Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Шаштараз бергісі келмей қашқақтап, әйел құйрықты өзіне қарай жұлқылап жатты; ақыры лиценциат оған құйрықты қайтаруы керегін айтты, өйткені қазір енді жалған сақалға қажеттілік жоқ, керісінше ол тіпті табиғи түр-сықпытымен-ақ көріне беруге ерікті, ал Дон Кихотқа мұны өздерін тонаған қылмыскерлерден қашып осы бекетке келіп бас сауғаладым деп түсіндіруге болады, егер Дон Кихот принцессаның малайы қайда деп сұраса, принцесса оны елге қайтып келе жатқанын, жанында күллі корольдіктің құтқарушысы барын хабарлау үшін алдын-ала аттандырып жіберді деп жауап беру керек, деді. Священниктің дәлелдемелеріне көңілі көншіген шаштараз құйрықты бекетшінің зайыбына қуана-қуана қайтарып берді, құйрыққа қоса олар әйелдің Дон Кихотты ана жақтан алып шығу үшін берген басқа дүниелерін де қайтарды. Бекеттің тұрғындары Доротеяның сұлулығына тамсанып, жас жігіт Карденьоның сымбаттылығына сүйсініс білдірді. Священник дастарқанға қолда бардың бәрін әкелуге әмір етті, ақысын жақсылап төлейді-ау деп дәмеленген қожайын әп-сәтте-ақ тәп-тәуір түскі ас әзірлей қойды; Дон Кихот бұл кезде ұйқтап жатқан, бәрі бірауыздан оны оятудың қажеті жоқ, өйткені қазір оған тамақтан гөрі ұйқы пайдалырақ деген ұйғарымға келді. Түскі ас үстінде жолаушылар бекетші мен әйелінің, олардың қыздарының және Мариторнестің көзінше ақыл-есті жоғалтудың Дон Кихот тап болған айрықша түрі жөнінде және оны қалай іздеп тапқандары жайында әңгімеледі. Бекетшінің зайыбы Дон Кихот пен малшының арасында болған жайды жыр қылды, сосын Санчо жоқ па екен деп айналасына жалтақтай қарап, жоқ екеніне көз жеткізген соң, көрпеге салып қақпақылдау хикаясын айтып берді, тыңдаушылар бұған ішек-сілелері қата күліп алды. Ал, священник Дон Кихоттың нәгүманға айналуының себебі рыцарьлық романдарды оқуға салынғандығы деген пікір айтқан кезде бекетші әңгімеге араласты:

— Ондай дертке қалай тап болғанына қайранмын. Меніңше, бұдан артық қызық кітапты жер-дүниеден таппайсың, шын сөзім, тіпті өзімде де әрқилы қағазбен бірге сондай бірнеше роман сақтаулы тұр; бұлар менің өмірімнің қуанышы, жалғыз мен үшін ғана емес басқалар үшін де солай: өйткені, егін жинау кезінде түрлі мерекеге орай осында орақшылар жиналады, араларынан сауатты біреу қашан да табылады, сөйтіп ол кітапты қолына алады, ал біз, отызға тарта адам, оны айнала қоршап отырамыз да рақаттана тыңдаймыз, аузымыздың суы құриды. Басқаны қайдам, әйтеуір өзім рыцарьлардың оңды-солды дарытып жататын сұрапыл қатты соққылары жайлы естігенімде делебем қозып, әлде біреудің тұмсығын қан жалатқым-ақ келіп тұрады, ал енді бұл жайында күндіз-түні тыңдауға бармын.

— Ол кітаптарды мен де сенен кем жақсы көрмеймін, — деді әйелі, — себебі сен соны тыңдап отырған кезде ғана үйімде тыныштық орнайды: есіл-дертің соған ауып кетеді, тіпті менімен ұрсысу да ойыңа кірмейді.

— Айна-қатесіз рас, — деп мақұлдады оны Мариторнес, — шынымды айтсам, романдарды тыңдауға мен де керемет ынтызармын, олар сондай тартымды, әсіресе әлдебір сеньораның апельсин ағашының түбінде сүйіктісімен құшақтасып отырғаны, ал күзетке қойылған дуэньяның қызғаныштан іші күйіп, дегбірі кетіп тұрғаны жазылған жерлер сондай сүйкімді. Қысқасы, мұның бәрі маған балдай жағады.

— Ал, сіз не айтасыз, сүйкімді бойжеткен? — деп сұрады священник бекетшінің қызынан.

— Тіпті өзім де білмеймін, құдай ақы шыным, — деп жауап қатты ол. — Мен де тыңдаймын оқығандарын, түк ештеңе түсінбесем де рақаттана тыңдаймын. Тек маған соққылар ұнамайды — соққылар әкеме ұнайды, маған ұнайтыны — рыцарьлардың ханымдарынан қол үзіп қалған кездегі өкініш-күйініштері: қатты аяғандықтан кейде тіпті өксіп те аласың.

— Ал, егер рыцарьлар сізді ойлап өкситін болса, оларды жұбатуға тырысар ма едіңіз, сүйкімді бойжеткен? — деп сұрады Доротея.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий