Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Дегенмен, ол әлгі нәрселерді алып, бәрін жақсылап араластырғаннан кейін қоспаны отқа қойып қыздыруға кірісті де, біраз ұстап бальзам дайын болғандай көрінген кезде оттан түсірді; сосын бальзам құятын әйнек құты тауып берулерін сұрады, бірақ бүкіл бекетте бірде-бір әйнек құты жоқ боп шықты; одан соң ол бұл мақсатқа зәйтүн майының қалбырын пайдалануды ұйғарды: бекетші оны бұған тегін тұтынуға басы-бүтін бере салды. Мұнан кейін Дон Кихот қалбырға қасиет дарытуды көздегендей, зарлы үнмен сексеннен астам рет “Pater noster” және шамамен сонша рет “Ave Marіa”, “Salve” және “Credo” сөздерін қайталап айтты, әр сөзді айтқан сайын шоқындыру ишаратын жасап отырды. Аталмыш рәсімді атқару үрдісіне Санчо, бекетші мен жасауыл үшеуі қатысып тұрды, ал малшы бұл кезде дағдылы әдетінше түк ештеңе болмағандай қашырларын айналшықтап жүрген-ді. Рәсімді орындап болған бойда-ақ Дон Кихот осынау айрықша бальзамның шипалық қасиетін қолма-қол өзіне сынап көрмек болып, дәрмек қайнатылған шағындау шөгенді алып, қалбырға құйылғаннан артылып қалғанын, яғни шамамен жарты асумбрадайын, түгелдей дерлік сіміріп салды, бірақ ішіп болып шөгенді былай қойғаны сол-ақ екен, лақылдатып құсты дейсің келіп, қатты құсқаны сонша, асқазанында запыраннан басқа ештеңе қалған жоқ; қыстығу мен лоқсудан қара терге түскен ол үстіне көрпе жауып, оңаша қалдыруларын сұрады. Өтініші орындалғаннан кейін, ол сол арада жатып үш сағаттан астам ұйқы соқты, ал оянғанында тұла бойында керемет бір жеңілдік барын, сүйектерінің сырқырағаны да тиылғанын сезінді, сөйтіп барлық сырқатынан құлан таза айыққанын аңғарып, шынымен-ақ Фьерабрас бальзамын дайындап алған екем, бұл дәрмекпен енді тіпті ең қатерлі деген айқастарға, қақтығыстар мен ұстасуларға қорықпай кіре беруіме болады екен деген сенімі орныға түсті.

Дон Кихоттың таңғажайып түрде аяқ-асты сауығып шығуы атқосшысын таң-тамаша қалдырып, шөгенде қалғанды ішіп алуға рұқсат сұрады, ал онда әлі де әжептәуір мөлшерде бальзам бар-тын. Дон Кихот ырзашылық еткен соң, Санчо шөгенді қос қолдай ұстап басына төңкерді де, бар ықыласымен құныға және құшырлана сіміріп, бальзамның қожайыны ішкеннен гөрі сәл аздау бөлегін ішіне қотарып алды. Бірақ, сормаңдай Санчоның асқазаны Дон Кихоттікі секілді нәуетек болмай шықты: қашан құсып тастағанша жүрегі айнып, лоқсып, терге малшынып, басы айналып, жаны мұрнының ұшына келген оның өмірмен қош айтысар сәті жеткеніне еш күмәні қалмады; әбден сілесі қатып, діңкелеген ол бальзамның өзіне де, оны өзіне ішкізген зұлымға да қарғыс жаудырумен болды. Оның қандай қасірет шегіп жатқанын көрген Дон Кихот:

— Менің ойымша, Санчо, жағдайыңның нашарлап кеткен себебі — рыцарьлар қатарына қабылданбағаның-ау деймін, бұл сұйықтықтың рыцарьлық орденге өтпегендерге септігі тимейтініне сенімім кәміл, — дегенді айтты.

— Егер мұны алдын-ала білген болсаңыз, онда неге оны маған ішуге рұқсат еттіңіз, өзімді де, бүкіл жекжат-жұрағатымды да жын соққыр!..

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий