Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Работа, возродившая дух нации «Просыпайся вставай!» «Проснись, Общество!». Этот авторский труд является результатом многих лет творческой работы, исследований и поисков.

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– ...Бір күні ол маған сабақ үйретіп отырып, кенет сөзін үзіп, үндеместен, менің тіземе қарап сазарып отырды да қалды. Мен не болғанын аңғармай, алды-артыма қараймын. Аң-таңмын. Сөйтсем, шалбарымның жыртығынан тізем жылтырап көрініп тұр екен. Кіруге тесік таппадым. Қара жер қақ айырылса, күмп беріп түсіп кетер едім... Бұл бір жай. Кейін әкем каторгаға айдалып кеткеннен соң, Мерке мектебіне түсіп оқыдым. Бір күні тақта алдында тұрғанымда Атамырза Айбаров деген бір байдың баласы менің шынтағымның жыртығын көрсетіп, бүкіл сыныпты басына көтере күліп еді. Ол кезде интернат маған әлі киім бермеген кез. Жиырма бес баланың алдында тағы бір қызардым. Сонда мен өзіме ант бердім: шамам жетсе, аш жүрсем де, бүтін киім, таза киім киіп өтемін дедім. Сіз, Палий мырза, менің мына костюмім су жаңа деп ойлайсыз ба? Мен мұны 1916 жылы көктемде Ташкентте оқып жүріп, бос уақытымда өзбек байына бағбан болып жалданып, соның ақшасына сатып алып едім. Осы костюммен Мерке түрмесінде де отырдым. Киім де күтім тілейді, күте білсең қыры сынбайды. Ал қыры сынбаған киім ішінде адам өзін еркін сезінеді. Қанағаттандыңыз ба менің жауабыма?

Тұрар Палийге енді найзағайдай шаншыла қарады.

– Босатсын залды!

– Тайып тұрсын енді! – деген дауыстар Палийді дойыр қамшыдай осып-осып жіберді.

Хмелевский орнынан тұрып, сыпайы ғана:

– Солшыл эсер Палий мырза, залды босатыңыз, – деді.

Сиыр жалаған бұзау жүніндей шашы бұрынғыдан бетер жылмиып, иығы түсіп жүнжіген Палий жиналыстан кетуге мәжбүр болды. Кетіп бара жатып та тиісуін тыймады.

– Жарайды Рысқұлов, мені бұл жерден қудырғанмен, Совдептің мәжілісінен қудыра алмассыз, – деп алдағы айқастарды да айқындай кетті.

Палий совдептің мүшесі екені рас. Совдепке солшыл эсерлер фракциясынан сайланған.

Жиналыс ағасы тізгінді қолға алып:

– Тағы да сұрақтарыңыз бар ма? – деді залға қарап. – Уақыт оздырмайық, жолдастар.

Алдыңғы қатардан кепкесін қолына екі бүктеген мосқал жұмысшы көтеріліп, дәу жұдырығын аузына апарып бір жөткірініп алды.

– Рысқұлов жолдас, үйленгенсіз бе? Отбасыңыз бар ма? – деп тұтыға тұрып сұрақ қойды.

Бұл сұраққа «жоқ» деп бір-ақ сөзбен жауап беруге болар еді. Тұрар солай деді де. Бірақ сол сөзбен бірге құлағына ызыңдап баяғы бір Огинский «Полонезі» тағы келді. Алматының қысқы кеші, Ташкент көшесіндегі көк түрме, түрмеге жапсарлас Приходько үйі. Наташаның бөлмесі: қара рояль, сүйрік қана ақ саусақтар. Қыз музыка толқынына батып кетіп, қара судың бетінде сары жібек шашы жайылып жатқандай болады. Музыка тыңдап отырған Тұрар сол шаштан ақырын ғана, абайлап қана сипатысы келетін. Бірақ қолы тисе, сол алау шаш лап ете қалатындай көрінетін. Соңғы аккорд соғылғанда қыз орындыққа шалқалай кетуші еді. Екі қолы орындықтың екі жақтауында жаны кетіп салаңдап қалатын. Басын шалқайтып жібергенде сары жібек шашы әуеден алтын сауылдап төгілгендей, сусып барып, Тұрардың бетіне тиіп кететін. Беті ду ете түсетін. Қыз жалма-жан басын жұлып алып, Тұрарға қарап, оның беті күреңітіп бал-бұл жанып, танауы делдиіп кеткенін керіп:

– Ұнады ма саған, Турик? – деп еді үні күміс қоңыраушадай ғана нәзік сыңғырлап.

– Ұнағанда қандай! – деп бала ентіге, ынтыға жауап қататын.

– Кел, ендеше, енді сенің әуеніңді салайық, бері, қатар отыр, – дер еді Наташа. Содан соң сөзі жоқ бірақ көкірегінде саңлауы бар адамға айтары көп мұңды музыка тар бөлменің ішін кернеп, тордағы құс сияқты, егер тордан босанса, алысқа-алысқа, зәңгір көкке ұшардай бұлқынып-бұлқынып, асып-төгіліп, шалқып-тасып, дүн-дүниені топан су қаптардай болатын. Бұл – «Елім-ай» әуені еді.

Осы тұрысында Тұрар атақты музыкантқа ұқсайтын.

– Жолдастар, біз партия қатарына мүше қабылдап отырмыз. Саяси-мәнді сұрақтар қойылғаны жөн, – деп қалды Хмелевский. – Тағы да сұрақ болар, сірә? – Зал үндей қоймады. Сонда Хмелевский мұртын тағы бір ширатып:

– Тұрар жолдас, Мерке түрмесінен былтыр сіз қандай жағдайда құтылдыңыз? – деді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий