Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Қонақтың қырсықты қылықтары бекетшіні діңкелетіп те тастаған, сондықтан ондайдың қайталануына жол бермеуді әрі бұдан да зор тақсіретке тап болмауды көздеп, әлгі қарғыс атқыр қабылдау рәсімін осы қазір қолма-қол жасап жібермек болды. Дон Кихотқа таяп келген ол өзін бейхабар қалдырған мына сілімтіктердің осынша дөрекілік көрсеткені үшін кешірім сұрап, есерлерді есін тандыра жазалауға уәде берді. Одан соң қамал-сарайда зияратхананың жоқтығын және оған деген мұқтаждықтың да қалмағанын қайталап айтып, рыцарьлыққа қабылдау салтанаты мен рәсімі желкеден бір қою мен семсермен арқадан бір салудан ғана тұратыны өзіне бек жақсы мәлім екенін хабарлады, бар-жоғы тек осы ғана, мұны ашық далада да ойдағыдай өткеруге болады, ал қару-жарақты күзетуге келсек, оның әңгімесі әлдеқашан аяқталған, өйткені күзетуге бар болғаны екі-ақ сағат беріледі, Дон Кихот болса төрт сағаттан астам күзетте тұр, деді.

Дон Кихот бұл сөзге сеніп қалды; бәрін бұлжытпай орындауға әзір екенін, тек рәсімді мүмкіндігінше тезірек атқаруды тілейтінін мәлім етті, сосын өзін, Дон Кихотты, рыцарьлар қатарына қабылдағаннан кейін оған қайтадан шабуыл жасалған жағдайда бұл арада бірде бір жан иесін тірі қалдырмайтынын — дегенмен, қамал-сарай қожайыны біреулерге ара түсетін болса, тек соларға ғана аяушылық білдіретінін ескертіп қойды.

Зәресі зәр түбіне кеткен қамал-сарай қожасы, негізі ақымақ адам емес қой, сол бойда жүгіре жөнелді де, мал айдаушыларға қанша сұлы мен пішен берілгенін жазып жүрген кітапшасын алып, қолына май шамның тұқылын ұстаған малайы мен жоғарыда аталған екі бикешті ертіп Дон Кихотқа қайтып оралды; сонан соң оған тізесін бүгуге әмір етті де, өзі әлденендей бір қасиетті дұғаны оқуға кіріскендей түр жасап, іле оны бар күшімен желкеден қойып кеп қалды, бұдан кейін дұға оқыған секілді боп бірдеңені міңгірлеуін одан әрі жалғастыра жүріп, рыцарьды арқасынан өз семсерімен жақсылап тұрып бір қонжитты. Сосын жезөкшелердің біріне семсерді оның беліне ілуге бұйырды, оны әлгі қатын айрықша ептілікпен және әдептілікпен атқарып шықты: өйткені, бұл рәсімді орындау үстінде кез-келген сәтте тырқ етіп күліп жібермеу үшін әжептәуір күш керек болатын; алайда, жаңада рыцарь аталғанның жаңағы ерліктерін еске түсірудің өзі-ақ қаумалап тұрғандардың күлкісін күмірә қылуға жеткілікті еді.

— Күллі рыцарь атаулының ішіндегі ең бір ақжолтайы болуыңызға жаратқан иеміздің жәрдемі тисін, барлық айқаста да жеңіске жеткізіп отырсын! — деген лебіз айтты оның беліне семсер байлап жатқан қадірменді сеньора.

Дон Кихот кімнің өзіне осыншама жақсылық жасағанын білуге тиіс екенін жария етті, осы себепті одан өз есімін айтуын сұрап, онымен болашақта айбынды білегінің күшімен ие болудан үмітті абырой-атақпен бөліскісі келетінін мәлім қылды. Келіншек монтаны ғана кейіппен өзінің аты Ұшқалақ, Толедода туып-өскен, қазір Санчо Бьенайдағы сауда орамында тұратын етікшінің қызы екенін, осы қазірден бастап, қай жерде жүрмесін бұған қызмет етуге және оны өзінің мырзасы ретінде құрметтеуге дайын екенін айтты. Дон Кихот одан бір бұйымтайы барын, атап айтқанда: өзіне деген құрметі рас болса, аты-жөніне донья атағын тіркеуін, сөйтіп алдағы уақытта донья Ұшқалақ атануын өтінді. Келіншек уәде берді. Сол арада екінші бикеш етігіне шпорын тақты, ол бұнымен де әлгінде беліне семсер байлаған келіншекпен екі арадағыдай әңгіме жүргізді. Оның аты кім екенін сұрады, келіншек өзінің аты Қаңғалақ, елге қадірлі антекерлік ұн тартушының қызы екенін айтты. Дон Кихот оған өз қызметі мен қамқорлығын ұсынып, оның да өз аты-жөніне донья атағын тіркеуін, сөйтіп алдағы уақытта донья Қаңғалақ атанып жүруін өтінді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий