Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Осы әңгімеге алданған олар жол бойымен ақырын аяңдап келе жатқанда қараңғы түсіп те кетті, қонып шығуға жарарлық әлденендей бір баспана табылмақ түгіл, қарасы да көзге шалынбады; қас қылғандай екеуінің де жүрегі сазып үздігіп келе жатыр еді, өйткені ала шыққан азық-түліктері қоржынмен бірге жоғалған. Осының бәрі аз көрінгендей, бұл жолы оларды қиялдағы емес, шын мәніндегі шытырман оқиға тосып тұрған-ды.

Бұл былай болды. Түн әдеттегіден де қараңғылау еді, бірақ соған қарамастан олар жүрісін жалғай берді, өйткені үлкен күре жолдарда бекет әр екі миль сайын дерлік ұшырасып отыратынына Санчо кәміл сенімді болатын. Сөйтіп, өзегі талған атқосшы мен оның тамақ ішуге аңсары ауған қожайыны осылайша ілби басып ілгерілеп келе жатқан шақтарында кенет қарсы алдарынан жыпырлай жылжыған жұлдызға ұқсас сансыз көп оттың жарығын көздері шалды. Санчо қатты абыржып кетті, ал Дон Кихот өз көзіне өзі сенбеді; екеуі де тізгін тартып, мұның не екенін білмекке құштар боп аңтарыла қарап тұрып қалды; ақыры олар оттардың тура тартып өздеріне қарай келе жатқанын және жақындаған сайын көлемі тұлғалана бастағанын аңғарды; соны көрген Санчо қорыққаннан жапырақтай қалтырады, ал Дон Кихоттың үрейден төбе шашы тік тұрды; сосын азды-кем бойын жиған ол:

— Еш күмән жоқ, Санчо: бұл айрықша маңызды және мейлінше қатерлі шытырман оқиғаның бірі болмақ, сондықтан мен бар қайратымды жұмсап, бар батылдығымды көрсетуім керек, — деді.

— Қандай бақытсыз сорлы едім! — деп бақырып жіберді Санчо. — Бұлардың елес екені ап-айқын көрініп тұр ғой, олай болса, тағы бір шытырман оқиғаның өтеміне төлейтін қабырғаны қайдан табам?

— Елестің әншейін біреуі емес, әкесі мен көкесі келсе де, бәрібір, саған олар саусағының ұшын да тигізе алмайды. Өткен жолы олар шарбақтан секіріп өтуге шамам болмағандығынан ғана өзіңе қорлық көрсетіп еді ғой, ал қазір далада тұрмыз, сондықтан семсеріме айызы қанғанша әрекет етуіне ерік бере алам.

— Ал, егер олар семсеріңізді жадылап, өткен жолғыдай қыбыр етпейтіндей ғып тастаса, онда далада тұрғанымыздан не пайда? — деп сұрады Санчо.

— Қайткен күнде де, дегбіріңнен айрылып асып-сасушы болма, Санчо, өтінем сенен, ал бұл жағынан саған өзім үлгі көрсететін болам, — деді Дон Кихот.

— Құдай қосса, айрылмаспын, — деп үн қатты Санчо.

Екеуі былайырақ шығып, мына жыпылықтаған оттардың не екенін білмекке ынтығып, көз алмай қарап тұрды, сөйтіп көп ұзамай ақ шапан киген бір қора адамның сұлбасын айырды; осынау үрейлі көріністің Санчоға қатты әсер еткені сонша, ол бар дегбірін бір демде-ақ жоғалтып алды: безгек тигендей тісі тісіне жұқпай дірдек қақты. Ал, бұның не екенін ақыры анық ажыратқан кездерінде тұла бойының қалай қалшылдап, тісінің қалай сақылдап қоя бергенін айтып жеткізудің өзі қиын! Өйткені, олар азалы арбаның алдында келе жатқан, қолдарына шамшырақ ұстаған, ақ шапан киген жиырмаға жуық салт аттыны көрген болатын, қаралы арбаның соңында етегі қашырларының тұяғына шейін түсіп тұрған, — аяңының сылбырлығына қарап бұлардың ат емес, қашыр екенін бірден ажыратуға болатын, — шұбатылған ұзын аза киімін киген тағы да алты салт атты келе жатқан-ды. Ақ шапандар ақырын да аянышты дауыспен ызыңдап өзара сыбыр-күбір сөйлесіп келе жатқандай еді. Түннің бір уағында және мынадай жапан түзде саяхатшыларымыздың көз алдынан аян берген осы бір ала бөтен көрініс Санчоның ғана емес, оның қожайынының да иманын ұшырарлықтай үрейлі болатын. Дон Кихот сыр бере қоймағанымен, Санчоның әлдеқашан-ақ зәресі зәр түбіне кетіп те үлгерген. Ал, Дон Кихот, өкінішке қарай, бұған мүлдем керісінше сезімді бастан кешіп тұрған-ды, өйткені сүйікті романдарында суреттелетін шытырман оқиғалардың бірі дәл осы сәтте көз алдына көлденеңдеп тұра қалған.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий