Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Олар осылай әңгіме-дүкен құрып келе жатқанда алдарынан түйеге мінген екі бенедиктілік монах бой көрсетті — қашырларының шамадан тыс ірілігі сонша, бұларды түйеге мініп келе жатты деп айтпасқа әддің жоқ-ты. Монахтар жол көзілдірігін киіп, қол шатыр көтеріп алыпты. Жаяулатқан екі малай қашыр айдап келеді; ал артта әлде төрт, әлде бес салт атты нөкері бар күйме келе жатыр. Кейін белгілі болғанындай, күймеде Бискаяда тұратын ханым отырған-ды — ол Севильядағы күйеуіне бара жатқан, күйеуі болса өзіне аса бір құрметті мансап берілгелі тұрған Америкаға аттанбақшы болатын, ал жаңағы монахтар ханымды шығарып салушы емес, кездейсоқ ұшырасқан серіктері еді. Бірақ, Дон Кихот оларды көрген бойда атқосшысына қолма-қол былай деп мәлім етті:

— Қателеспесем, бізді үш ұйқтасаң түсіңе кірмейтін бір ғажайып шытырман оқиға күтіп тұр. Әне бір алыстан бой көрсеткен қара-құра құбыжықтардың сиқыршылар екенінде күмән жоқ: олар принцессаны алып қашып, күймеге отырғызып әкетіп барады, енді мен қайткен күнде де осынау қара ниеттілердің ойын іске асырмауға тиіспін.

— Апырай, мұның нәтижесі жел диірмендермен болған жағдайдан да жаман боп шықпаса игі еді, — деп абыржыды Санчо. — Жә, қойсаңызшы, сеньор, бұлар бенедиктілік ағайындар ғой, ал күймеде әлденендей бір саяхатшылардың келе жатқаны кәміл. Расы сол, мейірбанды мырзам, айтқанымды тыңдап, райдан қайтыңызшы, әйтпесе тағы да шайтан түртіп шатаққа шырмалуыңыз ғажап емес.

— Айттым ғой саған, Санчо, шытырман оқиға дегеннен сен әлі мүлдем мақұрым адамсың, — деді наразы Дон Кихот. — Айтқаным айдан анық, оған қазір-ақ көзің жететін болады.

Сол арада ол ілгерірек озып кетті де, жолдың қақ ортасына барып тұрды, сосын монахтар өзін еститіндей жерге жақындағанда қатты дауыстап:

— Құтырынған құбыжықтар! Күймеге отырғызып күштеп алып бара жатқан асыл текті принцессаларды қолма-қол босатыңдар қане! Олай болмаған күнде зұлымдықтарыңа лайықты жаза беріледі: табан астында жан тапсыруға дайындалыңдар! — деді.

Тізгін тартып тұра қалған монахтар Дон Кихоттың сүдіні мен сөзінен үрейлері қалмай, былай деп жауап қатты:

— Сеньор кавальеро! Біз құтырынған құбыжық емеспіз, бенедиктілік

иноктармыз , өз шаруамызбен кетіп барамыз, ал күймеде қолды болған

принцессалар бар ма, жоқ па — одан мүлдем бейхабар адамбыз.

— Тәтті сөзбен алдарқата алмайсыңдар мені. Мен сендерді, екі жүзді сұрқияларды, баяғыдан білем, — деді Дон Кихот.

Сосын жауап күтпестен Росинантын шпормен тебініп жіберіп, найзасын көлденең ұстаған қалпы, ашудан жарыла жаздардай боп әлгі монахтардың біріне қарай өжеттене ұмтылды: егер анау қияметтің алдын алып қашырдан құлай кетпегенінде Дон Кихот оны бұған күшпен мәжбүр етер еді, оған қоса оны ауыр жарақаттап, бәлкім тіпті өлтіріп те жіберген болар еді. Серігінің қандай кепке тап болғанын көрген екінші монах ырыққа көнгіш қашырының бүйірін өкшесімен бір теуіп желдей есіп заулай жөнелді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий