Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Сіз, жексұрын найсап, — деп сөйлеп кетті сәлден соң Дон Кихот, — менімен әрдайым осылай әдепсіз түрде сөйлесе берем, көрінгеннің бәрін шатыстырып-бытыстырам, ал анау маған аяушылық білдіреді деп ойлайтын шығарсыз? Жоға, оныңыз болмайды, антұрған сұрқия, өйткені жан тең келмейтін Дульсинеяны даттағаннан кейін сіз шынымен-ақ сұрқия екеніңізді көрсеттіңіз. Ау, мақұлық, милау, мүттайым-ау, егер ол білегіме қуат дарытпаса менің тіпті бүрге екеш бүргені де өлтіре алмайтынымды білмейсіз бе? Ал, айтыңызшы, жыланның тілін жалдаған залым, мына корольдікті жаулап алған, дәудің басын шапқан, өзіңізді маркиз еткен кім (өйткені, мен мұның бәрін біткен шаруа, әлдеқашан шешілген мәселе деп есептеп тұрмын), — ау, мұның бәрі білегімнің күшін өз қаруына айналдырған Дульсинеяның айбынды әрекеті емес пе? Ол мен арқылы шайқасқа шығады және мен арқылы жеңіске жетеді, ал мен тек соны ойлаумен ғана ғұмыр кешіп, тыныс алам, менің өмір сүріп, тірлік етіп жүргенім тек соның ғана арқасы. Өй, қара ниет, азғын, жақсылықты білмейді екенсіз-ау сіз! Сізді боқтың арасынан алып шықтық, дәреже-атағы бар ақсүйектер қатарына қостық, ал сіз болсаңыз жарылқаушыңыз жайында шатты-бұтты сөз айтасыз!

Санчо есінен танып қаларлықтай дәрежеде таяқ жемеген-ді, сондықтан қожайыны айтқан сөздің бәрін естіп жатқан; ылдым-жылдым қимылдап орнынан түрегелген ол Доротея мінген жорғаның тасасына барып жасырынды да, сол жерде тұрып Дон Кихотқа былай деді:

— Маған мынаны түсіндіріңізші, сеньор: айталық, мына айтулы принцессаға үйленбеуге ұйғардыңыз делік, ондай жағдайда корольдікке де ие бола алмайсыз ғой, ендеше сіздің тарапыңыздан маған қандай жақсылық күтуге болады? Міне, қорқатыным да осы. Қайткен күнде де үйленіңіз осы королеваға, оның үстіне бұл өзі бізге көктен түскендей ойда жоқ жерден жолығып отыр ғой, ал сеньора Дульсинеяға кейінірек қайта оралуға болады, — себебі, әйеліне қоса нақсүйері де болған корольдер дүниеде аз өтпеген. Ал, егер сұлулық жайына келсек, онда менің шаруам жоқ, — ақ-адал шынымды айтсам, маған екеуі де ұнайды, тіпті сеньора Дульсинеяны өмірі көрмеген адам болсам да.

— Ау, оны көрмедім деуің қалай, антұрған найсап? — деп айқайлап жіберді Дон Кихот. — Әлгі әзірде ғана маған оның сәлемін жеткізбеп пе едің?

— Мен оның сұлулығын, әр мүшесінің ерекшелігін жеке-жеке әрі бүге-шігесіне шейін еркін парықтай алмадым дегенді айтқым келіп еді, — деп жауап қатты Санчо, — бірақ егер сырттай көз салғанда ол өзі әжептәуір-ақ әдемі.

— Міне, енді сені кешірдім, — деді Дон Кихот, — сенің де көңіліңде реніш қалмасын, өйткені сезімге берілген адам алғашқыда еркінен айрылып қалады.

— Оны өзім де жақсы сезіп тұрмын, — деді Санчо. — Ал, менің еркімді алатын алғашқы нәрсе — әйтеуір айтып қалу, бірдеңе тілімнің ұшына келсе, соны құрығанда бір рет айтып тастамайынша шыдамым таусылып бітеді.

— Солай бола тұрса да, Санчо, — деді Дон Кихот, — не жайында айтып тұрғаның жөнінде ойлан, әйтпесе дәндеген қарсақ құлағымен ін қазады дегендей... мені түсінерсің деп ойлаймын.

— Амал қанша, — деп реніш білдірді Санчо, — көкте құдай бар, одан ештеңені жасырып-бүркей алмайсың: мен секілді сөйлеген жаман ба, әлде, тақсыр, сіз секілді қол жұмсаған жаман ба, қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екеніне сол баға береді.

— Жә, бопты, бопты, — деп сөзге араласты Доротея, — бар, Санчо, жүгір, мырзаңның қолын сүй, одан кешірім сұра, болашақта мақтау сөз айтқанда да, даттау сөз айтқанда да аузыңа сақ бол, Тобосолық сеньора жайында жаман лебіз білдірме, — рас, мен оны мүлдем танымаймын, бірақ қызмет көрсетем десе қарсы болмаймын, — сөйтіп, құдайдан шапағат тіле, ал дүние-мүлікке сен міндетті түрде ие боласың, сөйтіп мырзалар секілді мырғамға батасың.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий