Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Санчо басы салбырап қожайынының қасына барып, қолын созуын сұрады, анау қолын мардымси созды; сосын, Санчо қолын сүйгеннен кейін, Дон Кихот оған батасын беріп, соңынан еруге әмір етті — одан сұрап-білгісі келетін жайлары барын және айрықша маңызды нәрселер жайында сөйлескісі келетінін айтты. Санчо оның әмірін екі еткізбей орындады да, ілгері озыңқырай шыққаннан кейін Дон Кихот оған былай деп тіл қатты:

— Өзің қайтып оралғалы бері арнайы мақсатпен барған сапарың жайында да, алып келуге тиіс жауабың жайында да егжей-тегжейлі сұрап-білуіме уақыт та, мүмкіндік те болмады, бірақ енді тағдырдың ықылас-пейіл білдіруінің арқасында бұған уақыт та, орын да табылып тұрған кезде мені қуанышты хабарларға қанығу бақытынан айырмассың деп ойлаймын.

— Көңіліңіз не қаласа соны сұрай беріңіз, тақсыр, — деді Санчо, — осы арадағы жаңғырық қандай анық естіліп тұрса, мен де бәріне тап солай дәлме-дәл жауап қайтаратын болам. Тек сізден, мархабатты мырзам, өтініп сұрайтын бір ғана нәрсем бар: болашақта соншалықты кекшіл болмасаңыз етті.

— Сонда не айтқың келеді, Санчо? — деп сұрады Дон Кихот.

— Айтайын дегенім, — деп жауап қатты Санчо, — мені ұрып тастағаныңыздың себебі, әсте де сеньора Дульсинея жайындағы сөздерім емес, жақында екеуіміздің шайтан азғырып ұрсысып қалғанымыз ғой: мен ол сеньораны тек сіздің, тақсыр, жаныңызға сая болғандығы себепті ғана ұнатам әрі әулие секілді пір тұтам, — бірақ, әрине, әулиеліктің маңына ол қоңсы қона алмайтын болса да.

— Сен қойсаңшы, Санчо, бәрін басынан қайта бастамасаңшы, — деді Дон Кихот, — әбден мезі ғып біттің. Саған осы қазір ғана кешірім еттім, ал мұндай жағдайда: “Жаңадан жасалған күнәның — жаңадан тартатын азабы болады” дейтіннің барын өзің де жақсы білесің.

Сол екі арада олар қарсы алдарында есек мінген әлдебіреудің келе жатқанын байқап қалды, берменірек жақындаған кезінде бұл оларға сыған тәрізді боп көрінді; алайда есек атаулыны көзі шалған сайын көңілі бұзылатын Санчо Пансаның әлгі адамға зер ден қойғаны-ақ сол, бұның Хинес де Пасамонте екенін бірден біле қойды, сөйтіп осынау жалғыз тал сыған қылшығына қарап-ақ жеке меншік есегінің терісін жазбай танып, жаңылмай ажыратып алды, өйткені оның сұр есегіне мініп келе жатқан шынымен-ақ Пасамонте болатын; айта кетер нәрсе, аталмыш Пасамонте, өзін біреу-міреу танып қоймасы үшін және есекті сатып жіберуді көздеп сығандарша киініп алған-ды, ал сыған тілінде де және көптеген басқа тілде де ол ана тілінде сөйлегендей еркін сөйлеп, түсінісе алатын. Санчо оны көріп, тани қойды, сөйтіп оны көріп, таныған бойда-ақ жан шошырлық дауыспен айқайға басты:

— Әй, ұры Хинесұмпай! Меншігімді қайтар өзіме, жанымды жаралама, тынышымды алма, есегімді қалдырып кет, сүйіктімді қайтар бермен! Қараңды батыр, төбет, жоғал көзден, қарақшы, біреудің дүниесіне тиісуші болма!

Әділін айтқанда, боқтық сөзді осыншама көп мөлшерде боратудың қажеттілігі де жоқ-ты, өйткені алғашқысын естіген бойда-ақ есектен секіріп түскен Хинес тапырақтай қашып қас пен көздің арасында қарасын батырған-ды. Есегіне жүгіре басып жеткен Санчо оны құшақтай алып:

— Ау, менсіз қалай күн кештің, асылым-ау менің, сымбаттым-ау, жан жолдасым-ау? — деді.

Осыны айта жүріп ол есегін адамды сүйгендей сүйіп, сипалаумен болды. Есек үн шығармады, — Санчоның сүйгені мен сипалағанына бейіл бергенімен, жауап ретінде бір ауыз тіл қатпады. Басқалары да жақындап, Санчоны есегінің қайта оралуымен құттықтап жатты, ал атқосшысының олжасына әсіресе қатты қуанған Дон Кихот үш қодық жайындағы бұйрығын өз күшінде қалдыратынын мәлім етті. Санчо оған алғыс айтты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий