Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бірақ тап осы арада ішімдік ақыры нәтижесін берді де, бейшара атқосшы қос тесіктен бірдей іш босата бастады: өзі құлай кеткен бойра да, жамылғы еткен кендір көрпесі де сол бойда-ақ мүлдем іске алғысыз боп қалды. Іш құрылысы аузына тығылғандай лоқсып, қара суға түсіп терлеп, тұла бойы қалш-қалш етіп бейнет шеккені сонша, тек өзі ғана емес, қасында тұрғандар да оны жан тапсырғалы жатқандай көрді. Осынау жан алқымға тақалған арпалыс екі сағатқа жуық созылды, бірақ одан соң да атқосшымыздың жағдайы жақсара қойған жоқ, — қожайынына керіғалаң түрде сүлесоқ, дел-сал халге тап болды, аяғын басып тұра алмады, ал Дон Кихот болса, әлгінде айтылғандай, бұл кезде әбден айығып, қунап-ширап қалған-ды, енді қазір ол шытырман оқиға іздеуге аттанбаққа құлшынып шыдамсызданып тұрған, себебі жолда тоқтап қалу деген сөз оған күллі адамзат баласын және Дон Кихоттың көмегіне зәру барша жанды өз қорғауы мен қамқорлығынан тыс қалдыру боп табылатындай көрінген; бұған қоса, бальзамының ғажайып құдіретіне де қалтқысыз сеніп алған-ды. Осы тілектің жетегіне ілескен ол салт мінетін көліктерін сол үшін өз қолымен ерттеп, жүктерін артты да, атқосшысының киініп алуына көмектесіп, оны есегіне әкеп отырғызды. Сосын өзі Росинантқа мініп, ауланың алыс түкпіріне қарай аяңдап, сонда тұрған қысқа сапты найзаны қымқырып ала кетті — бұны енді нағыз найзаның орнына қолданбақшы еді.

Бекеттің қарамы жиырма шақты адамдай боп қалатын мейманы мен тұрғыны, — бір сөзбен айтқанда, онда қанша адам болса соншасы түгел, араларында бекетшінің қызы да бар, барлығы одан көз алмай қарап тұрды; бұл да қызды көзімен ішіп-жеп, оқтын-оқтын ауыр күрсінумен болды, оның бұл күрсінісі көкірегінің терең түкпірінен шыққандай боп естілетін, бірақ жұрттың бәрі оның күрсінісін бүйірі ауырғаннан деп жобалады, — бәрі болмаса да, әйтеуір, кеше кеште оған пластырь жапсыруға куә болғандар солай деп ойлады.

Рыцарь мен атқосшы үйдің кіре берісіндегі басқышқа таяп келген кезде, Дон Кихот бекетшіге қарап сырбаз да маңғаз кейіппен былай деп тіл қатты:

— Сеньор алькайд, осы қамал-сарайда өзіме көрсеткен жақсылығыңыздың

әр-алуандығы және шаш-етектен келетін көптігі сонша, алдыңызда қарыздар сезініп тұрмын және мұны өмір-бақи ұмытпақ емеспін. Осының өтемі ретінде өзіңізге әлденеге бола жәбір көрсеткен кез-келген кісәпірден кегіңізді алып бергім кеп тұр, өйткені, біліп қойыңыз, менің тікелей міндетімнің өзі де сол қорғансызға пана болу, жәбір көргеннің кегін қайтару және арамзаның сазайын тартқызу боп табылады. Қаперіңізді қағып-сілкіп көріңіз, егер осындай бір жағдаят басыңыздан өткен болса, жасқанбастан маған мәлім қылыңыз: өзім мүше боп табылатын рыцарьлық орденнің атымен ант етейін, көңіліңіздің қалауынша және айызыңыз қанарлықтай түрде қанағат табасыз.

Бекетші де бұған дәл сондай сырбаз пішінде жауап қатты:

— Сеньор кавальеро! Өзімді жәбірлеушілерден кек әперуіңізге әсте де мұқтаж емеспін, қажет боп жатса олардан өзім-ақ кегімді қайтара алам. Маған керегі бір-ақ нәрсе — мейірімді мырза бекетімде қонып шыққаны үшін, яғни малға берілген сабан мен сұлы, сондай-ақ кешкі ас пен екі төсек-орын үшін ақы төлесе болғаны.

— Ау, сонда мұның расында да бекет боп шыққаны ма? — деп сұрады Дон Кихот.

— Болғанда да, ең бір тәуірі, — деп жауап қатты бекетші.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий