көңілі не қаласа соның бәрін орындауға малшыға сөз берген. Ал, енді осынау келісті бикеш жайында жұрттың айтқанын аңдасақ, бұл секілді уәделерін ол ну орманның ортасында тұрып берсе де және тіпті жанында куәгері болмағанына да қарамастан, қайтсе де орындамай қоймайды екен, өйткені аталмыш бикеш өзінің дворян тұқымынан екенін кереметтей мақтан тұтып айтып жүретін көрінеді, бірақ, оның өз ойынша, трактирде күтуші болуы оған қорлық саналмайды екен, себебі мұндай халге жетуіне тағдырдың алуан талқысы мен басына тап болған бақытсыздықтар кінәлі көрінеді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий