Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Өмір тарихым осындай, сеньорлар, — деп Доротея сөзін жалғады. — Бұған қосарым тек мынадай жағдай ғана: корольдігімнен алып шыққан барлық нөкерімнен тек мына сақалды малай ғана аман қалды, басқасының бәрі айлаққа жете бергенде жолыққан сұрапыл дауыл кезінде суға кетті, ал мына екеуіміз екі тақтайға жармасып ғажайыптың күшімен жағаға әзер жеттік, өздеріңіз де байқап үлгерген шығарсыздар, жалпы, менің бүкіл өмірім ғажайып пен құпияға толы ғой. Егерде артық-ауыс немесе орынсыз бірдеңе айтқан болсам сөге-жамандай көрмеңіздер, әңгімемді бастар кезде сеньор лиценциаттың не дегенін еске алыңыздар, атап айтқанда, ол кісі біріне-бірі ұштасып жатқан және алабөтен талқыға тап болған жандар қаперін жоғалтып алады деген еді.

— Басқалар жоғалтса жоғалтар, бірақ мен жоғалтпаймын, беу, ізгі ниетті һәм ақ жүрек сеньора! — деп дауыстап жіберді Дон Кихот. — Өзіңізге қызмет етіп жүрген шақта тағдыр-талайым мені қандай қиын, қандай ғаламат ауыр және қандай төтенше талқыға тап келтірсе де қыңбаймын. Сөйтіп, өзіңізге берген уағдамды орындап шығатынымды осы арада тағы бір қайталаймын және қатыгез дұшпаныңыздың сазайын тарттыру үшін өзіңізге еріп жер түбіне шейін болса да баруға ант етемін: жаратқан иеміздің көмегімен және білегімнің күшімен ол жауыздың кесірлі басын шауып тастармын деп сенемін, мына өткір жүзді... өкінішке қарай, “мына өткір жүзді семсеріммен” дей алмай тұрмын, өйткені оны менен Хинес де Пасамонте ұрлап әкеткен болатын.

Соңғы сөздерді айтқанда міңгірлеуге көшкен ол көтеріңкі дауыспен қайта сөйлей бастады:

— Сөйтіп, оның басын шауып, мемлекетіңізді көңіліңіз қалауынша билеп-төстеу еркіңізді қолыңызға алып бергенімнен кейін, өз ықтиярыңыз өзіңізге тиетін болады, өйткені менің есіл-дертім, бар ынта-ықыласым, ой-арманым тек сол аруға ғана... ары қарай ештеңе де айтпаймын, — қысқасы, тіпті ол Феникс құсы болсын мейлі, басқа біреуге үйлену жайын ойыма да алғым жоқ.

Дон Кихоттың үйленгісі келмейтіні жайындағы сөзі Санчоға ұнамағаны сонша, дауысын көтеріп, ашулана сөйлеп кетті:

— Ант етейін, кепіл болайын сізге, тақсыр, сеньор Дон Кихот, сіздің ауыш біреу екеніңіз кәміл, өйткені осындай айтулы принцессаға үйлену жайында әңгіме шыққан кезде екі ойлы болуға бола ма? Әлде мұндай олжа жолда жатыр деп ойлайсыз ба? Әлде, сіздіңше, мейірбан ханымым Дульсинея бұдан гөрі әдемірек пе? Әлбетте, олай емес, бұл одан екі есе ажарлы, тіпті ант етуге де бармын, Дульсинея бұның басқан ізіне татымайды. Егер сіз, тақсыр, аспандағы аққуға әуестік білдіре берсеңіз, мен атам басына граф болам ба? Өй, үйленіңіз сіз, үйленіңіз, сорыңыз құрғыр, өз аяғымен келіп тұрған корольдіктен құр алақан қалмаңыз, сөйтіп король атаныңыз, ал мені маркиз немесе басқақ етіңіз, әйтпесе күл болмаса бүл болсын бәрі!

Біреу көзін бақырайтып қойып сеньора Дульсинеяны даттап жатқанда Дон Кихот қарап тұратын ба еді, сондықтан шолақ найзасын алды да, артық-ауыз сөзге бармастан Санчоны соғып-соғып жіберді, оңдырмай ұрғаны сонша анау тоңқалаң асып түсті, егер сол арада Доротея араша түспегенде тіпті жанын жаһаннамға да жіберер ме еді қайтер еді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий