Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Лотарио досым, сен, шамасы, өзіме осындай ата-ана тарту еткен, сондай-ақ табиғи қабілет дейтіндер мен жан рақатын таптыратын нәрселердің бәрін жомарттықпен басыма үйіп-төккен, оған қоса өзің секілді досқа, Камиллам сынды зайыпқа, — тиісті дәрежеде бағалай алмай жүргеніммен, әйтеуір қолымнан келгенше қадір тұтатын қос қазынама, — тап қылған жаратқан иеміздің жақсылығын қалай дәріптеуді білмей дал боп жүр деп ойлайтын да шығарсың мені. Әйткенмен, адам өзін бұл дүниеде бақытты сезініп, бақытты ғұмыр кешуі үшін не қажеттің бәрі қолымда тұрғанымен, өзімді алдауға ұшыраған, жападан-жалғыз қалған, күллі әлемдегі ең сормаңдай жандай сезініп жүрмін; өзім де түсіндіріп бере алмайтын, айтуға да аузым бармайтын бір тілек мені көптен азапқа салып, жанымды жегідей жеп жүр, соған өзім де таңғалам, өзіме өзім ренжимін, өзіммен өзім арпалысқа түсем, оны еске алмауға, ескермеуге барымды салам, сөйтсем де бұл құпиямды іште сақтау да, қасақана жұртқа жария ету де қолымнан келмей тұр. Сондықтан ерте ме, кеш пе бәрібір мәлім болмай қоймайтындықтан, оны сенің сыр шашпайтын сырбаздығыңа сеніп тапсырғанды жөн көрем, өйткені сыр шашпайтындығыңның және шын дос ретінде маған көрсететін жан аямас жәрдеміңнің арқасында көп ұзамай-ақ осы бір қамығудан құлан-таза арылып, есалаңдығымның нәтижесінде қандай мазасыз халге душар болсам, ықылас-пейіліңнің нәтижесінде сондай дәрежеде қуанышқа кенелермін деп сенем.

Ансельмоның сөзі Лотарионы әрі-сәрі ғып қойды — мына ұзын-шұбақ алғы сөздің әлде кіріспенің не үшін керек болғанын түсіне алмай әуреге түсті; досын осынша азапқа салып, көңілін тыныш таптырмай жүрген нәрсенің не екені жайында қанша бас қатырғанымен, бәрібір оның нобайы ақиқаттан әлдеқайда алыс жатқан болатын; сонан соң берекені алған әрі-сәрі халден арылуды көздеген ол маза бермей жүрген ойларын бұлайша тұспалдап айтуы арқылы Ансельмо өздерінің ақ-адал достығын аяқ-асты еткенін, өйткені бәрін жасырмай жайып салса, өзінің, Лотарионың, оған бұл ойларын құпияда сақтау жөнінде кеңес беретіні, не бұл ойларын іске асыруға көмек көрсететіні Ансельмоға бек жақсы белгілі екенін мәлім етті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий