Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Тынысым ауырлап, көп сөйлеуге шамам келмей жатыр, оның үстіне бүйірімнің ауырғаны да әлі басылмай тұр, әйтпесе, Панса, қандай күпірлікке ұрынғаныңды егжей-тегжейлі түсіндіріп берген болар ем. Құлағың сал, күнәкар пенде, егер осы күнге шейін өңменімізден соғып тұрған Фортуна20 желі бағытын ауыстырып, арқа жағымыздан ексімдеп берсе, сөйтіп арманымыздың желкеніне жел кернетіп өзім саған уәде қылған аралға аман-сау және кедергісіз барып жетсек, сол аралды жаулап алып, өз қолыңа тапсырған кезімде сен қайтер екенсің? Өзің рыцарь болмағандықтан және ондай болуға құлқың да жоқтықтан сен онда дәнеңе де істей алмаған болар ең, өйткені өз бойыңа жау жүректік қасиет дарытқың келмейді, өзіңе жасалған қиянат үшін кек қайтаруға және өз құқыңды қорғап қалуға ықыласың жоқ. Сен мынаны біліп қой: жаңадан жаулап алынған корольдіктер мен провинцияларда, әдетте, өз бетімен ауа жайылушылық жиі байқалады, жаңа әміршіге бұратана халықтың бәрінің бірдей көңілі тола бермейді, осының салдарынан әлде біреудің қалыптасқан тіршілік тәртібін өзгертуге, сөйтіп, бағын сынап көрмек үшін дегендей, төңкеріс жасауға талаптану қаупі қашанда сақталып отырады, ал жаңа билеушінің қажет жағдайда өзін қорғап қалуы үшін немесе қарсы шабуылға шығуы үшін өз еркіне өзі ие бола білуі және жау жүректік қасиетке ие болуы міне осындайда керек болады.

— Әлгі әзірде ғана басымыздан өткен өрескел жағдай анау әлгі жау жүректік пен ептілік дегеннің өзімде де болғаны онша артық етпейтінін есіме салып отыр, — деп Санчо оны қостай кетті. — Бірақ, жоқ-жұтаң атымен ант етейін, дәл қазір өзім ақыл-кеңестен гөрі пластырьға21 көбірек мұқтаж болып отырмын. Тұра алсаңыз, орныңыздан тұрып көріңіз, тақсыр, сосын Росинантқа да қол ұшын берейік, ал, жалпы, әлгіндегі соққы мен тепкінің басты айыпкері осы болғандықтан оған көмектеспей-ақ та қойған дұрыс болар еді. Апырай, Росинанттан мұндайды күтпегем: бұл да өзім секілді тақуа әрі момақан ғой деп ойлағам. Үндемегеннің ішінде үйдей бәле жатады, бұл дүниеде өзгермейтін нәрсе жоқ дегенді жұрт шынымен-ақ біліп айтқан екен. Анау әлгі бейшара кезбе рыцарьға есін тандыра берген соққыларыңыздан кейін лезде-ақ арқамызға таяқ бұршақтай тарсылдап береді деп кім ойлаған?

— Сенің арқаң, Санчо, бәлкім, мұндай бәлеге әбден үйренген де болуы мүмкін, — деп қарсылық білдірді Дон Кихот, — ал енді қағаздай жұқа голланд кенебіне үйреніп қалған менің арқам, әрине, ауырғанды қаттырақ сезінетіні белгілі ғой. Егер мен ойлаған болсам... не деп тұрмын: ойлағаным не? — егерде мұндай жағымсыз жайттар жортуылдағы өмірдің ажырамас бөлшегі болатынын алдын-ала анық білмесем, онда осы арада құсадан өлген де болар ем.

— Сеньор! — деп атқосшы қайтадан сөйлей жөнелді. — Егер рыцарьлар жинайтын өнім өңкей осындай бақытсыздықтар болса, онда сіз маған, мейірімді мырзам, мұның қаншалықты жиі қайталанып тұратынын немесе бұлардың әлденендей бір нақтылы мерзімі болатынын айтпас па екенсіз? Себебі, осындай екі өнімнен кейін үшіншісін жинауға, мейірім-қайырымы мол жасаған иеміз өзі қол ұшын бермесе, шамамыз келмей де қалатын сияқты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий