Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

— «Тақсыр», «қазірет», «құп!» — деседі.

Ызбарланып қазірет отыр. Бетіне қарағанда: «Қытай жұртының құдайы ма бұл?»—деп ойлайсың. Қуанай қазіретті білмейтін Орал облысында бала жоқ. Қуанай қазіретті Үпідегі, Қазандағы ноғай-башқұрттың мүфтилері де біледі. Мүфти де Қуанайды сыйлайды. Қуанай «әулие»... Міне, қазірет жайылып Қалел Досмұқамбетұлының үйінде отыр. Қазірет босқа сөз сөйлемейді. Қазіреттің әрбір сөйлеген сөзі ем. Қазірет ызбарланып, айнала қарап қояды. Үкімет мүшелері, молдадан қорыққан балаларға ұқсап, сызылып отыр. Қазіретке қарап аңшының иттеріндей қайпақтайды. Үкімет бастығы Жанша отыр. Киімдері әдемі, орысша, әскери, жапонның жандаралы тәрізді.

Жанша қараған кісінің көзіне толарлық. Парсы жұртының, Қызылбастың әскер бастығы Рзахан тәрізді. Жаншаға қараған көз тоярлық, Жанша—алашорданың бастығы. Жанша — «қазақтың ханы»... Бірақ Жанша жалаңбас, шашы өсіңкіреген. Жаншаның басында көк сауытты дулыға жоқ. Не маңдайына асыл тастар орнатқан, тастары құлпырып неше түрлі от шашқан қарқаралы тәжі жоқ. Тым болмаса қарқаралы бөркі жоқ. Жанша жалаңбас — кемшілік сол.

Бір мезгілде ол кемшілікті өзі сезгендей Жанша бір қолымен шашын сипады. Сүзіліп қарап отырған қазіреттің ызғарлы бетінің бір тамыры жыбыр етті. Сол жақ көзінің алды қалт етті. Томағасын жұлып алған бүркіттей қазірет басын көтеріп алды. Жаншаға көздерін аш бүркіттей қадады. Қазіреттің бет қимылын аңдып отырған үйдегілер селк етті. Бәрі де Жанша мен қазіретке қарап тына қалды.

Қазірет:

— Тәйт!.. Бөркіңді неге кимейсің?!.. Қарашы, шашын жалбыратып отырғанын!.. Сендерді біз «қалипаның» орнында дейміз!.. Әр намаздың соңынан бата қыламыз!.. Сендер бүйтесіңдер... Киіп отыр бөркіңді! — деді.

Отырғандар састы. Ептеп, қалбалақтап шайып-жуды.

Қазірет кейіп: «Намазға да салақ деп есітемін», — деді.

«Тақсырлап» отырып, қазіретті жадыратты. Сонсоң Қалел:

— Тақсыр, қызметтен уақытымыз аз болады. Істен қолымыз босамайды. Біз жұма күні ғана мешітке барайық, бізге намазды жай күндерде үйде оқуға рұқсат қылыңыз! — деді. Ақырында, қазірет алашорда үкіметіне жұма күнінен басқа күнде намазды үйде оқуға рұқсат қылды. — Бірақ жұма намазынан қалмаңдар! — деді.

— Құп, тақсыр! — деді.

Міне, сурет!.. Бұл жалғыз Орал облысында болған жоқ, бұл барлық Қазақстанда болған жалпы сурет.

Жуан болыстар мен «кәдірлі» молдаларды «Алашорда» өзіне күш қылды. Жиылыстарына бұларды әдейі арнап шақырды. Бұлардан ылғи «бата» алып отырды.

Енді өзіміздің әңгімеге келейік — Ақмола комитетіне келейік.

АҚМОЛАДА

Комитет ісі, жоғарғы айтқандай, бір қалыпта жүріп жатты. Жұрт басы ауырса да комитетке келетін болды. Қазақ комитетін ғана біледі. Сот та, милиция да — бәрі де комитет. Күндіз-түні топыр. Комитет қазандай қайнап жатты. Бірақ жоғарғы үкіметтен ешбір жоба жоқ. Ешбір нұсқа жоқ. Комитет қазандай қайнайды. Бірақ әкімшілік күші жоқ. Орыстардың комитетінде тіпті іс жоқ. Аты бар, ісі жоқ.

Ақмоланың әкімшілігі Керенскийдің комиссары прапорщик Петровтың қолында. Бірақ оның да күші жоқ. О да ештеңе істей алмайды. Бұл жалғыз Ақмолада емес. Керенский заманында барлық жерде-ақ жалпы солай болған. Жалпы қозғалған халықты Керенскийдің әкімшілігі тоқтата алар ма?.. Неше заманнан бері шеңгелдеп басқан қалың мұзды талқан қылып тасыған дарияны милиция мен сот тоқтата алар ма?

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий