Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Ендеше, мен осыған шейін қателескен болдым, — деді Дон Кихот. — Шынымды айтсам, мұны қамал-сарай ма деп қалғам және соның ішінде әжептәуір жақсысы ма деп ойлағам, бірақ енді бұл қамал-сарай болмай, бекет болса, онда менің қолымнан келер бір-ақ нәрсе бар, ол өзіңізге менен ештеңе алмау жайында өтініш айту ғана: өйткені, менің кезбе рыцарьлар жарғысын бұзуға қақым жоқ, ол өз алдына, оған қоса бір анық білетін жайым, — егер дәлел керек болса, кез-келген романды мысалға келтіре алам, — бекеттерде олар түнеме үшін де, басқа бірдеңе үшін де ешқашан ақы төлемеген, өйткені жұрттың бәрі олардың шытырман оқиға іздеу жолында бастан өткеретін айтып жеткізгісіз азаптары үшін айрықша қонақжайлылық көрсететін болған, ал олар болса мұндай шытырман оқиғаларды күндіз де, түнде де, қыста да, жазда да, бет қарыған аязда да, ми қайнатар ыстықта да, жаяу да, атқа салт мініп те, жейтін ас, ішетін суға жарымай, табиғаттың ақиреті мен тұрмыстың тауқыметін тартып жүріп те іздейді.

— Онда менің шаруам жоқ, — деді бекетші келіспей. — Ақшаңызды төлеңіз — сізге айтарым сол ғана, ал рыцарьлар жайындағы ертегіңізді басқа біреуге барып айтарсыз. Маған керегі жамбас ақы төлеуіңіз ғана.

— Сіз топас та тұрпайы трактирші екенсіз, — деген ескерту жасады оған Дон Кихот.

Соны айтып, Росинантқа шпорды қадап жіберіп, шолақ найзасын алдына өңгеріп алған ол бекеттің ауласын кедергісіз тастап шықты да, әудем жерге ұзап кеткенге шейін артына бұрылып қараған жоқ, тіпті атқосшысы соңынан еріп келе жатыр ма, жоқ па, онда да жұмысы болмады. Рыцарьдың ақша төлемей кетіп қалғанын көрген бекетші сол екі арада жамбас ақыны Санчо Пансадан өндіріп алмаққа ниет қылған болатын, бірақ анау егер қожайыны төлеуден бас тартқан болса, өзі де ештеңе төлемейтінін мәлім етті, өйткені, ол, Санчо Панса, кезбе рыцарьдың атқосшысы боп табылады, олай болса, мырзасы ұстанған ереже-тәртіптерді бұл да ұстануға міндетті, яғни трактирлер мен бекеттерде түк ештеңе төлемеуге тиіс. Бекетші бұған шат-шәлекейі шығып ашуланып, егер Санчо ақшасын төлемейтін болса, ол бәрібір өзіне тиістіні өндіріп алмай қоймайтынын, бірақ бұл үшін басқаша әдіс қолданатынын, ал бұған оның онша ырза бола қоймайтынын айтып қорқытпаққа тырысты. Санчо оған мырзасы мүше боп табылатын орденнің жарғысына сәйкес, өліп кетсе де бір тиын төлемейтінін айтып жауап берді, өйткені ол кезбе рыцарьлардың қастерлі де қадым заманғы дәстүрін бүлдірмек емес, осынау мейлінше әділетті заңды бұзғанына байланысты болашақ атқосшылардың реніш-наласына қалмақ емес.

Бейшара Санчоның басындағы келеңсіздіктердің көбейе түсуіне көрінгендей, бекеттің сол күнгі меймандары арасында сеговиялық шұға тоқушы төрт жігіт, кордовалық Портодан ине жасаушы үш жігіт, севильялық Жәрмеңкеден екі жігіт бар еді, — бәрі де бірінен бірі өткен, әзілқой, қалжыңбас, сауыққой және ойын-күлкіге әуес болатын; міне, дәл осы адамдар, бейне бір алдын-ала келісіп қойғандай, не біреу бұйрық бергендей әй-шай жоқ жетіп кеп Санчоны есегінен аударып алды, сосын оны біреуі ерінбей барып алып келген бекетші көрпесіне жықты; одан соң жоғарыға көз салып, өздері ойластырған іске жабындының тым аласа соғатынын көрген соң, жабындысы ашық аспан боп табылатын мал қамайтын аулаға ауысты да, сол жерде Санчоны қайтадан көрпеге салып, мәз-мәйрам болысып, карнавал кезіндегі ит секілді етіп әуелете лақтырып, тосып алып, әрлі-берлі қақпақылдауға кірісті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий