Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Сол арада Доротея түйіншегінде жатқан сәнді көйлегін алып киіп, жасыл матадан тоқылған мантильясын33 жамылып, құйттай әдемі қобдишасынан алқасы мен басқа да бағалы әшекейлерін алып тағынып, қас пен көздің арасында әрі бай, әрі ақсүйек сеньораға айналып шыға келді. Мұның бәрін және басқа да ұсақ-түйектерді ол, өзінің айтуынша, бір керегі болар деп ала шыққан екен, бірақ осы күнге шейін ондай жағдай жолыға қоймапты. Оның адам айтқысыз сұлулығын, сүйкімділігі мен тартымдылығын көрген серіктері аңқиып қалды, сөйтіп бәрі бірауыздан: егер мынадай сылқымнан бой тасалап жүрген болса, дон Фернандо дегенің дымның иісін білмейтін дәлдүріш шығар деп мәлім етті; алайда барлығынан да ала-бөтен таң-тамаша болған адам Санчо Панса болды — ажары мұншалықты көзді арбап, көңілді әңкі-тәңкі қылатын жанды өзі өз болғалы бергі бүкіл ғұмыр тарихында кездестірмегендей көрінгенді оған (бұның өзі шын мәнінде де солай еді), сондықтан аса қатты толқу үстінде священниктен бұл сүйкімді сеньораның кім екенін, құла түзден кімді іздеп жүргенін сұрады.

— Бұл сүйкімді сеньора, бауырым Санчо, — деп жауап қатты священник, — біліп қойғаның артық болмайды, Микомиконский ұлы корольдігінің ер жынысты билеушілері жағынан тарайтын тікелей мұрагері боп табылады, өзі сенің қожайыныңды іздеп жүр, әлдебір қатыгез дәудің көрсеткен жәбір-жапасы мен қиянатына ара түсіп, одан кек алып беру жөнінде өтініш айтпақ, ал аса мейірімді рыцарь боп табылатын сенің мырзаңның атақ-даңқы жер бетін түгел шарлап кеткендіктен мына принцесса соны іздеп сонау Гвинеядан келіп отыр.

— Егер мырзамның жолы болып, өзіңіз айтып тұрған әлгі жексұрын дәуді өлтірсе, — деді Санчо Панса бұған жауап ретінде, — сөйтіп, көрсеткен жәбірі мен қиянаты үшін кек қайтарса, бұл шын мәнінде-ақ бақытқа жеткізген іздеу және іздегенді табу боп шықпақ, — ал енді қожайынымның оны өлтіретіндігіне еш күмән жоқ, тек әлгі дәумен кездессін деңіз және тек ол елес боп шықпасын деңіз, өйткені оның елеске қарсы қолданар шарасы жоқ. Айтқандайын, сеньор лиценциат, өзіңізге мынадай бір бұйымтайым бар: мырзамның көңілінде архиепископ атанам деген құштарлық пайда болмасы үшін, содан қатты қорқып жүрмін ғой, тақсыр, оған тезірек мына принцессаға үйлену жөнінде кеңес беріңізші, сонда оны архиепископ дәрежесіне ұлықтаудың ақи-тақи жолы кесіледі де, император тәжін жан қинамай оп-оңай олжа етеді, ал мен болсам — күллі арман-мақсатыма жетем. Бұл жайында мен ұзақ ойландым, ақыры мырзамның архиепископ болғаны маған қол емес деген байламға келдім, өйткені менің шіркеуге тигізер пайдам аз: үйлі-баранды адаммын, ал енді қазір шіркеуден анша-мұнша пайда түсіру құқына ие болам деген дәмемен, — себебі, қатыным бар, балам бар дегендей, — ажырасу жайында әбігерлік жасауым — бос әурешілік боп шықпақ. Ендеше, сеньор, мәселе қожайынымның мына принцессаға тезірек үйленуіне тіреліп тұр, — мен бұл сүйкімді бикешпен әлі таныса қойған жоқпын, сондықтан есімін атамай тұрмын.

— Оның есімі — принцесса Микомикона, — деп жауап қатты священник, — өйткені, корольдігі Микомиконский деп аталатындықтан, оның да сондай есім алуға тиіс екені белгілі ғой.

— Әрине, әрине, — деп келісе кетті Санчо. — Туып-өскен жерінің атауын өз есіміне айналдырған жандар маған жиі жолығып тұрды, — мысалға, Педро де Алькала, Хуан де Убеда, Дьего де Вальядолид, — шамасы, Гвинеяда да королевалар өз корольдіктерінің атымен аталатын осындай дәстүрдің болғаны ғой.

— Әбден мүмкін. Ал, енді мырзаңның үйленуіне қатысты әңгімеге келсек, қолымнан келгеннің бәрін жасауға тырысармын, — деді священник.

Бұл сөз Санчоны қаншалықты мәз-мәйрам қылса, священникті де оның аңқаулығы мен мырзасының есіл-дертін алған сандырақтың мұның басында да нық орныққаны соншалықты қайран қалдырды, — өйткені анау, әрине, өзінің император болатынына кәміл сенімді адам ғой.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий