Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Бізге қарсы келе жатқан әскер неше алуан тайпадан құралған. Олардың арасынан даңқы жер жарған Ксанфтың тәтті суын ішіп жүргендерді де; массилиялық тау шалғындарын таптап жүргендерді де; шат-шадыман Арабияның күлдей ұсақ алтын құмын електен өткізіп жүргендерді де; мөлдір сулы Фермодонттың жанға жайлы қоңыр салқын жағалауларында рақатқа батып жүргендерді де; Пактол түбінен түрлі тәсіл арқылы алтын құм шығарып алатындарды да; қырық құбылғыш нумидиялықтарды да; садақтарымен және жебелерімен аты шыққан парсыларды да; жүгіріп жүріп шайқасатын парфиялықтар мен мидиялықтарды да; көшіп-қонуға ыңғайлы шатырлары бар арабтарды да; қатыгездіктерімен қатар өңдерінің аққұбалығымен де аты шыққан скифтерді де; еріндерін тескен эфиоптарды да жолықтыруға болады және басқа да сансыз көп тайпа барын көріп тұрмын, тек аттары аузыма түспей тұр. Ал, екінші қосынның қатарында — жағалауын зәйтүн орманы көмкерген Бетистің мөлдір ағысымен сусынын қандыратындар; қашан да суы мол, алтыны мол Тахоның суымен беттерін шайып, салқындайтындар; ғажайып көркем Хенильдің әл беріп, қуат қосатын суын рақаттана ішіп жүргендер; шөбі шүйгін Тартес алқаптарынан аттанғандар; Херестегі Елисей далаларында көңіл көтеретіндер; алтын масақтардан гүлдесте киген дәулетті ламанчалықтар; ежелгі готтардың басынан бақайшағына дейін темір сауыт киген соңғы ұрпақтары; ағысының баяулығымен аты шыққан Писуэрга суында шомылатындар; арнасының құпиялығымен аты шыққан, бұралаңдай ағатын Гуадиананың шетсіз-шексіз көк шалғынында мал бағатындар; Пиреней ормандарында суықтан қалтырап тоңып жүргендер мен Аппенин биіктерінде қар қиыршықтарына көміліп жүргендер, — бір сөзбен айтқанда, Европаны мекен етіп, соның жерін толтырып жүрген барлық тайпа бар.

Ой, сұмдық-ай десеңші, өтірік толы романдардан не оқыса соның бәрін бойына сіңірген және соның бәрінен айрықша толқу мен тебіреніс тапқан Дон Кихоттың ескермей кеткен елі қалды ма екен және әрқайсысына қолма-қол бір ерекше қасиет таңып, атамай қалдырған халқы бар ма екен! Санчо Панса Дон Кихотты аузын ашып тыңдап қалды, өз тарапынан бір ауыз сөз қосқан жоқ, тек Дон Кихот атаған рыцарьлар мен дәулер көрінбей ме екен деп деміл-деміл жан-жағына жалтақтап қарап тұрды, бірақ ешқайсысы көзіне шалына қоймаған соң мырзасына былай деп тіл қатты:

— Сеньор! Дәулеріңіз бен рыцарьларыңыздың бәрін жын-шайтан көтеріп кеткен ғой деймін, өз басым, әйтеуір, ешкімді көріп тұрғам жоқ: оларды да, бәлкім, кешегі елестер құсап жадылап тастаған шығар.

— Олай деуге қалай дәтің барады сенің! — деп айқайлап жіберді Дон Кихот. — Жылқының кісінегенін, кернейдің үнін, барабанның дүңкілін естіп тұрған жоқпысың?

— Мен тек қойдың маңырағанын ғана естіп тұрмын, — деді Санчо жайбарақат.

Айтса айтқандай, екі отар да таяп қалған болатын.

— Бойыңды билеген үрей көзіңді соқыр, құлағыңды саңырау етіп тастаған ғой сенің, Санчо, — деп ескертті Дон Кихот. — Қорқыныштың өзімізге тигізер ықпал-әсері неде — сезімді астан-кестең қылып, не нәрсенің де болсын шынайы болмыс-бітімін басқа бір пошымда қабылдауға мәжбүр етуінде ғой. Ал, енді үрейге бой алдырған болсаң, онда былайырақ барып тұр да мені оңаша қалдыр, жақтасқан жағымның жеңіске жетуіне бір өзім-ақ қам жасай алам.

Соны айтып, Росинантқа шпорды қадап жіберген ол найзасын көлденең ұстап, жотадан төмен қарай құйғыта жөнелді.

Санчо соңынан айқайды салып жатты:

— Қайтыңыз, сеньор Дон Кихот! Құдай ақы, сіз қой мен қошқарға шабуылдап барасыз. Қайтыңыз кейін! Құдай-ай, несіне ғана бұл дүниеге домаланып келе қалдым екен!.. Есіңіз ауысқаннан саумысыз, сеньор? Жан-жағыңызға қараңызшы, бұл жерде ешқандай дәу де, рыцарь да, сауыт та, қалқан да, оның түрлі-түстісі де, бір түстісі де, көгілдір аспан секілдісі де, ештеңе де жоқ бұл арада... Ау, не істегелі жатыр бұл?.. Ой, қасірет-ай десеңші!..

Бірақ, кейін қайтуды ойлап жатқан Дон Кихот жоқ-ты, — керісінше, дәл осы сәтте ол қатты дауыстап былай деп айқайлап жіберді:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий