Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Мұндай махаббатпен тек жаратқан иемізді ғана сүюге болады, — деді Санчо. — Ешқандай жарылқау да дәме етпей, жаза береді-ау деген үрейдің де жетегіне ермей, жаратқан иемізді тек соның бұл жалғанда бар екендігіне бола сүю керек, деген уағыз естігенім бар-ды. Дегенмен, тек бірдеңе бұйыратын болса ғана мен оны тап солай сүйіп, оған тап солай қызмет етер ем.

— Өй, сен шайтан алғыр! — деп айқайлап жіберді Дон Кихот. — Можантопай біреусің, ал кейде сондай керемет ақылды сөз айтасың! Соған қарап өзіңді оқыған адам ба деп те қалуға болады.

— Сізге ақ-адал шынымды айтсам, мен тіпті әріп те танымаймын, — деп мәлім етті Санчо.

Сол арада маэсе Николас айқайлап, олардың кідіре тұруын сұрады, себебі бәрі бастаудың жанында аялдап аяқ суытпақ көрінеді. Дон Кихот тізгін тартып тоқтады, Санчо бұған қатты қуанды, себебі өтірік айта-айта әбден шаршаған-ды, оның үстіне Дон Кихот бір жерден қатесін тауып ала ма деп қыпылықтаумен болған, өйткені Дульсинеяның тобосолық шаруа әйел екенін жақсы білетінімен, өмірі көрген адамы емес-ті.

Бұл екі арада Карденьо жолаушыларымыздың үшеуі алғаш рет Доротеяның үстінен көрген киімді ауыстырып киіп алды, — бұл өзі онша оңды киім болмағанымен, өзі киіп жүргеннен әлдеқайда тәуір еді. Бастаудың жанына келіп тоқтаған олар священник бекеттен алып шыққан азын-аулақ тамақпен жүрек жалғаған болды. Тап осы кезде жол бойымен әлдебір балақай өтіп бара жатқан-ды; бастау жанына жайғасқандарды зер сала шолып шыққан ол, Дон Кихотқа қарай тұра жүгірді де, жеткен бойда аяғын құшақтай жығылып, аянышты дауыспен қасақана зар илей жылап:

— Ау, мархабатты мырзам! Мені таныдыңыз ба, жарылқаушым-ау? Дұрыстап қараңызшы, мен тап сол еменге таңылған, өзіңіз, тақсыр, босатып алған Андреспін ғой, — деді.

Дон Кихот оны танып, баланы қолынан алып, жанында отырғандарға қарап былай деп тіл қатты:

— Ардан безген, зұлым жандар көрсетіп жатқан жәбір-жапа мен қысымшылық үшін кек қайтаратын кезбе рыцарьлардың дүниеде болғаны қандай ғанибет екеніне көздеріңізді анық жеткізетін мынадай бір жайды біліп қойғандарыңыз артық етпейді: осы жақында ғана орман ішімен өтіп бара жатқан кезімде сондай бір аянышты ыңырсыған дауыс пен айқайды құлағым шалды, — тек қорлыққа душар болған, қорғансыз жанның ғана осындай ыңырсыған дауыс шығаратыны анық еді. Көмек көрсету парызым болғандықтан ыңырсып, жыламсыраған дауыс осы тұстан шығып жатыр-ау деген жақты бетке алып тартып кеттім де, ұзамай емен ағашына байлап тасталған баланы көрдім: ол бала қазір міне алдарыңызда тұр, онымен кездескеніме сондай қуаныштымын, өйткені мұның бәрі ақиқат шындық екеніне өзі куәлік ете алады. Сөйтіп, беліне дейін жалаңаш бұл бала еменге таңылып тасталған, оны бір шаруа белбеумен шықпыртып жатыр, — кейін білгенімдей, бұл оның қожайыны болып шықты. Осыны көргеннен кейін мен одан бұлайша аяусыз жазалаудың себебі не екенін сұрадым. Әлгі әдепсіз бұл өзінің жалшысы екенін және баланың ісіндегі шалалықтың көбі әсте де оның сумилығынан емес жұлмырлығынан туып жататынын, оны сол үшін шықпыртып жатқанын айтты, бұған бозбала: “Сеньор! Ол мені жалақымды сұрағаным үшін ғана ұрып жатыр!” деп қарсылық білдірді. Қожайын ақталуға тырысып, бұлбұлша сайрап берді, мені оны тыңдауын аяғына шейін тыңдадым, бірақ ақталу мақсатында айтқан дәлелдерін қабылдамадым. Ұзын сөздің қысқасы, шаруаға баланы байлаудан босатуға әмір еттім және баланы үйіне ертіп баратыны, соңғы реалына шейін санап беретіні, оған қоса тіпті алғыс айтатыны жөніндегі сертін алдым. Солай емес пе, сүйкімді Андрес? Мен оған бұл бұйрықты қандай қатулы үнмен бергенімді және оның барлық жарлығымды, тәртібім мен талабымды орындау жөнінде қалайша құлдық ұрып уәде еткенін сен байқадың ба? Жауап бер, — ұялма да, абыржыма да. Мына сеньорларға бәрін егжей-тегжейлі баянда, күре жолдардың бойында кезбе рыцарьларды кездестірудің қандай ғанибет нәрсе екеніне бұлардың көздері жетсін және оның қажеттігін мойындайтын болсын.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий