Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Қапыда тапқан қайғы-сорым турасындағы ақиқат әңгіменің жайы міне осындай, сеньорлар, — өздеріңіз естіген күрсіністерім, өздеріңіз зейін қойған сөздерім, көзімнен төгілген жасым бұрын бұдан да молырақ болғанына жеткілікті себеп бар ма, жоқ па — ол жағына өздеріңіз баға бере жатарсыздар, сондай-ақ қандай бақытсыздыққа ұшырағаным жайында ой қорыта келіп мені жұбатып әуре болудың пайдасыз екенін де түсінерсіздер, өйткені мені қайғыдан арылтудың ешқандай амалы жоқ. Өздеріңізден өтінерім жалғыз ғана нәрсе (бұл сіздердің парызыңыз және оны орындау сіздерге қиындыққа түспейді): қуғыншылар қуып жетеді-ау деген ой дегбірімді кетірген шақта тұла бойымды билеп алатын үрей мен үмітсіздіктен құтқаратын оңаша орын бар ма мұнда, соны айтыңыздаршы. Әрине, ата-анамның маған деген сүйіспеншілігі шексіз екенін білемін және мені көргенде қуанатынына да сенімдімін, әйткенмен алдарына өздері ойлайтындай түр-пішінде емес, басқа түр-пішінде баратынымды елестетсем, айтып жеткізе алмас ұяттан өртеніп кете жаздаймын, — олардың көзіне қалай қараймын, сенімдерін ақтамағанымды, ар-намысымды сақтамағанымды көзімнен көріп тұратынына қалай шыдаймын, — сондықтан, біржола қарамды батырғаным артық деп білем.

Осыны айтқан ол үндемей қалды, өңі алабұртып сала берді — бұл оның аса сезімтал да ұялшақ жан екенін аңғартатын нышан еді. Қыздың әңгімесін тыңдап отырғандардың бойында оған деген айрықша аяушылық сезім оянды, сонымен бірге бәрі де оның қасірет-қайғысына таңырқанумен болысты; сол арада священник жұбату айтып, ақыл-кеңес беруге оқталған, бірақ Карденьо алдын орап:

— Е-е, сеньора, Кленардо байдың жалғыз қызы, сүйкімді Доротея сіз екенсіз ғой? — деді.

Осынау ұсқынсыз кейіптегі адамның (Карденьоның киімі алба-жұлба екенін ескертіп өткенбіз) аузынан әкесінің есімін естіген Доротея таңырқанып қалды да, оған мынадай сауал қойды:

— Ал, өзіңіз, ағатай, кім боласыз және әкемнің есімін қайдан білесіз? Жаңылмасам, жәбірлі өмірім жайындағы баянымда оның есімін бірде бір рет атамаған секілді едім ғой.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий