Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Білмеймін не істейтінімді, — деп жауап қатты қыз, — тек білетінім, кейбір ханымдар сондай қатыгез болады, рыцарьлар оларды жолбарыс қаншығы, арыстан қаншығы деп және басқа да осындай жүрек айнитын сөздермен атап жатады. Құдай басқа бермесін! Сезімнен де, ар-ұяттан да ада не деген жұрт десеңізші: олардың тәлімсіп, тұмсық көтергендерінің салдарынан ақ ниетті адам өлуге немесе ақылынан адасуға мәжбүр! Бұлайша бұлтаққа салудың не қажеті барын білмеймін, егер олар соншалықты жібі түзу әйел болса рыцарьларға неге күйеуге шықпайды: ал аналарға да керегі тек сол ғой.

— Аузыңды жап, қызым, — деді бекетшінің зайыбы, — байқаймын, бұл істерден әжептәуір хабардар секілдісің, ал бойжеткенге көп білген және көп мылжыңдаған жараспайды.

— Сеньор өзіме сұрақ қойған соң оған жауап бермей қала алмадым, — деп наразылық білдірді қыз.

— Былай етіңізші, қожайын, әлгі кітаптарыңызды мұнда алып келіңізші, мен қарап шығайын, — деді священник.

— Мақұл, әкелейін, — деп келісе кетті бекетші.

Бөлмесіне барып, ол жақтан қақпағы жіңішке шынжырмен бекітілген ескі сандықшаны алып келді де, ішінен үш қалың том және әдемі қолтаңбамен толтырылған әлдебір қағаздарды алып шықты. Бірінші кітап Дон Сиронхил Фракийский екен, екіншісі — Фелисмарт Гирканский, ал үшіншісі — Ұлы қолбасшы Гонсало Фернандес Кордовскийдің тарихы мен Дьего Гарсия де Паредестің ғұмыр жолы боп шықты. Алғашқы екеуінің тақырыбын оқыған бойда-ақ священник шаштаразға қарап:

— Қазір бізге тек досымыздың күтушісі мен жиен қарындасы ғана жетіспей тұр, — деді.

— Оқасы жоқ, — деді шаштараз келісіңкіремей, — бұларды өзім-ақ мал қорасына алып бара алам немесе пешке тастай салуыма да болады, — айтқандай, ана қараңыз, пештің оты лаулап-ақ тұр екен.

— Не дейсіз? Кітаптарымды отқа жақпақсыз ба? — деп сұрады бекетші.

— Тек екеуін ғана, — деп жауап қатты священник: — Дон Сиронхил мен Фелисмартты.

— Немене, сонда бұлар дінге қарсы әлде флегматикалық дүниелер ме, неге өртемексіздер бұларды? — деп тәптіштей түсті бекетші.

—Флегматикалық емес схизматикалық35 деу керек, достым, — деп құлаққағыс етті шаштараз.

— Мейлі, солай-ақ бола қойсын, бірақ сіздер міндетті түрде әйтеуір бірдеңені отқа жаққыларыңыз келсе, онда Ұлы қолбасшы мен Дьего Гарсияны алыңыздар, ал бұдан басқаларын жаққызғанша өз баламды жаққызғаным жақсы! — деді бекетші.

— Достым! — деп қарсылық білдірді священник. — Бұл екі кітап өтірікке, бос мылжың мен пәтуасыз әңгімеге толы, ал ұлы қолбасшы жайындағы мына кітап болса, бұл шыншыл шығарма, онда көптеген ұлы ерлігі үшін күллі әлем ұлы қолбасшы атандырған Гонсало Фернандес Кордовскийдің іс-әрекеті сипатталады және осындай абыройлы да асқақ дәреже-атаққа тек соның жалғыз өзі ғана ие болған. Ал, Дьего Гарсия Паредес болса, бұл — эстремадурлық Трухильо қаласында туып-өскен, атақты әулеттен шыққан кавальеро, табиғат оған күш-қайратты аямай бергені сонша, шыр айналып тұрған диірмен дөңгелегін жалғыз саусағымен-ақ тоқтатып тастайтын болған. Ал, бір жолы ол қолына шпагасын алып көпірдің кіре берісіне жалғыз тұрып алған да, жаудың сансыз көп сарбазының жолын бөгеп өткізбей қойған. Оның ерлік істерінің көптігі сонша, егер бұлар жайында кавальероға тән қарапайымдылықпен өз ғұмыр жолы жайында оның өзі әңгімелемей, турасын ғана айтатын басқа бір әділ жылнамашы жазған болса, онда бұдан соң Гекторлардың, Ахиллестер мен Роландтардың іс-әрекеті біржола ұмыт боп, естен шығар еді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий