Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Оны жақсы біліп тұрмын, — деді Санчо, — бірақ шайқас аяқталған соң іздеп жүрмес үшін есекті қайда қалдырғанымыз жөн болар екен? Өйткені, өз ойымша, есегін ойнақтатып ұрысқа кірген ешкім жоқ секілді.

— Дұрыс айтасың, — деді Дон Кихот. — Жалғыз ғана амал — жайында қалдыру керек, жоғалса жоғалып-ақ кетсін: өйткені жеңіп шықсақ, қолымызға көп ат түседі ғой, тіпті Росинанттың өзіне де басқа атпен алмастыру қатері төніп қалуы ықтимал. Ал, енді сен мені барынша мұқият тыңдап ал және бетіңді былай қарай бұр, — мен саған мына қосындар қатарындағы белгілі рыцарьлар жайында айтып бергім кеп тұр. Өзің оларды анығырақ көріп, есіңде сақтауың үшін әне бір төбешікке шығайық, екі қосынның екеуі де сол жерден көзге айқындау шалынары кәміл.

Бұл ұсыныс бұлжытпай орындалды: Дон Кихот пен Санчо жотаның үстіне көтерілді, мал тұяғынан көтерілген қою шаң көздерін тұмшалап, ештеңе көрсетпей тұрғаны болмаса ол жерден рыцарымыз қосынға айналдырып қойған қос отардың екеуі де ап-анық көрінген болар еді; алайда үш те бір нұсқасы жоқ және шындықпен де үш қайнаса сорпасы қосылмайтын жайларды ой-қиялымен өрнектеген Дон Кихот қатты дауыстап екілене сөйлеп кетті:

— Әне, ана бір шымқай сары түсті сауыт киген, қалқанында арудың аяғына жығылған арыстан бейнеленген рыцарь — ол айбынды Лауркальк, Күміс көпірдің қожайыны. Анау, сауыты алтын гүлдермен әшекейленген, қалқанының көк түспен боялған жолағына үш күміс тәждің суреті салынған — ол Киростың ұлы герцогы, қаһарлы Микоколемб. Оның оң жағындағы, әне бір зор денелі рыцарь — жүрек жұтқан Брандабарбаран де Боличе, үш Арабияның әміршісі; оның киімдері жылан терісінен тігілген, ал қолына қалқан орнына есік ұстаған, — аңыздың айтуынша, бұл Сампсонның өз басын қатерге тіге отырып жауларынан кек қайтарған кезде қиратқан ғибадатханасындағы есіктердің бірі көрінеді. Ал, енді артыңа қайрыл, ана жаққа қара: бұл әскердің алдында — Жаңа Бискай әміршісі, жан шақ келтірмей жеңетін және ешкімнен жеңілмеген Тимонель Каркахонский келеді, оның үстіне киген сауытының көк, жасыл, ақ және сары жолақтары бар, ал қалқанының сарғыш-қоңыр жолағына алтын түсті мысықтың суреті салынып, астына: Мяу деп жазылған, — бұл оның өз ханымының, яғни қауесет сөзге қарағанда, герцог Альфеньикен Алгарвскийдің қызы, сүйкімді де сымбатты Мяулинаның, қысқартылған есімі. Анау, салмағынан астындағы атының белі қайысқан, аппақ қардай сауыт киген және ешқандай девизі жоқ ақ қалқан ұстаған — ол рыцарьлар қатарына жаңада ғана қабылданған Пьер Папен есімді француз, Утрехт барондығының билеушісі. Анау, көгілдір жыланкөзбен көмкерілген сауыт киген, терісі жолақ, жүрісі ұшқыр зебраның бүйіріне темір шпорын қадап келе жатқан — ол айбынды Нербия герцогы Эспартафилард дель Боске: оның қалқанында қасқыржемнің бір уысы және кастильше жазылған: Тағдырыма зейін сал деген девиз бар.

Осылайша, бұрын-соңды болып көрмеген есуастық шалығына ұрынған ой-қиялының жетегіне ілескен ол өз ұғымына орайлас тоғысқан қосындардағы рыцарьлар есімін атап, оларға қолма-қол девиз бен лақап есім ойлап тауып және жанынан шығарып әрқайсысының сауытына айрықша түс пен бөлекше бітім дарытып, тоқтау білмей сөйлей берді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий