Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Дон Кихот пен Санчо екеуара әңгімелесіп жатқан кезде священник Доротеяға қарап тіл қатып, хикаясын әңгімелеудегі шеберлігін әрі оның қысқалығы мен рыцарьлық романдарда кездесетін жайларға ұқсастығын айтып мақтады. Доротея бұған жауап ретінде рыцарьлық романдарды құмарта оқығанын, бірақ провинциялар мен теңіз айлақтары дейтіндердің қай жерде екенінен мүлдем хабары жоқтығын, сондықтан кемеден Осунада түстім деп жобалап айта салғанын хабарлады.

— Мен соны бірден сездім, — деді священник, — сөйттім де, дереу киіп кеттім, онан соң бәрі орнына келді. Алайда, мына ашықауыз идальгоның сөз саптауы мен оқиға өрісі түкке алғысыз романдарын еске салса болғаны, қайдағы-жайдағы өтіріктің бәріне құлай сеніп қалатыны шынымен-ақ таңғаларлық емес пе?

— Солайы солай, — деді Карденьо, — шын мәнінде де бұл бұрын-соңды кездеспеген, шетін жағдай, менің ойымша, осыған ұқсас бірдеңені ойлап тауып, шығарма жазуға арнайы ниет қылған қарымды қаламгердің өзі де пәтуалы бірдеңе тындыра қояры неғайбыл секілді.

— Бұл арада тағы мынадай бір ерекшелікті ескеру керек, — деп қосып қойды священник. — Осынау мейірбан идальго тек өзін есерсоқтыққа ұрындырған нәрсе төңірегінде сөз болған жағдайда ғана сандырақтап кетеді, ал басқа нәрсе жайында әңгіме қозғалғанда ақыл-есінде бір мін жоқ сұңғыла адамдарша сұңқылдайды, биік парасат иесі екенін аңғартады, сондықтан оның анау әлгі рыцарьлығына қатысты сөз қозғамағандар оны шын мәніндегі ақылман адам екен деп қалады.

Олар осындай сұхбат жүргізіп жатқан шақта Санчомен әңгімесін әрмен жалғастырған Дон Кихот оған былай деді:

— Сөйтіп, достым Панса, арамыздағы кикілжіңді былай жиып қояйық, маған деген ашуыңды да, ренішіңді де жадыңнан біржола аластап, ақ-адал шыныңды айтшы: Дульсинеяны сен қай жерден, қалай және қашан көрдің? Сол кезде ол немен шұғылданып жатты? Сен оған не дедің? Ол саған нендей жауап қайтарды? Жолдауымды оқыған кезінде бет-әлпетінде қандай өзгеріс болды? Оны саған кім қайта көшіріп берді? Бір сөзбен айтқанда, өз ойыңша, бұл орайда айта кетуге, сұрақ қою мен жауап беруге лайықты не бар, соның бәрін, жанымды рақатқа батыру үшін өз тарапыңнан ештеңе қоспай, ештеңе ойдан шығармай, ал ең бастысы, ештеңені қалыс қалдырмай түгел баяндап бергейсің, өйтпеген жағдайда мені бар рақаттан құралақан қалдырасың.

— Сеньор! — деп қарсылық білдірді Санчо. — Ақ-адал шынымды айтсам, маған ешкім ештеңе көшіріп берген емес, себебі өзіммен бірге ешқандай хат алған емеспін.

— Рас айтасың, — деп мақұлдады оны Дон Кихот, — өзің кеткеннен кейін екі күннен соң қойын дәптерді жан қалтамнан тауып алдым, бұл мені қатты опындырды, өйткені хаттың жоқ екенін көрген шақта не істейтініңді білмедім, сөйтіп осынау шалағайлығыңды байқағанда қайтып оралатын шығарсың деп күтумен болдым.

— Өзіңіз, тақсыр, оны маған оқып берген кезде жаттап алмасам, бәлкім, солай етуіме де тура келер ме еді, қайтер еді, — деді Санчо келісіңкіремей, — сондықтан оны псаломшыға34 айтып бердім де, ол қатырып тұрып, бір сөзін қалдырмай қағазға түсіріп берді; оған қоса, сүйгенінен қол үзіп қалғандар жазған жолдаудың өз өмірінде не қилысын оқығанымен, дәл мынадай ғажайып жолдауды бүкіл ғұмырында бірде бір рет көрмегенін де, оқымағанын да айтты.

— Сонда ол хатым әлі күнге шейін есіңде жүр ме, Санчо? — деп сұрады Дон Кихот.

— Жоқ, сеньор, — деп жауап қатты Санчо, — мен оны қайталап айтып бердім, сосын, байқап қарасам, енді оның маған қажеті жоқ сияқты, сосын жайлап ұмыта бастадым, есімде қалғандары тек: көңілшек, жоға, ақ көңіл сеньора деген сөз бен соңындағы Өле-өлгенше өзіңдік Қайғылы Бейне Рыцары деген ғана. Ал, ортасына ұзын саны үш жүздей боп қалатын “жан”, “өмір” және “жанарым” секілді не түрлі нәрселерді енгіздім.

ХХХІ тарау

Дон Кихот пен атқосшысы Санчо Панса арасында болған көңіл аударуға тұрарлық әңгіме жайында, сондай-ақ басқа да оқиғалар турасында

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий