Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Рыцарымыздың құшағында отырған Мариторнестің дымы құрып, қара терге түскен болатын; оның сөзіне құлақ та қоймаған әрі түк ештеңесін түсінбеген ол құшақтан босап шықпаққа үнсіз бұлқынумен болған. Арамы тілек тынышын кетіріп, ұйқысы қашқан, сүйіктісінің келгенін табалдырықтан аттаған бойда-ақ аңғара қойған малшы бұл кезде Дон Кихоттың оған не айтып отырғанына бар ынты-шынтысымен құлақ түріп жатқан-ды; ақыры астуриялық бикеш өзіне опасыздық жасап, басқа біреуге берілмекші-ау деген қызғаныш жетегімен Дон Кихоттың жанына жақындаңқырап барып тоқтап, әңгімесінің ауанын түсінбек үшін пәтуасыз сөздеріне құлақ тосты; бірақ бикештің босап шыққысы келіп бұлқынып, Дон Кихоттың оны жібермей жатқанын көргенде бұл арпалыс оған онша ұнамай, махаббатқұмар рыцарьдың сопақша келген жағынан бар күшімен құлаштап періп кеп қалды да, аузын қанатып салды; бұны да қанағат тұтпаған малшы оның үстіне қонжия кетіп, бас-көз жоқ төмпештей жөнелді. Бұдан соң Дон Кихоттың онсыз да орнықсыз, шатқаяқ сәкілерге орнатылған төсегі малшының қосымша салмағын көтере алмай сол сәтте-ақ жерге гүрс құлады; төсек құлаған кезде шыққан кереметтей тасыр-тұсыр бекетшіні де оятып жіберді, сол бойда-ақ ол бұның бәрі Мариторнестің қылығы екенін түсіне қойды, өйткені, шақырған даусына жауап қатпаған болатын. Күдігі қаншалықты негізді екеніне көз жеткізу үшін ол тұрып, май шам жағып, жаңағы қырғын төбелес болып жатыр деп ойлаған жағына қарай бет алды. Екі иығын жұлып жеп кіріп келе жатқан қожайынын көрген күтуші қатты абдырап, зәре-құты қалмай қорқып, ұйқтап жатқан Санчо Пансаның қасына барып бүк түсіп жата қалды. Қожайын ішке айқайды сала кірді:

— Әй, қайдасың сен қыз? Ант етем деп айтайын, осының бәрі сенің істеп жүргенің!

Бұл кезде Санчо да оянған; әлдебіреудің бар салмағымен үстіне қонжия кеткенін сезіп, оны жаман түс көріп жатқанға жорып шошыған ол оңды-солды жұдырық сілтеуге көшкен және бұл бет-алды соққыларының басым бөлегі Мариторнеске дарып жатқан-ды, — ал, Мариторнес болса, соққы жанына батқандықтан ұят атаулының бәрін былай жиып тастап, оған оңдырмай есе қайтара бастағандықтан Санчоның да ұйқысы шайдай ашылған-ды; сөйтіп, енді өзін біреудің аямай ұрғыштап жатқанын сезген, бірақ оның кім екенін біле алмаған ол шап беріп Мариторнеске жабыса кетті, одан соң екеуінің арасында көз алдыңа елестетудің өзі қиын сұмдық қиян-кескі әрі соншалықты күлкілі айқас басталып кетті. Бекетшінің қолындағы білте шамның жарығынан бикешінің жағдайы қиындап кеткенін көрген малшы Дон Кихотты тастай беріп, соған көмекке ұмтылды. Оған еріп бекетші де ұмтылды, бірақ оның мақсаты басқашалау болатын: осы шулығанның бәрі жалғыз тек Мариторнестің ғана кінәсінен болып жатқанына еш шүбә келтірмеген ол күтушісін тәртіпке шақырып қоймақ еді. Одан соң ертегідегі: “ит мысыққа, мысық итке” дегендей ахуал орнады, — малшы Санчоға, Санчо күтушіге, күтуші Санчоға, бекетші күтушіге жармасып, бір-бірін жедел төмпештің астына ала бастады. Осы арада бекетшінің шамы өшіп қалды да, тастай қараңғыда тоқайласқан жаугерлер бір-бірін нобаймен соққылауға көшті және бұл кездегі соққыларының аяусыз болғаны сонша, біреудің жұдырығы біреуге тиген жердің бәрін қан қақсатып жатты.

Бұл күні осы бекетте толедолық ескі Қасиетті ағайындықтың жасауылы қонып жатқан болатын. Айқастың ала бөтен айқай-шуын естіген ол өз дәрежесін айқындайтын таяқшасы мен қағаз салынған қаңылтыр қорапша секілді заттық айырым белгілерін ала сап, қармаланып шолан ішіне енген бойда:

— Әділ соттың атымен әмір етемін, тоқтатыңдар! Қасиетті ағайындықтың атымен айтамын, тоқтатыңдар! — деп айқайды салды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий