Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Осы хикаяның бірінші бөлімінде біз ер жүрек бискайлықпен және айбынды Дон Кихотпен олар жалаң семсермен төніп келіп бір-бірін енді-енді бар күшпен шапқалы тұрған шақта, егер де ақыры осылай күйрете соққы берудің сәті түскен жағдайда құдды анарды қақ бөлгендей бірін-бірі жоғарыдан төмен қарай тіліп түсіретініне еш күмән қалмаған тұста қоштасқан болатынбыз; ал, енді қоштасқан себебіміз автор ең қызықты деген жеріне келгенде кілт тоқтап, одан әрі не болғанын қайдан білу керегін де көрсетпестен, ұнамды хикаясының соңын шорт үзіп тастаған болатын.

Бұл жағдаят мені қатты қынжылтты, осынау азын-аулақ беттерден тапқан сүйінішімнің орнын, мына тартымды туындыға, өз пайым-түсінігімше, жетпей тұрған қыруар бет қашан қолыма тигенше қандай мехнатты жолдан өтуге тиіспін деген ойдан туған күйініш алмастырды. Оған қоса, осыншалықты айтулы рыцарьдың теңдессіз ерліктерін суреттеп жазатын бір оқымысты оғланның шыға қоймағаны — маған тіптен адам сенгісіз әрі шектен тыс оғаш нәрсе іспетті көрінді, өйткені шытырман оқиғаларды іздеумен мәңгілікке даңқы кеткен кезбе рыцарьлардың бәрі де шежірешіге кенде болмаған еді — әрқайсысының бір-бірден, кейде тіпті екі-екіден оқымыстысы болған-ды, олар рыцарьлардың дағдылы қарекеттерін сипаттаумен ғана шектеліп қалмай, бізге олардың ой-армандарын, соның ішінде тіпті түкке татымайтындарын да, олардың барлық парықсыз қылықтарын, соның ішінде өздері жұрт назарынан мұқият қымтап жүргендерін де, мәлім қылды: осы тұрғыдан алып қарағанда, ізгі ниетті рыцарымыздың тағдыр өзін Платир мен сол рәуіштестерде жетіп артылатын игіліктен қағажу қалдырардай сәтсіздікке ұшырауы мүлдем мүмкін емес-ті.

Сонымен, өз басым аса қызықты бұл хикая қиюы қашып, аяқталмай қала берер деген ойдан аулақ болғам-ды — дүниедегінің бәрін жойып, жалмап қоятын зұлым уақыт оны да жұтып немесе жасырып тастағанына сенімді едім. Оған қоса, егер Дон Кихоттың қоймасынан Энарестік нимфалар мен бақташылар және Қызғаныштан сауықтыру секілді осы таяуда ғана жарық көрген кітаптар табылған болса, онда оның бастан кешкен хикаясы да тым көне болмауы керек қой, тіпті қағаз бетіне түспеген күннің өзінде де, бәрібір бұл жәйт оның селоластары мен күллі Ламанча өңіріне мәлім болуға тиіс қой деп ойладым. Осынау болжам мені қатты толғандырып, айтулы испанымыз Ламанчалық Дон Кихоттың, ламанчалық рыцарьлықтың шырағы және шарайнасы, мына бүгінгі заманда, мына өзіміз ғұмыр кешіп жатқан қырсығы арылмаған кезеңде жәбір көргендерге араша түсуге, жесірлерге жәрдемдесуге, қыз-қырқынға, әсіресе күйеуге шықпағандығының күйігінен қолына қамшы алып, жорғаға мініп тау мен тасты аралап серуендеп жүретіндерге, — бағзы заманда, шынымен-ақ әлгіндей кәрі қыздар болған: олар сексенге келгенше ғұмыр жасап, егер әлденендей рақымсыз біреу, әлдебір жол торыған қарақшы немесе дүлей дәу абыройын төгіп жүрмесе, бірде бір түнін оңаша отауда өткізбей-ақ, шешелеріне ұқсап пәк күйінде табытқа түсетін, — міне, осындай бейбақтарға қамқорлық жасауға міндетті кезбе жауынгердің бар ауыртпалығы мен парызын тұңғыш болып өз мойнына артқан рыцарьдың өмірі мен бастан кешкен ғажайып оқиғалары жайында нақты да нанымды деректер табу жөніндегі құлшынысымды арттыра түсті. Тоқ етерін айтқанда, осы және басқа да істері үшін Дон Кихотымызды әр кезде және жеріне жеткізе мақтап-мадақтау қажет деп білемін, онымен бірге осынау тартымды хикаяның аяғын табу жолында еткен еңбек, төккен терім үшін мені де мақтап қойған артық болмас еді; дегенмен, әуелі жаратқан иеміз, сосын кездейсоқтық пен жазмыш септігін тигізбесе, ықтиятты оқырманға осынау хикая тарту етер екі сағатқа жуық мөлшердегі көңіл көтеру мен рақатқа бату бақытынан адамзат баласы мәңгілікке айрылып та қалуы ықтимал екенін өзім бек жақсы біліп отырмын. Ал, оның аяқ жағы мынадай жағдайлар үстінде табылып еді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий