Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Біліп қой, достым, Санчо, — деп жауап қатты Дон Кихот, — кезбе рыцарьлардың өмірі сансыз көп қауіп-қатер мен қырсыққа толы болады, бірақ, есесіне, бастан кешкен оқиғалары өзіме бек жақсы мәлім рыцарьлардың тәжірибесі көрсететініндей, олардың король немесе император атануына қашан да мүмкіндік баршылық. Егер бүйірімнің ауырғаны шыдатпай бара жатқаны болмаса, солардың кейбірінің жаңағы өзім айтқан жоғары дәрежелерге айбынды білектері арқасында қалай ие болғаны жөнінде саған айтып та берер ем, ал олар қиыншылық пен мұқтаждықты соған дейін де, одан кейін де бастан кешкен жандар. Мәселен, айбынды Амадис Галльский бір жолы өзінің қас дұшпаны, сиқыршы Аркалайдың қолына түсіп қалады да, анау оны тұтқынға алған бойда ауланың қақ ортасындағы бағанға әкеп байлап, жүгенді қолына ала сап екі жүз реттен астам шықпыртады, бұл жайында менде мейлінше сенімді мәліметтер бар. Тағы бір аты беймәлім, бірақ сенуге әбден тұрарлық автор Феб рыцарын әлдебір қамал-сарайда қалай алдап қолға түсіргенін баяндайды; оның аяғының астындағы еден ортасына түсіп кетеді де, анау терең шұңқырдан барып бір-ақ шығады, сол арада, жаңағы жер астындағы қапаста, қол-аяғы байланған оған құм араластырылған зәрдей сумен клизма қояды, нәтижесінде анау о дүниеге аттана жаздап шақ қалады. Оны осынау айтып жеткізгісіз азаптан құтқаруға сенімді досы, әлдебір көз байлаушы көмектеспегенде бейшара рыцарымыздың күні қараң болатыны кәміл-ді. Міне, осындай сыйлы адамдардың өзі бейнет шегуге мәжбүр болса, маған не жорық. Оның үстіне, олар құлақ естіп, көз көрмеген, екеуіміз әлі күнге шейін бастан өткермеген мазақ пен қорлыққа душар болған: біліп қой, Санчо, қолға кездейсоқ түскен қарумен жасалған жарақат ар-намысты қорлау боп саналмайды, өйткені жекпе-жек ережесінде бір етікші екіншісін қолына ұстап тұрған қалыппен ұрса, онда әлгі қалып ағаштан ойылғанымен, бұған қарап жәбірленушіні таяқпен ұрды деп санау қисынсыз деп ашып айтылған. Мұны сөз ғып тұрған себебім, бізді сілейтіп сабап тастағандарымен, ар-намысымыз, жақсы біліп қойғын, сол баяғы кіршіксіз қалпында қалды, өйткені, әлгі адамдардың қолында болған және бізді сабаған қарулары — бар-жоғы сойыл ғана, ал шпага, рапира және қанжарлар, жаңылмасам, олардың ешқайсысында болған жоқ.

— Қарауға мұршамды келтірмеді ғой олар, — деді Санчо. — Болат семсеріме жармаспаққа оқталғаным сол еді, аналар қазықтарымен иықтан пергілей жөнелді, қатты соққандары сонша, көзімнен от жарқ-жұрқ ұшып, аяғымнан әл кетті де, мына осы әліге дейін жатқан жеріме сұлап түстім, шынымды айтсам, олар мені таяқпен ұрғаннан ар-намысыма кір келді ме әлде келмеді ме деген ойдан жаным ауырып жатқан жоқ, арқама қандай күшпен ендесе, қаперіме де сондай күшпен ендеген сойылдары тиген тәнім ауырып жатыр.

— Солай бола тұрғанымен, уақыт қаперден өшірмейтін бақытсыздық, өлім тыныш таптырмайтын ауру жоқ екенін біліп қойғын, — деп құлаққағыс етті Дон Кихот.

— Ау, уақыттан басқа ештеңе жоя алмайтын және тек өлім ғана қаперден өшіре алатын қырсықтан асқан қырсық бола ма? — деп Панса қарсылық білдірді. — Егер күйініш-наламызға екі пластырьмен ем-дом жасап жібере алсақ онша жаман болмас та еді, бірақ, байқаймын, ауруханада сақталған пластырь атаулының бәрін жапсырсақ та бізді қазір аяғымыздан тік тұрғызып жібере алмайтын шығар.

— Бұл жайында басыңды қатырма, Санчо, менен үлгі ал және босай берме, — деді Дон Кихот. — Одан да Росинантқа не болған, соны көр: ол сорлы да аз ақирет тартпаған секілді.

— Оған таң қалатын ештеңе жоқ, — деп құлаққағыс етті Санчо, — себебі ол жай жануар емес, кезбе жануар ғой. Мені басқа нәрсе: бәрімізді түгел әңкі-тәңкімізді шығарып таяққа жыққанда, есегімнің қалайша бұл тақсіреттен аман қалғаны болып таңғалдырып тұр.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий