Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Сол үшін құдайға құлшылық ет, балам, сосын мені қалаған бағытыңа қарай бастай бер, — деді Дон Кихот. — Бұл жолы түнемелікті таңдау еркін өзіңе берем. Бірақ, әуелі қолыңды салып, саусағыңмен сипап қарашы, оң жақ жағымның үстіңгі жағында қанша күрек тісім мен азу тісім сынған екен, әйтпесе жан шыдатпай тұр.

Санчо оның аузына саусағын сұғып, әрлі-берлі сипалаған соң:

— Тақсыр, мұнда неше тісіңіз бар еді? — деп сұрады.

— Төртеу, — деп жауап қатты Дон Кихот, — ақыл тістен басқасының бәрі сап-сау, бүтін болатын.

— Дұрыстап ойланып көріңізші, сеньор, — деді Санчо.

— Айтып тұрмын ғой саған төртеу деп, керек десең, тіпті, бесеу, — деп нықтады Дон Кихот. — Жағымның қызыл еті өмірі бір қабынып көрген емес, күрек тісімді де, азу тісімді де бірде-бір рет жұлдырған емеспін және өздігінен түскен не құрт жеген кезі де болған жоқ.

— Ал, қазір осы жақтағы астыңғы жағыңызда бар-жоғы екі жарым-ақ тіс бар, — деп жария етті Санчо, — ал үстіңгі жағыңызда жарты тістің өзі де жоқ, тақтайдай тегіс.

— Масқара-ай! — деп дауыстап жіберді мына жайсыз хабарды естіген Дон Кихот. — Одан да қолымды шауып тастағандары жөн еді ғой, әрине, семсер ұстайтын қолымды емес, басқа қолымды. Сен мұны біліп қой, Санчо, азу тісі жоқ ауыз да бір — қайрағы жоқ диірмен де бір, сондықтан әрбір тісті гауһар тастай қадірлеп сақтау керек. Әйтсе де, рыцарьлық қағидаларынан айнымауға серт бергендер қандай қиыншылықты да қыңқ етпей көтеруге тиіс. Сөйтіп, енді, достым, есекке отыр да жол баста, көңілің қай жақты қаласа солай қарай тарт, мен соңыңнан еріп отыратын болам.

Санчо солай етті де. Сөйтіп, бұл тұста оңға да, солға да бұрылмай тіке тартатын күре жолға түсіп алған күйі баспана табылып қалуы мүмкін-ау деп жобалаған бағытын бетке ұстап жүріп кетті.

Жақ сүйектерінің ауруы мазасын алып, Дон Кихоттың жеделдеу жүруге шамасын келтірмегендіктен екеуі ілби қозғалып келе жатқан кезде, мырзасының назарын басқа нәрсеге аударып, көңілін көтеру мақсатында Санчоның онымен әрқилы нәрсе жайында әңгіме қозғауға ойы кетті және таңырқауға тұрарлық бір қызықты жәйтті тілге тиек етті, ал бұл жөнінде келесі тарауда баяндалмақ.

ХІХ тарау

Санчоның мырзасына айтқан терең мәнді ескертпелері туралы, мүрдеге қатысты қым-қуыт әрекеттер және басқа да таңғаларлық оқиғалар жайында

— Мен былай деп ойлаймын, мейірімді мырзам, күн құрғатпай төбемізден жаңбырша жауып жатқан бақытсыздықтың бәрі де, анығында, күнәкарлық жасағаныңыз үшін, яғни, сіздің, тақсыр, рыцарьлық жарғыны бұзып, берген антыңызды орындамағаныңыз үшін, жіберілген жаза ғой деймін, ал сіз болсаңыз, кім еді әлгі... иә, Маландриннің, атын да ұмытып қаппын ғой ол маврдың, дулығасын біреуден тартып алғанша дастарқан жайылған жерде отырып ас ішпеуге, королевамен ойнап-күлмеуге, сондай-ақ басқа да бірдеңелерді жасамауға ант берген болатынсыз, әсіресе, осы соңғы басқа да бірдеңелерді жасамауға бөлек ант-су ішкенсіз.

— Айтқаныңның бәрі жөн, бәрі дұрыс, Санчо, — деп қоштады оны Дон Кихот. — Шынымды айтсам, бұл антым жадымнан шығып кетіпті. Ол өз алдына, анау әлгі көрпеге қатысты болған жайдың бәрі де осы антымды дер кезінде есіме салмағаныңның қырсығы екеніне еш күмәнің болмасын. Бірақ, мен бұл күнәмді қайтсем де жуып-шаям, өйткені рыцарьлықтың жарғысында айып атаулыны қалай өтеуге болатыны ашып көрсетілген.

— Мен қашан бірдеңеге ант беріп ем? — деп сұрады Санчо.

— Ант бердің бе, бермедің бе, онда тұрған ештеңе жоқ, — деді Дон Кихот. — Өз түсінігімше, бәрібір сенің сыбайластығыңа күмән келтіру қиын емес. Қайткен күнде де, әйтеуір, қателікті жөндеуіміз қажет.

— Әңгіме осыған тіреліп тұрса, — деді Санчо, — байқаңыз, тақсыр, антыңызды ұмыт қалдырғаныңыз секілді қателігіңізді жөндеуді де ұмытып кетіп жүрмеңіз, әйтпесе елестер мені қайтадан мазақ қылмақ боп жүрер, егер осынша өпірем екеніңізді көрсе өзіңізді де келеке етуден тайынбас.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий