Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Рас айтасың, — деді Ансельмо. — Олай болса, осы сенімді арқалана отырып, Лотарио досым, саған жұбайым Камилла өзім ойлап жүргендей соншалықты кіршіксіз таза әрі ізгі қасиеттер иесі ме — міне, осыны білуге аңсарым ауып жүрген жайым барын хабарлағым келеді, — ал өз пікірімнің әділдігіне тек оны сынақтан өткізу арқылы ғана көз жеткізе алмақпын, алтынды отпен сынайтыны секілді, бұл сынақ оның ізгі қасиеттерінің дәреже-деңгейін анықтап беруі керек. Өйткені, досым, өзімнің нық сенімім бойынша, ілтипатына ие болуға ешкім құштарлық білдірмеген әйел ізгі қасиеттер иесі саналуға тиісті емес, тек өзіне ғашық болғандардың ант-су ішіп айтқан сөзі де, сый-сияпаты да, көзінің жасы да, қыр соңынан қалмай үздігуі де селт еткізбеген әйелдер ғана шынымен дініне берік саналмақ. Расында да, — деп жалғастырды ол сөзін одан әрі, — ешкім әйеліңді азғырып, тура жолдан тайдыруға талпыныс жасамаған болса, ондай әйеліңнің адал болғанында не тұр? Егер жеңіл жүріске салынуына ешқандай желеу болмаса, егер өз тарапынан кеткен аз ғана ағаттығы үшін өлімге қиятын күйеуі барын білетін болса, ондай әйелдің ұялшақтығы мен жұрт көзіне түсуді жаратпайтын жасқаншақтығында не тұр? Ендеше, қорқыныштан немесе оңтайлы сәт кезікпегендіктен ізгі қасиеттерге ие боп жүрген әйелге, қолына түсіруге құштар болған және қыр соңынан қалмай қойған еркектермен арпалыста ар-ұятын сақтай білген әйелге деген құрметпен қарағандай қарай алмаймын. Міне, осы себептен, сондай-ақ өз пікірімді нығайтып, негіздей түсу үшін көптеп келтіруіме болатын басқа да себептерден, жұбайым Камилланың аталған қиындықтарды бастан кешуін, өзіне айрықша ынтызарлық білдіруге лайықты адамның өмешесі үзілуі мен ындыны құруы секілді от-жалынды өткелектерден өтіп, тазарып, шынығып шығуын қалаймын. Егер осы арпалыста ол жеңімпаз атанса, ал оған титтей күмәнім жоқ, онда өзімді жер басып жүрген жандардың ішіндегі ең бақыттысымын деп санар едім, бұл жалғанда енді басқа ешқандай тілек-арманым жоқ деп жария етуге толық қақым болар еді, сөйтіп, тағдыр өзімді бір кемеңгердің: “Ізгі қасиетті жұбай кімде бар?” дейтін сауалына жауап боларлық діні берік әйелге жолықтырды деп айта алар едім. Ал, егер өзім күтпеген жағдай орын алып жатса, онда бәрін алдын-ала сезіп білген сұңғылалығыма деген қуанышым осыншама қымбат құрбандықпен қол жеткізген тәжірибем әкелетін күйініштің зардабын жеңілдетуге жәрдемдесер еді. Сөйтіп, енді ойға алған бұл ісіме деген қарсылығыңның қандайы да оны жүзеге асыруыма кедергі бола алмайтынын алдын-ала мәлім ете отырып, Лотарио досым, өзіңнен осы арман-бағымды күтіп, мәпелейтін бағбан болуға келісім беруіңді сұраймын, — ал мен, өз тарапымнан, қандай қарекет жасауыңа да толық ерік берем, жұрттың бәрі сыйлайтын, қарапайым, ақкөңіл де адал әйелдің ықыласына ие болуың үшін өзім қажет деп тапқан жағдайдың бәрін жасаймын. Ал, ең бастысы, осындай аса күрделі шаруаны өзіңе сеніп тапсыруға мені мынадай нәрсе итермелеп отыр: Камилланың ықылас-пейілін өзіңе аударып алған күнде де, бәрібір бұл ақырғы шектен аттауға апармайды, — ниет қылған мақсатымыз ғана іске асады, — сөйтіп, ар-намысыма сен тек ойша ғана қиянат келтіресің, масқарашылығым сыр шашпайтын асыл қасиетіңнің қоймасында көмулі қалады, ал бұл қасиетің маған қатысты жағдайда өлімнің сыр шашпайтын қасиетіндей мәңгілік болатынына сенімдімін. Сөйтіп, егер өмірімнің өмір деп аталуға лайықты болғанын қаласаң, осы қазірден бастап махаббат майданына білек сыбана кірісетін бол — әрине, немқұрайды, самарқау түрде емес, ойға алған ісімнің мақсат-мұратына сай айрықша ынтызарлықпен және шынайы достығымыздың айғағы бола алатындай бар ынты-шынтыңмен кіріс.

Ансельмо осындай әңгіме айтты, Лотарионың оны ден қоя мұқият тыңдағаны сонша, анау әңгімесін аяқтағанша жоғарыда келтірілгеннен басқа бір ауыз сөз қоспады, алайда Ансельмоның үнсіз қалғанын көріп, бейне бір қарсы алдында зәрені алатын әрі таңғалдыратын әлдене тұрғандай, оған тесіле қарап қалды да, ақыры былай деп тіл қатты:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий