Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Сөйтіп, — деп сөзін әрмен жалғады Дон Кихот, — ол дәнді елеп болды да, диірменге жөнелтті. Жолдауды оқығаннан кейін ол не деді?

— Ол жолдауды оқыған жоқ, — деп жауап қатты Санчо, — өзінің оқи да, жаза да алмайтынын айтты. Хатты күл-парша ғып жыртып тастады, селодағы біреулер оқып алып, құпиямды біліп қоя ма деп қорқам, деді; өзіне деген сүйіспеншілігіңіз жайында ауызша айтып бергендерім мен сүйіспеншілігіңізді дәлелдеу үшін басыңызға артқан адам айтса нанғысыз азап-ақиретіңіздің өзі-ақ жеткілікті, деді. Одан соң маған: қолыңыздан сүйетінін және өзіңізбен хат арқылы хабарласқанша жүзбе-жүз сөйлескенді артық көретінін жеткізуімді әмір етті, сондықтан осы бұйрықты алған бойда есерсоқтықты қоюыңызды, мына жапан түзді тастап, егер жолшыбай аса маңызды әлдене бөгесін боп жатпаса, еш те бір кідірместен Тобосоға қарай бағыт ұстауыңызды сұрайтынын және соны талап ететінін, өйткені, өзіңізбен, тақсыр, көрісуге соншалықты ділгер боп жүргенін мәлім қылды. Өзіңізді өзіңіз Қайғылы Бейне Рыцары деп атайтыныңызды айтқанымда ішек-сілесі қатып күліп алды. Мен одан анау әлгі бейшара бискайлық кіріп шықты ма деп сұрағам, ол келді, деді, жаман жігіт емес екен, деді. Сондай-ақ, мен одан каторгаға кесілгендер жайында да сұрағам, бірақ ол әзірше олардың ешқайсысы төбе көрсетпегенін хабарлады.

— Әзірге бәрі ойдағыдай, — деп құлаққағыс етті Дон Кихот. — Бірақ, сен маған мынаны айтшы: өзім жайында әкелген хабарың үшін қоштасарда ол саған қандай бағалы затты сыйға тартты? Өйткені, кезбе рыцарьлар мен олардың ханымдары арасында ежелден қалыптасқан мынадай бір дәстүр бар: ханымдары жайында рыцарьларға немесе рыцарьлары жайында ханымдарға хабар әкелген атқосшыларға, сенімді адамдар мен ергежейлілерге тапсырманы орындағаны үшін әлденендей бір бағалы дүние берілуге тиіс.

— Берілсе берілген де шығар және, меніңше, бұл мақтауға әбден тұрарлық дәстүр секілді. Бірақ, бұл бағзыда солай болған ғой, ал қазір бір тілім нан мен сүтсірне ғана тарту етіледі, өйткені қоштасарда сеньора Дульсинея шарбақ саңылауы арқылы маған тек соны ғана сыйлады, оның үстіне сүтсірне қойдың сүтінен жасалған боп шықты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий