Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Бұдан асқан жомарттық та бола қоймас, — деп қарсылық білдірді Дон Кихот. — Дульсинеяның саған әлденендей бір алтын бұйымды сыйламаған себебі ондай нәрсе, шамасы, оңайда бола қоймаған ғой, алайда сый-сыяпат тек мереке күндері ғана көңіл марқайтпайды, онымен жүздесермін, сосын бәрін орнына келтірермін. Бірақ, өзімді әсіресе таңғалдырып тұрған не екенін білесің бе, Санчо? Маған сен әрі қарай да, бері қарай да әуемен ұшып барып келген секілді көрінесің: Тобосоға баруға және қайтып оралуға бар болғаны үш тәуліктен сәл ғана астам уақыт жібердің, ал осы арадан Тобосоға дейінгі аралық отыз мильден асады ғой. Осыған қарап, өзімді қанатының астына алған және өзіме достық пейілдегі әлдебір данагөй сиқыршы, — ал ондай менде, әрине, бар және болмауы да мүмкін емес, әйтпесе айтулы кезбе рыцарьға айналмас едім ғой, — міне, осы сиқыршы саған байқаусыз түрде қолғабыс етіп отырған-ау деген қорытынды жасадым: өйткені, осындай сиқыршылар кейде кереуетінде ұйқы соғып жатқан рыцарьды көтеріп ала жөнеледі, сөйтіп әлгі рыцарь ертеңіне қалай, неге және неліктен бұлай болғанын өзі де білместен, ұйқтап жатқан жерінен мың миль жырақтан бір-ақ оянады. Сиқыршылар болмаса, бастарына қатер төнген шақта кезбе рыцарьлар бір-біріне қол ұшын да бере алмас еді — ал, бұл олардың тұрақты шұғылданатын шаруасы ғой. Кейде былай да болады: әлдебір рыцарь Армения тауларында андриакпен, қатыгез құбыжықпен немесе басқа бір рыцарьмен шайқасып жатады, — кенет, айқастан әбден әлі бітіп, жан алқымға тіреліп тұрған шағында, қайдан тап болғаны белгісіз, бұлтқа мінген немесе от-жалынға оранған күймеге мінген рыцарь ұшып келеді: бұл — содан сәл ғана бұрын Англияда жүрген оның досы болатын; ол келеді де, айқасқа қойып кетеді, сөйтіп досын ажалдан арашалап қалады, сонсоң кешкісін сол рыцарь өз үйінде асқан зор тәбетпен кешкі асын ішіп отырады, ал оның үйіне шейін, бәлкім, екі мың, әлде тіпті үш мың миль бар шығар. Осының бәрін рыцарьлар атақты сайыскерлерге қамқорлық көрсететін кемеңгер сиқыршылардың өнері мен даналығы арқасында ғана іске асырып отыр. Сенің соншама аз уақыттың ішінде барып келуіңе иланатын себебім де, міне осында, достым Санчо, өйткені, алдында айтқанымдай, әлдебір данагөй демеуші сені әуеге көтеріп ала жөнелген, ал сен мұны тіпті өзің де байқамай қалғансың.

— Тап солай болғанында еш күмән жоқ, — деді Санчо, — өйткені, Росинант, оллаһи, шын айтам, құдды бір құлағына сынап құйған сыған есегіндей құйғытты дейсің келіп!

— Қайдағы сынапты айтып тұрсың! — деп дауыстап жіберді Дон Кихот. — Сынап емес, тұтас бір қора шайтан, ал бұл арамза найсаптар өздері де өлгенше жөңкіледі, жолында кезіккендерді де оңдырмай жөңкілтеді. Жарайды, бұл әңгімені қоя тұрайық. Ал, енді жүрегімнің әміршісі тезірек жетуге жарлық беріп тұрған шақта, сеніңше, мен не істеуім керек? Өзімді оның бұйрығын орындауға міндеттімін деп білем, солай бола тұрғанымен, бірге келе жатқан ана принцессаға жақсылық жасау жөнінде берген уәдемді орындамауыма тағы болмайды, оның үстіне рыцарьлар қауымының заңы бойынша әуелі уәдемді орындауға тиіспін, жан рақатын сосын ғана ойластыруым керек. Бір жағынан, аяшыммен жүздесуге деген ынтызарлық есіл-дертімді алып, діңкемді құртып барады; екінші жағынан, берілген уәде мен осы қарекет әкелетін абырой-атақ еліктіріп, еркімнен айырып тұр. Бірақ, енді былай деп шештім: шапшаңырақ қозғалып, әлгі дәуге мүмкін болғанынша тезірек жетпекпін, барған соң оның басын шауып түсірем де, елінің билігін принцессаның қолына табыс етем, одан соң, кірпік қағым кідірместен, жаныма жарық нұрын сеуіп тұрған аяшыма қарай жүйткітем, сөйтіп оған кешіккеніме ренжімейтіндей дәлелді себептерді алға тартам, — сонда ол осының бәрі өз абырой-даңқын арттыру мақсатына қызмет ететініне иланады, өйткені қарудың күшімен қол жеткізген, қол жеткізіп жүрген және бұл дүниеде қашан да болсын қол жеткізетіндерімнің бәрі оның маған деген ілтипаты мен өзімнің оған деген адалдығымнан туындап жатыр ғой.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий