Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Сонымен, ол өзін осылайша қайдағы бір пәтуасыз оймен алдарқатып жатқанда, оны тағдырдың талқысына түсіретін сәт, — астуриялық бикеш бой көрсетуге тиіс уақыт та келіп жеткен-ді және, айтқандай-ақ, тап солай болды да: жалаң аяқ, үстінде жалаң төсек көйлек, басында шашын ұстатқан жуан жіптен тоқылған торы бар бикеш аяғын жымын білдірмей басып, ылдым-жылдым адымдап малшымен тар төсекте табыспаққа үш мейман жатқан бөлмеге келіп кірді; бірақ ол есікке жақындай бергенде-ақ аяқ дыбысын сезіп қалған Дон Кихот денесіне жапсырылған пластырьлар мен бүйірлерінің сыздағанына қарамай төсегіне тіктеліп отырып, қиялдағы сүйкімді сұлуын құшпаққа құшағын айқара ашты. Қолын алға созып жіберген астуриялық бикеш үн-түнсіз және барынша сақтықпен сүйіктісіне қарай өтіп бара жатқан жолында кенет Дон Кихоттың қолына кезігіп қалды да, анау жүрегі тас төбесіне шыққан күтушіні білегінен шап беріп ұстай алып, өзіне қарай икемдеп, кереуетке әкеп отырғызды. Оның қап тігетін кенептен тігілген көйлегіне қолын тигізген рыцарымыз мұны әлемде жоқ айрықша жұқа жібек деп тапты. Білегіне ілген әйнек моншақтары бар еді, онысы бұған шығыстың аса бағалы інжуі секілді боп көрінді. Жылқының жалын еске салатын шашын жарқылы күн сәулесінен де өткір өте таза араб алтынының талшықтарына ұқсатты. Үстінен, шамасы, ашып кеткен салаттың иісі аңқып тұрса керек, бірақ бұл оған еліттіріп ес кетірер хош иіс секілді сезілді. Қысқасы, оның түсінігінде астуриялық бикештің бейнесі өзі романдардан оқып алған әлдебір принцессаның бейнесіне ұласып, құдды бір құштарлық сезімін тежеуге тағаты болмай, үстіне жоғарыда аталған киім-кешегін іле салып, жаралы рыцарьға жолығуға келіп тұрғандай көрінді. Сөйтіп, идальгомыздың көрсоқырлыққа қол бергені сонша, түйсіну қабілеті де, осынау келісті бикештің бойынан тарап тұрған иіс-қоңыс та, сондай-ақ малшыдан басқа жанның жүрегін айнытып құстыратын басқа қасиеттері де оны бұл ойынан айныта алмады, — керісінше, айдай сұлу перизатты құшағына қысып отырғандай сезімде болды. Сөйтіп, ол құшағын ажыратпаған күйі сырбаз үнмен сыбырлай сөйлеп былай деді:

— Беу, сүйкімді де ақпейіл сеньора, таңғаларлық сұлу сымбатыңызға көз тояттатуыма мүмкіндік берген шектен тыс мейірімділігіңіздің өтемін немен ғана қайтара алар екем! Алайда ақ ниетті адамдардың қыр соңынан қалмайтын тағдырдың қырсығы дал-далым шығып, сілем қатып осы төсекке келіп жамбас тигізуіме, оған қоса, қанша ынтызарлы болсам да, ынтығыңызды басуға еш мүмкіндік таппауыма әкеп соқтырып отыр ғой. Бұл кедергіден басқа, әсте аттап өтуге болмайтын тағы бір кедергі бар, атап айтқанда, ол — ең асыл ой-армандарымның жалғыз ғана әміршісі, жан теңеспес Дульсинея Тобосскаяға адалдыққа берген антым. Айтайын дегенім, арамызда осындай кедергілер тұрмаса, онда мен, әрине, шамам келгенше аянып қалмас ем және өзіңіздің шексіз мейірбандығыңыз тарту еткен осы бір аса қолайлы сәтті құр жібермеген болар ем.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий