Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Сормаңдай ұшқыштың жан дауысы мырзасының да құлағына шалынды, —тоқтап, мұқият құлақ түрген ол әу баста мұны жаңа бір шытырман оқиға екен деп қалған, бірақ атқосшысының дауысы екенін анық ажыратқан соң, атының басын кері бұрып, бекетке қарай тапырақтай шапты, бірақ қақпаның жабық екенін байқап, әйтеуір қайтсе де ішке енбек оймен, бекетті айналып өтуді ұйғарды; алайда мал қамайтын ауланы қоршаған шарбаққа, жалпы алғанда, онша биік те емес шарбаққа, жақындаған бойда-ақ атқосшысына жасалып жатқан қиянатты көзі шалып, аңырып тұрып қалды. Өзінің тап көз алдында Санчо біресе жоғары қалықтап, біресе төмен түсіп жатты және бәрін сондай жеңілдікпен жасап жатқаны сонша, егер Дон Кихоттың көкірегін кернеген ашу сол тұста сәл-пәл бәсең тартқан болса, ол, бәлкім, күлкіден ішек-сілесі қатып домалап та жатар ма еді, кім біледі. Сол арада ол ерде отырған жерінен шарбақтың арғы бетіне ырғып түспекке оқталған, бірақ қатты қалжырап, дымы құрып тұрғандықтан, тіпті аттан түсуге де шамасы жетпеді, сондықтан аттың үстінде отырған күйі Санчо Пансаны қақпақылдап жатқандарды, бұл арада келтіруге дәтіміз бармай отырған, боғауыз бен балағат сөздің астына алумен ғана шектелді; алайда Санчо ұшқыш сол бұрынғыша зар қағып, біресе өлердегі сөзін айтып жалынып, біресе сес көрсетіп жатты, ал сотқарлар болса сол бұрынғыша мәз-майрам боп қарқылдай күліп, ойындарын жалғастыра берді, өйткені атқосшының бақырып-шақырғаны оларға шыбын шаққан ғұрлым әсер етпеген болатын, — Санчоны олар тек өздері оны қақпақылдай-қақпақылдай әбден шаршаған кезде ғана босатты. Бұдан соң олар есекті әкеліп, Санчоны отырғызды да, арқасына жадағайын жапты, ал мейірбан Мариторнес оның қалай қалжырап-талғанын көріп жаны ашып, жүгіріп барып құдықтан бір құмыра мұздай су әкеліп берді. Құмыраны алып, аузына апара берген Санчо мырзасының айқайлап сөйлеген дауысын естіді:

— Санчо балам, ішпе суды! Ішпе суды, балам, — ол саған сор боп жабысады. Міне, мында шипалы бальзам бар (сол арада ол қалбырды алып көрсетті), екі тамшысын ішсең болды-ақ, сауығып кетеріңе мен кепіл.

Санчо оған көз қиығын салып қарады да, одан да зор айқаймен жауап қатты:

— Рыцарь емес екенімді ұмытып кеттіңіз-ау деймін, тақсыр? Әлде ішек-қарнымның кешегі кештен қалған жұқанасын да құсып тастасын дейсіз бе? Ол тамшыларыңызбен әзәзіл емделсін, менен аулақ.

Осыны айтып ол құмыраға қайта бас қойды, бірақ бір ұрттағаннан кейін-ақ мұның қара су екенін біліп, ішкісі келмей қалды да, Мариторнестен шарап әкеліп беруін сұрады, оның бұл өтінішін ықыласпен орындаған бикеш шарап ақысын өз жанынан төледі — айналысып жүрген кәсібіне қарамастан бұл өзі христиандық сезімнен де құралақан емес дейтін әңгімені жұрт тегіннен-тегін айтып жүрмеген екен. Шарапты ішіп алған Санчо есегіне шпорды қадап жіберіп жортақтай жөнелді де, қақпаны айқара ашып, қайтсе де соқыр тиын төлемей кеткеніне және бұл арадан сытылып шыққанына мәз-майрам қалпында ауладан шығып кетті, — әділін айтқанда, оның қуанышына кірбің түсіріп те тұрған бір жай бар-ды: өзі үшін бұның дағдылы қамқоры — қақсаған қабырғалары төлем жасаған-ды. Шындығында, ол тек қабырғаларымен ғана төлем жасамаған, — бекетші түнемел ақысына оның қоржыны өтем болар деп тапқан, бірақ басымен қайғы боп жүрген Санчо оны байқаған жоқ. Бұл жөнін тапқаннан кейін бекетші қақпаны жауып, ысырмасын салып қоймаққа оқталған еді, бірақ атқосшымызға азап шектірушілер оны бұл ойынан айнытты: олар Дон Кихотты ғана емес, Дөңгелек Үстел Рыцарын да тәубесіне келтіре алатын бозымдар болатын.

ХҮІІІ тарау

Мұнда қожайыны Дон Кихотқа Санчо Пансаның құлаққағыс еткен жайлары мен басқа да айта кетуге тұрарлық оқиғалар баяндалады

Сілесі қатып қалжырағаны сонша, қожайынының қасына таяған Санчо есегін оның жанына жақын әкеп те тұрғыза алмады. Оның қалай әлсіреп, дымы құрып қалғанын көрген Дон Кихот оған былай деп үн қатты:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий