Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Шатырының тесігінен жұлдыз сығалап тұрған осы қора-жайдың нақ кіре берісіне Дон Кихоттың әрі қатқыл, әрі енсіз, болымсыз да орнықсыз төсегі орналасқан-ды, ал сәл әрменіректен Санчо Панса өзіне жатар орын әзірлеген, оның төсек-орны қамыс бойрадан және жүн деуден гөрі түтуге көнбестей боп ұйысқан кендір талшықтары салынған деуге келіңкірейтін жамылғыдан тұратын. Бұл екеуінің ар жағынан, әлгінде айтылып өткендей, төсек орнына өзінің ең тәуір деген екі қашырының ер-тұрманы мен әбзелдерін пайдаланған малшы жайғасқан-ды, — ал, жалпы, оның жүні жылтыраған семіз, тоқ та ширақ он екі қашыры бар-тын, себебі аревальдық бай малшының бірі болатын және бұл малшымызды әжептәуір жақсы білетін осы хикаяның авторы құлаққағыс еткендей, ол тіпті өзіне ағайын боп келеді екен, сондықтан оған көбірек көңіл бөлуді қажет деп тауыпты. Жалпы алғанда, Сид Ахмет Бен-инхали — әуестігі айрықша және қай жағынан алып қарағанда да адал әңгімеші: оның бұл қасиеті осы арада өзіміз хабар етіп отырған жайлардың бәрін де, соның ішінде тіпті жүрек айнитын, көңіл аударуға тұрмайтын нәрселерді де көз таса қалдырмағанынан байқалып отыр, осы себепті тәкаппар да маңғаз тарихшылардың одан үлгі алғаны артық болмас еді; өйткені, олардың болған оқиғалар жайындағы үстіртін әрі шамадан тыс келте қайырылған әңгімелері құшыр қандырмайды, әлде қырсыздығынан ба, әлде арам пиғыл араластырғанынан ба, әлде надандығынан ба, болған жайдың тоқ етері сиясауыттың түбінде қалып кетеді. Ал,Таблант Рикамонтскийдің авторы мен граф Томильястың ерліктері жайындағы кітап авторының жөні басқа, лайымда даңқы асып, атақтары аспандай бергей: түк қалдырмай бәрін егжей-тегжейлі жазатындарын айтсаңшы, шіркіндердің!

Сөйтіп, қашырларын қарап, тағы да кішкене жем-шөп беріп қайтқан әлгі малшы қолды-аяқтай Мариторнесті күтіп, ерін жастанып, төсегінде ұзынынан түсіп жатқан. Тұла бойын пластырь жапқан Санчо да орнына жайғасқан, бірақ қабырғаларының ауырғаны мазасын алып көпке дейін көз іліндіре алмаған. Дон Кихот та бүйірлерінің сыздауын ауырсынып, қоян секілді көзін бақырайтып ашып жатқан. Бекеттегі абыр-сабыр да тиылып, маңайдың бәрін қараңғылық басқан-ды, тек кірер есіктің аузында ғана фонарь жанып тұрған.

Құлаққа ұрған танадай тыныштық пен рыцарымыздың бақытсыздығына кінәлі қай кітаптың болмасын әр бетінде кезігетін оқиғалар жайындағы жабысқақ ойлар оны кез-келген адамның қиялына әлдеқалай кіре қоймайтын оғаш та ақылға сыйымсыз бір арманға жетеледі, анығырақ айтқанда, ол өзін бейне бір еңселі қамал-сарайға келіп жеткендей, — оның өзі түскен бекеттерді әрдайым қамал-сарай деп жобалайтынын білеміз ғой, — бекетшінің, яғни қамал-сарай қожасының, қызына бұл айтып жеткізгісіз әсер қалдырғандай, сөйтіп ол қыз бұған бір көргеннен ғашық боп, бүгін түнде ата-анасына білдірмей келіп бір-ер сағат жанында болуға уәде бергендей көрінді; бірақ өзі ойдан шығарған осынау қисынсыз қиялды күмәнсіз де талассыз шындық ретінде қабылдаған ол сол бойда-ақ аяшына деген кіршіксіз адалдығы қандай ауыр сынаққа душар болатынын көз алдына елестетіп уайым шегіп кетті, сөйтіп қасына тіпті сарай ханымы Кинтаньонасын ертіп королева Джиневраның өзі келсе де мейлі, жүрегінің әміршісі Дульсинея Тобосскаяға опасыздық жасамауға өзіне-өзі ойша серт берді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий