Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Қайталап айтам: өтінішіңізді орындаймын, — деп мәлім етті Дон Кихот, — сол себепті де, сеньора, бойыңыздағы қасіреттің ауыр жүгін тап осы қазір аулақ серпіп, діңкесі құрыған үмітіңізге жаңа күш пен жүректілік дарытуға тиіссіз, өйткені көктегі хақ пен ақ білегімнің көмегі арқасында корольдігіңіз көп ұзамай-ақ өзіңізге қайтарылады, сөйтіп оған таласуға тәуекелі барған арсыздардың ішін удай ашытып, мемлекетіңіздің байырғы да биік тағына қасақана түрде қайта жайғасасыз. Ал, кірісейік іске, өйткені кеш қалудан асқан кемістік жоқ, деген бар.

Қорғансыз бикеш Дон Кихоттың қолына жанталаса жармасып сүймекке әрекеттенді, бірақ анау аса бір әдепті де сыпайы рыцарь болуы себепті ондайға жол бермеді, — керісінше барынша әдептілікпен және сыпайылықпен бикешті құшақтап орнынан тұрғызды, сонан соң Санчоға Росинанттың айылын тартып, дереу сауыт-сайманын алып беруге әмір етті. Санчо аттың айылын тартқан соң, ағашта алапа секілді ілулі тұрған сауыт-сайманды шешіп алып, көзді ашып-жұмғанша қожайынының үстіне қондыра қойды, сөйтіп сауыт-сайманын киіп алған мырзасы:

— Ал енді, жаратқан жар болсын, аттандық мына айтулы сеньораны қорғауға, — деді.

Шаштараз болса, әлі күнге шейін тізерлеп отырған-ды; мырс етіп күліп жіберуден өзін-өзі шаққа дегенде тежеп, бір қолымен сақалын демеп ұстап отырған, сақалы түсіп қалар болса өздері ойластырған осынау шарапатты шараның шырқы бұзылары анық еді; алайда, көмек көрсетуге уәде беріліп те қойылғанын, Дон Кихоттың уәдесін орындамақ боп шыдамсызданып тұрғанын көрген ол бойын тіктеп, екінші қолымен мәртебелі бикешті Дон Кихотпен бірге қолтығынан демеп, қашырға отыруына жәрдемдесті; бұдан соң Дон Кихот Росинантқа қонды, шаштараз да қашырына мінді, ал Санчо жаяу тартты, осы арада ол сұр есегінің орны үңірейіп тұрғанын сезініп, қапыда қолды болғанын есіне алды; бірақ бұл жолы оған аса қайғырған жоқ — қожайыны император атану сапарына аттанғанын, ұзамай-ақ мақсатына жететінін ойлап көңілі көтеріліп келе жатты: себебі, Дон Кихоттың мына принцессаға үйленетініне, сөйтіп ең құрығанда Микомиконский королі болатынына еш күмәні жоқ-ты. Бір ғана нәрсе — аталмыш корольдіктің негрлер елінде екені, өзіне вассалдыққа берілетін жандардың қара түсті болатыны көңіліне олқы соғып тұр еді; әйткенмен, ой-қиялы сол арада-ақ оған тәуір амал тауып берді, сөйтіп ол былайша ой кешті: “Вассалдарымның негр болғанында тұрған не бар? Кемеге тиейсің, Испанияға алып келесің, осы арада оларды қолма-қол ақшаға өткізесің де, бұл қаражатқа титул немесе қызмет сатып аласың — іс бітті, сосын қалған өміріңді қайғы-мұңсыз өткізе бер! Абыржымаңдар, саспаңдар, ашық ауызың біз емес, бұл шаруаны шырқ үйіруге, сөйтіп отыз мың ба әлде он мың ба вассалды қас пен көздің арасында сатып жіберуге біздің ебіміз де, епсектігіміз де жетеді. Құдай ақы, олардың бәрін топырлатып болсын немесе басқадай болсын, бір демде-ақ зытырып жіберем, бір жақсысы, әйтеуір, өткізетінім қара болғанымен, олар өзіме күміс, алтын боп жарқырап оралады ғой. Жоға, мен өздерің ойлайтындай ақымақ емеспін!” Осы ойға көңілі елтіп, қуанышқа кенелгені сонша, жаяу салпаңдаудың жайсыздығын да ұмытып кетті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий