Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Тілеуіңіз болғыр-ай, басыңызды қалай ғана жөндеуге болар екен осы сіздің! — деп дауыстап жіберді Санчо. — Апырай, не деп тұрсыз өзіңіз: сонша жерге саяхат жасағаннан кейін анандай дәулетті де әулетті қалыңдықтан құр алақан қалайын деп отырсыз ба сонда? Жасауына тұтас бір корольдікті бергелі отыр ғой, ал оның көлемі, — шын сөзім, өз құлағыммен естідім, — айналдыра өлшегенде жиырма мың мильден астам екен, олай болса оның Португалия мен Кастилияны қосып есептегендегіден де үлкен болғаны ғой әрі ол өзі адамның тіршілік етуіне не қажеттің бәріне лықа толы көрінеді. Құдай үшін маған қарсыласа көрмеңіз, — одан да әлгі сөзіңіз үшін арланыңыз және айтқан тілімді алыңыз: шамыңызға тигелі отырғам жоқ, священнигі бар алғаш кездескен елді мекенде некеге тұрыңыз, болмаса біздің лиценциаттың өзі-ақ сізге көмектесе алады, — некеңізді ол қатырып тұрып қиып береді. Бұған қоса менің жасымда ақыл айтуға болатынын және бұл ақылдың әбден орынды екенін ескеріңіз, сондай-ақ алыстан арбалағанша, жақыннан дорбалаған артық екенін ұмытпаңыз, — өйткені, қанағат қарын тойғызады деген бар, қанағатын ұмытқан адамның қасіретке ұрынуы да қиын емес, ал қасірет басыңды шалса одан құтылуың қиын, бір айналдырғанды шыр айналдырады демей ме.

— Бері қара, Санчо, — деді Дон Кихот, — үйлену жайында кеңес бергенде сен тек бір ғана мақсатты — дәуді өлтірген бойда-ақ король атанатынымды, сөйтіп жақсылықты басыңа үйіп-төгіп, уәде еткенімнің бәрін орындауым оңайға түсетінін көздеп отырсаң, онда саған айтарым: тіпті үйленбеген жағдайда да тілегіңді орындаудың маған түк қиындығы жоқ! Өйткені, жеңіп шықсам тіпті үйленбеген күнде де корольдіктің бір бөлігі өзіме берілетіні, кейін оны кімге қаласам соған тарту етуіме болатыны жөнінде айқасқа кірмес бұрын алдын-ала келісіп қоям. Сосын ол өз иелігіме өткенде оны саған бермегенде кімге береді дейсің?

— Бұл онсыз да түсінікті ғой, — деп жауап қатты Санчо, — бірақ байқаңыз, тақсыр, теңізге жақындау жерді таңдаңыз, ол ара өзіме онша ұнамайтындай жағдайда, қара вассалдарымды кемеге тиеуге мүмкіндік болатын болсын, соңынан оларды өзім жоспарлап қойған мақсатқа жарата жатам ғой. Сондықтан, тақсыр, мейірбан ханымым Дульсинеяға дәл қазір жолығам дегенді біржола естен шығарыңыз да, дәуді өлтіруге аттаныңыз, одан соң екеуіміз жаңағы шаруаны дөңгелентіп тастаймыз ғой, — құдай атымен ант етейін, меніңше, бұл біз үшін әрі барынша құрметті, әрі барынша пайдалы іс болмақ.

— Еш нәрсе жайында қам жеме деп тұрмын ғой саған, Санчо, — деді Дон Кихот, — әлгі айтқан ақылың бойынша әуелі принцессамен бірге аттанам да, Дульсинеяға содан кейін ғана жолығам. Бірақ, есіңде болсын: екеуіміз жасаған шешім мен ұйғарым жайында жан баласына білдірме, тіпті серіктерімізге де ештеңе айтпа, себебі егер Дульсинеяның өзі асыл арманын әлдекімге жария қылудан тартынып отырса, онда мен үшін де, сондай-ақ басқа біреу үшін де, оны жайып салу үлкен әдепсіздік болмақ.

— Ондай жағдайда, — деп құлаққағыс етті Санчо, — білегіңіздің күшімен тізе бүктірген бейбақтарыңыздың бәрін мейірбан ханымым Дульсинеяға аттандыратыныңыз қалай? Бұның өзі, шынтуайтында, оны сүйетіндігіңізді, нақ сүйеріңіз екенін паш ету боп шықпай ма? Егер оның алдына баратындардың түгел тізесіне жығылуы және сіздің жібергеніңізді, ханымның өзіне не қылса да ықтиярлы екенін жария етуі соншалықты қажет рәсім болса, онда бұдан соң асыл армандарыңыз құпияда қала ала ма?

— Өй, милау, өй, барып тұрған кеще! — деп дауыстап жіберді Дон Кихот. — Осының бәрі оның абырой-атағын асқақтатуға сеп болатынын қалай ғана түсінбейсің, Санчо? Сен біліп қойғын, ханымға бір емес, бір топ кезбе рыцарьдың қызмет етуі, күллі ізгі ниеттері үшін ешқандай қарымта күтпей, тек ханымның қадір тұтар рыцарьлары қатарына қабылдауға бейіл білдіруін ғана қанағат етіп, тек осындай жанның бұл дүниеде бар екені үшін ғана қызмет етуді мұрат тұтуы — біздің, рыцарьлар қауымының, ұғым-түсінігі бойынша ханым үшін асқан зор құрмет боп табылады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий