Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ішке кірген жасауыл ең әуелі оңбай соққы жеп, есінен танған қалпы күйреп түскен төсегінде ұзынынан сұлап жатқан Дон Кихотқа тап болды, сөйтіп сипаланып жүріп сақалын тауып, оны уыстай алған бойда: “Әділ сотқа көмекке келіңдер!” деп бірнеше мәрте айқайлады. Бірақ, әлгі адамның қозғалмақ түгіл қыбыр етпегенін көрген ол бұны өлген кісі екен, ал қалғандары соны өлтірушілер екен деп ойлап қалды, осындай күдікке бой алдырған сәтте-ақ:

— Қақпаны жабыңдар! Ешкімді сыртқа шығармаңдар — мына жерде адам өлтірілді! — деп бұрынғысынан да қатты айқайлап жіберді.

Бұл айқай төбелесіп жатқандардың зәресін кетірді, бәрі де жасауылдың дауысын естіген-естіген жерлерінде қалшиып қатты да қалды. Одан соң бекетші үйіне, малшы ер-тұрманына, күтуші құжырасына оралып, сормаңдай Дон Кихот пен Санчо ғана орындарынан қозғала алмай ондалап жата берді. Сол арада жасауыл уысын жазып, Дон Кихоттың сақалын жібере салды да, қылмыскерлерді ұстап, тұтқындамақ үшін жарық тауып әкелмекке кетті; алайда бөлмесіне қарай беттеп бара жатқан жолында бекетші фонарьдың білтесін қасақана басып кеткендіктен оның бұл әурешілігінен ештеңе өнбеді, — одан соң жасауыл от жанып жатқан ошаққа қарай жөнеп, әжептәуір уақыт пен күш жұмсауының арқасында ақыры екінші шамды жақты.

ХҮІІ тарау

Мұнда рыцарымыз, сорына қарай, әлдебір қамал-сарай деп жобалаған бекетте ер жүрек Дон Кихот пен сенімді атқосшысы Санчо Пансаны күтіп тұрған жаңа өрескел азап пен мазақ жайында баяндалады

Бұл екі ортада Дон Кихот та есін жиып, атқосшысына тағы да тап сол ана сойыл жауған алқапта жатып жанына шақырғандай дауыспен дыбыс берді.

— Санчо достым, сен ұйқтап жатырсың ба? Ұйқтап жатырсың ба, достым Санчо?

— Жын-пері біткен жабылып түні бойы жан алқымға алғандай күй кешкенде ұйқтап жарытарсың бұл арада, нәлет мені атқыр, — деп тіл қатты Санчо күйініш пен налаға толы үнмен.

— Мұндай ойға бой алдыратын ретің әбден бар, — деп құлаққағыс етті Дон Кихот, — өйткені, не мен ештеңе түсінбеймін, не бұл дуаланған қамал-сарай. Сенің біліп қойғаның жөн... Тұра тұр, сен әуелі қазір өзіңе айтқалы жатқан нәрсемді мен өлгеннен кейін де құпияда сақтайтының жайында ант етуің керек.

— Ант етем, — деді Санчо.

— Ант беруіңді талап етіп отырған себебім, кімнің де болсын ар-намысына кір келмегенін жөн көрем, — деп түсіндірді Дон Кихот.

— Ау, мен өзіңіз өлгеннен кейін де жақ ашпаймын деп антымды беріп қойдым ғой, — деп наразылық білдірді Санчо, — бірақ, құдай қош көріп, ертең-ақ аузымнан шығып кеткей!

— Маған мұншалықты жедел өлім тілейтіндей саған не қиянат жасап едім? — деп сұрады Дон Кихот.

— Сіздің бұған ешқандай қатысыңыз жоқ, — деп қарсылық білдірді Санчо. — Мен өзім тумысымнан нендей де болсын нәрсені бойымда ұзақ сақтауға жоқпын: сақтайсың-сақтайсың келіп, бір кезде қарасаң бұзылып кеткенін көресің — міне, менің қорқатыным осы.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий