Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Бастан өткен қырсықты жайларыңызды баяндау сізге, мәртебелім, оңайға соқпайтыны, үлкен ыңғайсыздық тудыратыны әбден түсінікті. Қырына алған адамды қаперінен айыру — қырсық атаулының бәріне тән қасиет, ондайда адам тіпті өз атының кім екенін де ұмытып қалады; дәл осындай кеп сіздің басыңызға да түсіп тұр, мәртебелім, өйткені есіміңіз принцесса Микомикона екенін, ұлы Микомиконский корольдігінің заңды мұрагері боп табылатыныңызды ұмытып қап тұрсыз. Ал, енді осынау құлаққағыстан кейін, мәртебелім, қасіретке толы қаперіңізді қалпына келтіріп, бізге жеткізуге ниет қылған жайларыңызды баяндай беруіңізге болады.

— Рас айтасыз, — деп қоштады бикеш оны, — бірақ маған енді қосымша құлаққағыс қажет бола қоймас, сөйтіп осынау бір өтірігі жоқ хикаямды аяғына шейін айтып шығармын деп ойлаймын. Ал, басымнан өткен жайлар мынадай еді. Әкем, Данагөй Тинакрий, жұрт оны осылай атайтын, сәуегейлік делінетін өнерді өте терең меңгерген кісі еді, міне осы тұрғыдағы білімдері арқасында шешем Харамильяның өзінен бұрын дүние салатынын, одан соң өзінің де онша көп жүрмей өмірден озатынын, ал менің тақыр жетім боп қалатынымды болжап білген еді. Алайда, оған бұдан да зор уайым әкелген мынадай жай-тұғын: сенімді адамдарынан құлағдар болғанындай, корольдігіміздің іргесіндегі үлкен аралды Қыликөз Пандафиланд есімді бір жексұрын дәу билеп тұр екен, — әрине, көзі орнында, кемістігі жоғы баршаға мәлім болғанымен, кісіге дәйім қыли секілденіп бір қырындап қарайтын көрінеді, назар аударған жанның зәре-құтын алу үшін қасақана солай істейді екен, — қысқасы, әкем осы дәудің жетім қалғанымды естіп, қалың әскер төгіп корольдігімді басып алатынын, сөйтіп қашып барып паналайтын шағын қыстағым да қалмайтынын күні бұрын білген еді. Сонымен бірге, әкем әлгі дәуге күйеуге шығуым арқылы осынау азап пен ауыртпалықтың алдын алуыма болатынын, бірақ, өз түсінігінше, мұндай әділетсіз некеге ешқашан келісім бермейтінімді де айтқан-ды және мұнысы мейлінше дәл жорамал еді, өйткені дәуге — осы бола ма, басқасы бола ма, шамадан тыс зоры мен еңгезердейі бола ма, бәрі бір — күйеуге шығам деген ой үш ұйықтасам түсіме кірмеген. Сөйтіп, әкем маған өзі өлген соң, корольдігіме Пандафиланд басып кірген кезде, маған қорғануға әрекет жасамауға өсиет етті, өйткені бұның өлімге бас тігумен бірдей екенін, сондықтан егер ақпейіл де адал вассалдарымды бірі қалмай түгел қырылудан сақтағым келсе корольдікті өз еркіммен тастап шыққаным дұрыс болатынын, себебі мұндай асқан әлеуетті дәуді бәрібір жеңіп шыға алмайтынымды, жақын адамдарымның біреуін жаныма ертіп, ештеңеге алаңдамастан Испанияға аттануым керегін, мұнда келген соң сол шамада атақ-даңқы күллі осы корольдікте дүркіреп тұратын әлде бір кезбе рыцарьды тапқан бойда барлық пәле-жаладан біржола арылатынымды ескертті, ал оның есімі, жаңылмасам, Дон Қаңғыбас, не Дон Бәңгібас болса керек.

— Бәлкім, ол — Дон Кихот деген шығар, сеньора, — деп түзетті оны Санчо Панса, — немесе былайша айтқанда, Қайғылы Бейне Рыцары.

— Дұрыс айтасың, — деп келісе кетті Доротея. — Оған қоса әкем әлгі рыцарьдың ұзын бойлы, ашаң жүзді екенін және арқасында, сол жақ иығынан сәл төмендеу жерде немесе сол төңіректе қылшық тәрізді шаш шыққан қалы бар екенін де айтқан-ды.

Мұны естіген Дон Кихот атқосшысына:

— Санчо! Бері келші мұнда, балам, шешінуге көмектесші, кемеңгер король болжап білген әлгі рыцарь анық өзім бе екем, соған көз жеткізгім келеді, — деді.

— Апырау, не үшін шешінбексіз? — деп сұрады Доротея.

— Әкеңіз айтқан қалым бар ма екен, соны көргім келеді, — деп жауап қатты Дон Кихот.

— Шешінбей-ақ қоюыңызға болады, — деді Санчо, — арқаңыздың орта тұсында дәл сондай қал барын білем, бұл қайрат-күштің нышаны.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий