Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Андрес нан мен сүтсірнені қақшып алды да, басқа ешкім өзіне ештеңе бермейтінін көрген соң, мойны салбырап аяңмен ақырын ұзай берді. Дегенмен, қоштасарда ол Дон Кихотқа мынадай нәрсені айтты:

— Құдай ақына, сеньор кезбе рыцарь, егер күндердің күнінде менімен тағы кездесетін болсаңыз, пәршалап сойып жатса да қорғаушы болмаңыз, бәледен құтқаруға, аман алып қалуға тырыспаңыз, өйткені қамқорлығыңыз мені одан да зор бәлеге тап қылады: құдайдың қарғысы атсын сізді, өзіңізбен қоса, бұрынды-соңды жарық дүниеге келген күллі кезбе рыцарь атаулының бәрін де қарғыс атсын!

Дон Кихот оның сазайын тартқызғалы орнынан тұрмаққа талпынып еді, бірақ Андрестің өкшесі өкшесіне тимей зыта жөнелгені сонша, соңына түсуге ешкімнің зауқы соқпады. Андрестің әңгімесі Дон Кихотты өте ыңғайсыз жағдайда қалдырды, күліп жіберіп, оны одан бетер жер қылмас үшін жанында отырғандардың өздерін барынша ұстап бағуларына тура келді.

ХХХІІ тарау

Бұл тарауда Дон Кихот пен нөкерлерінің бекетте бастан кешкендері жайында баяндалады

“Сен же, мен же”, “ас та төк” тамақтарын түгескен бойда олар сәйгүліктеріне ер салды да, атап айтуға тұрарлық әлденендей бір шытырман оқиғаға ілікпестен ертеңіне аман-есен жолаушы бекетіне — атқосшымыз азар да безер болатын орынға келіп жетті, тайып тұрмақ боп қанша талпынғанымен ол да ішке енуге мәжбүр болды. Дон Кихот пен Санчоны көрген бекетші, оның әйелі, олардың қызы және Мариторнес төртеуі бұларды шат көңілмен алдарынан шығып қарсы алды, ал маңғаз да тәкаппар түрге енген Дон Кихот болса, өткен жолғыдан тәуірірек төсек әзірлеуге әмір етті; бекет ұстаушының әйелі бұған жауап ретінде: егер өткен жолғыдан гөрі тәуірірек төлесе оған ақсүйектер жататын құс төсек салып беретінін айтты. Дон Кихот уәде еткен соң оған сол баяғы шоланнан лайықты төсек-орын әзірленді де, ол сол бойда жатып қалды, өйткені тұла бойы мең-зең боп берекесі қашып тұрған-ды.

Ол есікті іштен кілттеп алған бойда, бекетшінің зайыбы әй-шай жоқ шаштараздың сақалына жармаса кетіп:

— Олда-білдә шыным, енді менің құйрығымнан сақал тақпайтын боласыз, оны тап осы қазір қайтарып бересіз: өйткені, күйеуімнің керек-жарағы әр жерде шашылып жатыр, не деген масқара, — яғни, мен оның тарағын айтып тұрмын, оны бұрын әрдайым мына әп-әдемі құйрығыма қадап қоятынмын! — деп айқайды салды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий