Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Соның өзі де жарап жатыр, — деді Доротея. — Дос-жар адамдар ұсақ-түйекке көңіл аудармауға тиіс, қал иықта ма әлде арқада ма — онда тұрған ештеңе жоқ, ең бастысы оның қай жерде болсын әйтеуір бар екендігінде, өйткені тәннің барлық жері бірдей ғой. Сөйтіп, мейірбан әкемнің айтқаны айдай келді, оның өсиетіне сәйкес сеньор Дон Кихоттан көмек сұрадым, ал бұл кісі шынымен-ақ тап сол әкем айтқан адамның нақ өзі, өйткені бет-әлпеті Испанияны ғана емес, бүкіл Ламанчаны шарлап кеткен аңыз-әңгімеде айтылатын кейіппен айна-қатесіз ұқсас: себебі Осунада кемеден түсіп үлгермей жатып-ақ оның сансыз көп ерлігі жайындағы хабарды құлағым шалған болатын, сол арада бұл тап сол өзім іздестіріп жүрген адам екенін жүрегім сезе қойды.

— Апырай, Осунада кемеден қалай түсіп жүрсіз, ол жер теңіз айлағы емес еді ғой? — деп таңырқанды Дон Кихот.

Алайда, Доротея әлдене деп жауап қатып үлгергенше священник сөз алып:

— Сеньора принцесса, шамасы, Малагада кемеден түскеннен кейін өзіңіз жайындағы әңгімені тұңғыш рет Осунада естідім дегенді айтқысы келді-ау деймін, — деді.

— Иә, иә, соны айтайын дегем, — деп қоштады оны Доротея.

— Міне, осылай десеңіз бәрі түсінікті болады, әңгімеңізді жалғастыра беріңіз, мәртебелім, — деді священник.

— Жалғастырғанда айтарым біреу ғана, — деді Доротея. — Сөйтіп, ақыры жолым оңғарылып, сеньор Дон Кихотты іздеп таптым ғой, сондықтан қазірдің өзінде-ақ өзімді бүкіл корольдігімнің королевасы және әміршісі санауыма әбден болады, өйткені оның кеңпейілдік әрі кішіпейілдік көрсеткені сонша, көмектесуге және өзім қайда бастап апарсам сонда баруға уәде берді, ал мен оны тура бастап Қыликөз Пандафиландқа алып бармақпын, ол соны өлтіріп, Пандафиланд өзімнен жауыздықпен тартып алғанды түгел қайтып әперуге тиіс. Және мұның бәрі қолмен қойғандай боп іске асуы керек, өйткені мейірбан әкем Данагөй Тинакрий осылай болжап кеткен болатын; бұған қоса ол әлде халдей, әлде грек әріптерімен бе — соны ақыры ажырата алмадым — мынадай бір тілегін жазып қалдырған-ды: егер әлгі болжам етілген рыцарь дәудің басын шапқан соң менімен некеге тұруға тілек білдірсе, онда мен сол бойда және ешқандай сөзге келместен оның заңды жұбайына айналып, өз корольдігімнің де, сондай-ақ өз басымның да ырық-билігін соның қолына тапсыруға тиіс екенмін.

— Бұған қалай қарайсың, достым Санчо? — деді сол арада Дон Кихот атқосшысына. — Дүние не боп барады өзі? Саған не деп едім мен? Міне, қазірдің өзінде бізде корольдік те, королева да бар — биліктің тұтқасын осы қазір қолыңа алуыңа және үйленуіңе болады.

— Ант етейін, бұл өзі шындыққа әбден ұқсас әңгіме, — деп айқайлап жіберді Санчо, — ал бұдан кейін иттен туған тексіз біреу болмаса қандай адам Ебедейсізепсіз мырзаның мойнын бұрап жұлып алмас екен және үйленбес екен! Ал, королева болса, ой-й, несін айтасың!.. Осындай бүргелер менің төсегімнен де табылса ғой, шіркін.

Осыны айтып ол бойын кернеген шаттығын қайда сыйғызарын білмей секіріп-секіріп түсті, сосын Доротеяның қашырын сулығынан алып тоқтатып, қарсы алдына тізесінен құлай кетті де, оны өз королевасы және әміршісі деп танитындығының белгісі ретінде қолынан сүюге рұқсат сұрады. Қожайынның есерсоқтығы мен қызметшінің ашық ауыздығына күлмейтін адам табылар ма екен, сірә? Сол жерде Доротея оған қолын сүйгізді де, көктегі құдірет қайырымдылық жасап, корольдігіне қайта ие болып, билік жүргізуге кіріскен кезінде оны ірі мансап иесіне айналдыруға уәде етті. Аса қатты қуанған Санчо алғыс сезімін соншалықты сиықсыз сөздермен білдіре бастағандықтан, өңгелері оған тағы да мәз боп күлді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий