Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Ақымақ! — деп жауап қатты оған Дон Кихот. — Жолында ұшырасып қалатын жәбірленген, шынжырмен бұғауланған, қорлық көрсетілген жандардың жамандық жасағаны үшін бе әлде жақсылық жасағаны үшін бе — не үшін осылайша айдалып бара жатқанын және не үшін осылайша азапқа салынғанын тергеп-тексеру кезбе рыцарьлардың міндетіне кірмейді. Кезбе рыцарьлар қаріп-қасерлерге азғындық істері үшін емес, олардың тартып жүрген тақсіреттері үшін көмектесуге міндетті. Маған діңкесі құрыған, дәрмені біткен жандардың таспиықтай тізілген тұтас бір тобы жолықты, мен болсам өзіме берген сертіме сай қарекет қылдым, ал кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс — оның төрелігін жаратқан иеміздің өзі берсін. Егер біреу-міреуге бұл ұнамайтын болса, — әрине, олардың қатарына қасиетті лауазым иесі ретінде және көпті көрген көшелі кісі ретінде сеньор лиценциатты қосып тұрғам жоқ, — оны рыцарьлық дегеннен түк хабары жоқ қара шаруа және нағыз көрсоқыр, оңбаған біреу секілді өтірік сөйлейтін адам деп білем. Және мұны оған семсерімнің көмегімен дәлелдеп бере алам — семсерім құдды қарсы алдымда жатқандай көріп уәде етейін.

Осы сөзді айтып ол үзеңгіге шіреніп, бойын тіктеді де, темір телпегін көзіне түсіре еңкейтіңкіреп қойды, ал Мамбрин дулығасына балап жүрген шаштараз легені каторгаға кесілгендер оңдырмай бүлдіріп кеткен жерлерін жөндеуін күтіп ердің алдыңғы қасында салбырап тұрған-ды.

Дон Кихоттың делқұлы жан екенін, Санчо Пансадан өңгесінің бәрі оны мазақ қып күлетінін Доротея білетін, сондықтан әрі тапқыр, әрі өткір тілді сөзшең қыз болғандықтан ол да басқалардан қалысқысы келмей және Дон Кихоттың ашуға мінгенін көріп, оған былай деп тіл қатты:

— Сеньор рыцарь! Маған көмек көрсетуге уәде бергеніңізді, сондай-ақ осы уәдеңізге орай, басы-қасында жүруіңіз аса қажет болған күннің өзінде де басқа шытырман оқиғаға қатысуға қақыңыз жоқ екенін ұмытпасаңыз етті. Ашуды ақылға жеңдіргеніңіз жөн: себебі сеньор лиценциат каторгаға кесілгендерді сіздің жеңіліс дегеннен бейхабар қарулы білегіңіз босатқанын білсе, көңіліңізге келетін сөз айтпас бұрын аузын үш жерден буып, үш мәрте тілін тістеген болар еді ғой.

— Ант етейін, оған қоса тіпті мұртымды да жұлып алған болар ем, — деп қоштады оны священник.

— Аузымды жабам, мәртебелі ханым, — деді Дон Кихот, — бойымды билеп алған ызамды да тұншықтырам, сөйтіп қашан уәдемді орындағанша қой аузынан шөп алмас момақан халде болам. Ал, енді егер жаныңызға ауыр тимесе, осынау ізгі ниетімнің қарымтасына уайым-қайғыңыздың себебі нендей екенін, әділ де лайықты түрде және аяусыз кек қайтаруым қажет боп тұрған адамдардың саны қанша, олар кімдер және қандай жандар екенін баян етуіңізді сұрар едім.

— Өтінішіңізді қуана-қуана орындаймын, тек қайғы-қасірет пен қысталаң жағдайлар жайындағы әңгіме мезі ғып жібермесе болғаны, — деді Доротея.

— Мезі қылмайды, әміршім, — деді Дон Кихот.

— Ендеше, сеньорлар, мұқият құлақ қоюларыңызды сұраймын, — деп үн қатты Доротея.

Осылай деуі мұң екен, қиыннан қиыстырғыш Доротеяның қандай хикая ойлап табарын білмекке ынтыққан Карденьо мен шаштараз оның жанына жақынырақ келді, екеуінің соңын ала Санчо да солай таман жылжыды: қожайыны секілді ол да бұл қыздың шын мәнінде кім екенінен мүлдем бейхабар еді. Ал Доротея болса, ердің үстіне жайлана отырып, жөткірініп, тамағын кенеп алған соң сыңғырлаған сүйкімді үнмен сөйлеп кетті:

— Ең әуелі, қадірменді мырзалар, есімімнің кім екенін біліп қойсаңыздар деп ем...

Священниктің өзіне қандай есім бергені жадынан шығып кеткендіктен осы арада ол аяқ асты мүдіріп қалды. Бірақ, мүдірістің себебі неде екенін тап басып тани қойған анау, қолма-қол көмекке келіп, былай деді:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий