Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Работа, возродившая дух нации «Просыпайся вставай!» «Проснись, Общество!». Этот авторский труд является результатом многих лет творческой работы, исследований и поисков.

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бөлменің орта тұсынан жап-жас жігіт тік көтеріліп, ешқайда қарамастан, президиум үстелінің алдына барып, бетін залға бұрып, қалт тұрып қалды. Бір сәтке бөлме ішінде сілтідей тыныштық орнады. Қаншама көз тек Тұрарға қадалып қалған. Орта бойлы, кең кеуделі, қап-қара қою шашы кері қайырылса да қасарыса тікірейіңкіреп тұрған, жазық маңдай, шекелігі шығыңқы, мұрны қоңқақтау ер бітімді жігіттің бір нәзік жері – еріндері сияқты еді. Еріндері ерекше үлбіректеу, шие қызыл екен. Сол сүйкімді еріндер иірімдене бітеді екен де, болар-болмас шұңқыр белгі білінеді екен. Сол ерні ғана жұмсақ, әлжуаз, әйтпесе, иегі мен шықшыты, бет бітімі қату: сары жиек дөңгелек көзілдіріктің ар жағынан аялы көздер аспай-саспай, тайғанамай, тура қарайды.

Үлкен сынның үстінде тұрған осыншама сабырлы жас адамның киім киісі де мұндағылардан көп ерекше. Отырғандардың көбісі әскери киімді, біразы ескі гимнастеркалармен, көнетоз пиджактерімен отырғанда, мына жігіттің киімі ине-жіптен жаңа шыққандай: шевиот қара костюм, аппақ бәтес көйлек, қара барқыт галстук, аяғындағы туфлиге дейін жалтырап тұр. Бірақ осыншама сыпайы кербез киінгені өзіне қазір мін болып жабысар деп кім ойлаған. Залдан біреу қол көтерді.

– Менде сұрақ бар!

Жұрттың бәрі енді жаппай Тұрардан бұрылып, әлгі дауыс шыққан жаққа қарады. Шашын жылмитып артына қайырған қисық жағалы, омырауы кестелі көйлек киіп, белін шашақты белбеумен буған, мейіздей қатқан сары екен.

– Қойыңыз сұрағыңыз болса, – деді жиналыс ағасы.

– Жолдас Рысқұлов, сіз неге біздің қаланың бастығы Мотяшев мырза сияқты киінесіз? Ал Мотяшев болса городская голова, нағыз монархист. Патша құлағалы, міне, құдайға шүкір, алты ай болды, ал Мотяшев мырза әлі сізше киінеді. Дәлірек айтқанда, сіз Мотяшевше киінесіз. Пролетарлық ынтымақ қайда?

Бөлме іші кенет ұясы бұзылған арадай гуілдеп кетті. Жиналыс ағасы трафинді сыңғырлатып та, айқайлап та көрді. Шу әрең басылды.

– Мұндай сұраққа жауап бермеуіңе болады, Рысқұлов! – деп айқайлады әлдекім.

– Жоқ, жолдастар, рұқсат болса, мен жауап берейін, – деді күтпеген жерден жас жігіт.

– Мен жауап берейін. Өйткені солшыл эсер Палий мырза біздің жиналысымызға заңсыз қатысып отырғанымен қоймай, большевиктерге әлдеқандай кінә таққысы да келетін көрінеді...

Отырғандар тағы толқып ала жөнелді.

– Бұл не деген жүгенсіздік!

– Төраға жолдас, солшыл эсер неге большевиктер жиналысына қатысады?

Тұрар саңқ етіп, дауысын көтере шығарып, абыр-дабырды тоқтатты.

– Жолдастар, қойылатын сұрақ қойылды. Мен жауабын берейін. Онан соң солшыл эсерді жиналыста қалдыру-қалдырмау – өз еріктеріңіз. Сонымен, киім туралы. Мен бала кезімде Верный түрмесінің бастығы Приходько мырзаның малайы болдым. Приходько мырзаның гимназистка қызы маған бір мезгіл әліппе үйретуші еді...

Шашыратқы гүліндей көкшіл көзді, аппақ әсем қыз буалдыр арасынан, бұлттардың тасасынан шыға келгендей кенет Тұрардың алдына әлжуаз ғана күлімсіреп тұра қалды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий