Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Сыпайырақ сөйлеуге болмай ма? — деп ескертті Дон Кихот. — Әлде бұл араның салт-дәстүріне сай кез-келген мәнжубас кезбе рыцарьлармен осылай сөйлесуге ықтиярлы ма?

Мынадай мүттайым халде жатқан адамның аузынан мұндай кемсіту естимін деп ойламаған жасауыл жынданып кетуге шақ қалды: қолындағы май шамымен Дон Кихотты бір-ақ ұрды; май шам оның тура басына барып тиіп, бас сүйегін опырып кете жаздады, ал анау қараңғылықты пайдаланып тайып тұрды.

— Енді ешқандай күдік қалған жоқ, сеньор, — деді Санчо Панса, — бұл жадыланған мавр боп шықты, қорып жүрген қазынасын ол, шынында да, басқа біреулерге тарту етпек тәрізді, ал бізге арнаған сыйы тек жұдырық қана, кейде тіпті шаммен де шарт еткізуден тайынбайды.

— Дұрыс айтасың, — деп қоштады оны Дон Кихот, — бірақ мұндай арбаушылық айла-амалдарға көңіл аударып жатпауымыз керек және сондайға бола ашу шақырып, күйіп-пісуіміздің де жөні жоқ: өйткені, мұның бәрі елестер мен бұлдыр бейнелер ғой, — сондықтан, қанша құлшынсақ та кек қайтарар ешкімді таба алмаймыз. Одан да, тұра алсаң орныңнан тұр, Санчо, қамалдың комендантына бар, азын-аулақ май, шарап, тұз және розмарин тауып әкелуге тырыс, мен бұлардан шипалы бальзам дайындауым керек: шынымды айтайын, сол маған өте қажет боп тұр, өйткені әлгі елестің салып кеткен жарақатынан қан әлі сыздықтап жатыр.

Сүйек-сүйегінің шыдатпай сырқырап ауырғанына қарамастан, Санчо төсегінен тұрып, қараңғыда қармаланып бекетшінің бөлмесіне қарай қозғалды; бірақ, жолшыбай дұшпанының әңгіме ауаны қайда бұрыларын білмекке тың тыңдап тұрған жасауылға соқтығып қалды да, оған:

— Сіз өзіңіз кім болсаңыз да, сеньор, бізге ілтипат жасап, мынадай бір қолғабыс көрсетіп жіберсеңіз етті — азын-аулақ розмарин, май, тұз және шарап берсеңіз, — бұның бәрі жер-дүниедегі рыцарь біткеннің ішіндегі ең елеулілерінің бірін емдеуге қажет, ол өзі қазіргі кезде осы шоландағы кереуетінде жатыр, бекетіңізде жүрген жадыланған маврдан жарақаттанып қалды, — деді.

Бұл сөздерді естіген жасауыл мұның бәңгі біреу екенін сезе қойды; бірақ таң қылаң бере бастағандықтан есікті ашты да, бекетшіні дауыстап шақырып алып, оған әлгі жынды сүрейдің өтінішін жеткізді. Бекетші Санчоға тілегенінің бәрін тауып берді, ол мұны Дон Кихоттың қолына табыс етті. Дон Кихот болса, бұл кезде басын қос қолымен қысып алып ондалап жатыр еді; шындығында, бар-жоғы тек екі жерінде ғана әжептәуір ісік бар-ды, ал бетіне сорғалап ағып жатқан қан емес, тер болатын, өйткені үстемелене берген мазасыздық пен әбігершіліктен маңдайы шынымен-ақ терден шылқып кеткен-ді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий