Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Алайда, зер сала көз жіберген ол түсіне, дәміне және иісіне қарап бұның қан емес, Дон Кихот өз көзінше қалбырдан қылғытқан бальзам екенін айырды; бірақ сол арада Санчоның керемет қатты жүрегі айнып кетті де, асқазанында қордаланған нәрсенің бәрін түгел мырзасының үстіне ақтара салды, сөйтіп енді екеуінің де сүдіні онша болмай қалды. Санчо қоржынынан былғанған жерлерін сүртетін және Дон Кихоттың жарақатын таңатын бірдеңе алмаққа есегіне қарай жүгірген, алайда қоржынның орнында жоқтығын көріп жынданып кете жаздады; тағы да қарғысты қарша боратқан ол, қожайынын тастап, үйіне қайтып оралмаққа өзіне-өзі ойша серт берді, бұл үшін тіпті тиісті жалақысынан да және уәде етілген аралдың күндердің бір күнінде билеушісі болу ойынан да бас тартуға бейіл болды.

Бұл кезде Дон Кихот орнынан тұрып, қалған тістері қаусап түсіп қалмасы үшін сол қолымен жағын ұстап, оң қолымен қасынан қарыс адым ұзамаған Росинантты (ол осындай адал да жуас жылқы болатын) сулығынан ұстап атқосшысына қарай бет алған; ал атқосшысы болса, шынтағын есегінің арқасына қойып, жағын тіренген күйі ой кешіп кеткен. Оның уайым шегіп тұрғанын көрген Дон Кихот оған былай деп тіл қатты:

— Есіңде болсын, Санчо, өзгеден көбірек іс тындырған адамның ғана өзгеден шоқтығы биік көрінеді. Екеуіміз бастан кешуге тура келген дүлей дауылдар — енді ұзамай тыншу болатындығының, ісіміз оңға басатындығының белгісі. Қуаныш секілді қайғы да ұзаққа созылмайды, олай болса жайсыз жайлардың тым ұзаққа созылып кеткені жақсылықтың жақын қалғанын көрсетеді. Ендеше, маған тап болған бақытсыздықтарға бола уайым шекпей-ақ қой, оның үстіне мұндай жаманат өзіңе жолаған жоқ қой.

— Қалай жолаған жоқ? — деп дауыстап қалды Санчо. — Көрпеге салып қақпақыл жасағандары кім — туған әкемнің туған баласы болмағанда оның кім болғаны, сіздіңше? Ал, бүгін асыл заттар салынған қоржыным қолды болды, — ол не, менікі емей, басқа біреудікі ме еді?

— Не дейсің, Санчо, қоржының жоғалып кетті ме? — деп сұрады Дон Кихот.

— Иә, жоғалды, — деп жауап қатты Санчо.

— Ендеше, біздің бүгін ашығуымызға тура келетін болды, — деп түйді Дон Кихот.

— Егер мына көкорай шалғында, өткенде айтқаныңыздай, өзіңізге жақсы мәлім және өзіңіз секілді жолы ауыр кезбе рыцарьларды осындай жағдайларда әбден қанағаттандыра алатын шөптер өсіп тұрмаса, ашығар да едік, — деп қарсылық білдірді Санчо.

— Алайда, — деп құлаққағыс етті Дон Кихот, — Диоскорид сипаттап жазған, оған дәрігер Лагунаның өзі түсінік берген, шөп-шалам атаулының бәрін бір үзім нанға, әрине, табылса үлкен таба нанға және екі кішкене сардинге айырбастамас едім. Қалай болған күнде де, ақпейіл Санчом, есегіңе отыр да соңымнан ер, — жер-дүниедегі жан иесінің бәріне ырыздық-дәм бұйыртып отырған жаратқан бізді де ескерусіз қалдырмас, оның үстіне біз оған бар ынты-шынтымызбен қызмет етіп жүрміз ғой; оның әділдігі сондай, ауада шыр үйіріліп жүрген шыбын-шіркейді де, жер астында жыбырлап жүрген құртты да, суда жүзіп жүрген итбалықты да құр ауыз қалдырмайды және шарапаты шалқар болғандықтан күнге өз сәулесін зұлымға да, зиялыға да бірдей себуге әмір етеді, ақ ниетті мен арамзаға бірдей жаңбыр нұрын төгеді.

— Сізге кезбе рыцарь болудан гөрі уағызшы болған көбірек үйлеседі екен, — деп құлаққағыс етті Санчо.

— Кезбе рыцарьлар, Санчо, бәрін де атқара білген және атқаруға міндетті де болған, — деп қарсылық білдірді Дон Кихот. — Бұрынғының кезбе рыцары сарбаздар қосынында Париж университеті докторымен тең дәрежеде уағыз айтып, сөз сөйлей алатын болған, осыған қарап-ақ, найза — қаламды, қалам — найзаны ешқашан мұқалтпаған дейтін тұжырым жасауға болады.

— Жарайды, айтқаныңыздай-ақ бола қойсын, — деді Санчо. — Ал, енді қозғалайық, қонып шығатын орын тауып алайық, тек құдайдан тілерім, өзіміз тоқтаған жерде көрпе де, көрпеге салып қақпақыл жасағыш шеберлер де, елестер де, жадыланған маврлар да — бір сөзбен айтқанда, осынау пәле-қырсықтың бірі де болмаса екен, өйтпеген жағдайда бәрі де бордай тозсын.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий