Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Үйіне бұрынғыша қатынап тұруы қажеттігіне Лотарионың көзін жеткізуге тырысқан Ансельмоның осы және басқа да дәлелдемесіне Лотарионың салиқалы да салмақты әрі көңілге қонымды жауап қайтарғаны сонша, ізгі ниетке негізделген қисындары Ансельмоның жүрегін жібітіп, ақыры екеуі өзара бәтуаға келіп, Лотарио аптасына екі рет және мереке күндері бұның үйінен түстенетін болды; сөйте тұрса да, осындай келісімге қарамай, Лотарио досының ар-намысына қылау түсетіндей іске бармау жайында іштей байлам жасады, өйткені ол өз ар-ұятынан гөрі досының ар-ұяты кіршіксіз таза болуы жайын көбірек ойлайтын еді. Жаратқанның жәрдемімен асқан сұлу әйелге үйленген еркек өзі кімдермен дос-жар адам есебінде араласатынына, сондай-ақ әйелінің өз құрбыларының ішінде кіммен көбірек әмпей-жәмпей болатынына салғырт қарамауға тиіс деген тұжырымға келген еді ол және мұндай тұжырым жасауының да жөні бар-ды, себебі көшеде, шіркеуде, көп адам қатысатын серуенде, киелі орындарға тағзым ету кезінде (әйелін мұндай жерлерге жібермей ұстап қалуға күйеуі көп ретте шарасыз болады) оңаша жолығысу жөнінде уағдаласудың реті келе бермейді, есесіне мұндай жолығысуды құрбысы немесе айрықша іш тартатын әйел жекжаты өз үйінде оп-оңай ұйымдастыра алады. Бұған қоса Лотарио ерлі-зайыптылардың мүлт кеткен жерлерін көрсетіп отыратын достары болуы керегін, өйткені әйелін жанындай жақсы көретін күйеу оның кемшілігін көп байқай бермейтінін немесе көңілін қалдырып алам ба деп қорқып, қай істе қате жібергенін, қалай еткені жөн болатынын, қай қылығының жараспайтынын, қайсысының мақтауға тұрарлық екенін айта қоймайтынын, ал егер досы бұл жайында адын-ала құлаққағыс етсе, онда бәрін оп-оңай жөнге сала алатынын да ескерткен. Бірақ, Лотарио ойлағандай, әрі ақылды, әрі адал, әрі сенімді досты қайдан табуға болады? Оны мен білмеймін; бұған жалғыз тек Лотарионың өзі ғана лайықты болса керек еді, өйткені ол досының ар-намысын асқан ұқыптылықпен және ерекше елгезектікпен қорғап жүрген-ді, сөйтіп осынау бай да балпаң әрі тәрбиелі, оған қоса, өзі жөнінде ойлап қоятынындай, көптеген ізгі қасиеттер иесі саналатын жас жігіттің, Ансельмоның зайыбы Камилла сынды аса сүйкімді әйелге келіп-кетіп жүруі еріккен өсекшілер мен не істерді білмей зеріккен, іші тар жұрттың көзіне сөкет көрінбеуі үшін ол өзіне бөлінген күндердің санын азайтуға, шектеуге және қысқартуға тырысып бақты; шындығы керек, Камилланың көргенділігі мен қарапайымдығы барып тұрған керауыздардың да көмейіне құм құя алатын, бірақ Лотарио оның ар-ұятына да, досының ар-ұятына да көлеңке түспеуін көздеді, сол үшін өзіне бөлінген күндерді, өзі сендіріп бағатындай, кейінге қалдыруға болмайтын қилы шаруаларға арнауды әдетке айналдырды, нәтижесінде Ансельмоның көп уақыты өкпе айтуға, ал Лотарионың көп уақыты ақталуға кетіп жүрді. Бірақ, бір жолы екеуі далаға қыдырып қайтуға шыққан кездерінде Ансельмо Лотариоға мынандай әңгіме айтты:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий